Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор_сеть.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.71 Кб
Скачать

23. Cidr. Супер желілер құру.Классыз үлгілерді пайдалану мысалы.

Қолдануға болатын адрестік кеңістіктің тиімділігін арттырудың қажеттігі IP адрестеудің жаңа классыз домен аралық бағыттауыш үрдісін CIDR (Classless Inter-Domain Routing) құруға жағдай жасады. CIDR үлгісінде жазуды ыңғайлы ету үшін IP адресті a.b.c.d./n, түрінде көрсетеді, мұндағы a.b.c.d - IP адрес; n – желілік бөліктегі биттер саны. Мысал. IP адрес 137.158.128.0/17 берілген, яғни, бағыныңқы желі маскасындағы 17 бірлік (желі идентификаторы), 15 0-дер (түйін идентификаторы) және ол 255.255.128.0.-ге тең.

CIDR (Classless Inter-Domain Routing) классыз үлгісі - IP-адрес кеңiстiгiмен кластық үлгілеудің қатты әдістерін қолданбай икемдi басқаруға мүмкiндiк беретiн IP-адрестеу әдiсі.

Супер желілерді құру. Кез келген желіні құру бірнеше кезең тұрады.

  1. Желі мен ақпараттық жүйелерді жобалау. Бұл кезеңде желінің логикалық схемасын есепке ала отырып технологиялық-программалық жабдықтарды қамтамасыз етіп және жалпы құрылымын жобалау жүзеге асырылады.

  2. Желілік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Жобаның іске асу барысында әлемдік өндірушілердің Cisco Systems, Planet Technology, D-Link, ZyXEL, 3COM, AVAYA, SUN Microsystems, Arbyte жабдықтарын қолдануға болады.

  3. Кабелдiк жүйелер және жабдықтарды құрастыру. Кабелдiк жүйелердiң монтажы бойынша компъютер желiсiнiң қосуы, телефония және автоматизация жүйесін жасау осы кезеңде жүзеге асады.

  4. Белсендi жабдықтықтарды күйге келтiру. Кез келген желi өз жұмысын дұрыс атқаруы үшін коммутаторлардың кескiнiн, маршрутизатордың кескінін, компьютерлердiң күйге келтiрілуін және IP адрес пен DNS-тің орнатуларын дұрыс куйге келтіру қажет.

  5. Желiлердiң диагностикасы және кемшiлiктердi жою. Ақпараттық жүйенi тексеру ақаулықтардың iздестiруi және сiздiң жергiлiктi немесе ғаламдық желiнiң топологиясының ықшамдалуы, маршрутизаторлар және коммутаторлардың, компьютерлердiң және серверлiк жабдығыңыздағы күйге келтiрулерi. Айқындалған кемшіліктерді жою жүзеге асады.

  6. Желiлердiң қызмет көрсетуi. Желіні жасау аяқталған соң оның қызмет көрсетілуі тексеріледі.

  7. Желiлердiң қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз ету. Бұл кезеңде вирусқа қарсы программалық қамтамасыз етулердi орнатып күйге келтiредi.

24. Маскаларды есептеу қалай іске асырылады. Стандартты маршруттарды таңдау.

25. Статикалық маршрутизацияның ерекшеліктері.

Анықтама. Бағыттауыш – деректерді адресат түйініне немесе аралық бағыттауышқа жіберу процесі.

Бағыттауыш бағыт кестесіне негізделген, бұл – сегменттердің IP адрестері мен бағыттауыш интерфейстерінің IP адрестері арасындағы сәйкестікті сақтайтын деректер қоры. Қандай да бір түйін арқылы деректер өткенде, бағыттауыш бағыт кестесін тексереді. Егер берілген түйін -адресат (немесе желілік сегмент) кестеде көрсетілмеген болса, онда деректер бірден көмейге жөнелтіледі. Егер түйін-адресат табылса, деректер адресатқа жіберіледі. Егер түйін – адресат табылмаса, жіберуші түйінге қателік туғандығы туралы хабарлама жіберіледі.

Бағыттауыш процесінің мысалы (5.2 - сурет).

Жұмыс станцасы Жұмыс станцасы

172.16.1.1 172.16.2.18

HWA:14 HWA:7

Бағыттауыш

          1. 172.16.2.50

HWA:18 HWA:23

5.2 – сурет. Қарапайым бағыттауыш

Бағыттауыш кестесінің екі түрі бар: статикалық және динамикалық. Жүйелік администраторлар статикалық бағыттауыш кестесін қолдан құрып және жаңартып отырулары керек, себебі кестелер нақты араласусыз өзгермейді. Динамикалық бағыттауыш кестелері бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде құрылып, қолдап отырылады.

Статикалық бағыттауыш

Статикалық бағыттауыш – IP-дің ішкі функциясы, жұмыс істеу үшін қосымша қызметтерді талап етпейді. Статикалық бағыттауыш кестесі әрбір бағыттауышта қолдан құрылады және қолдап отырылады. Статикалық бағыттауыш кестесі желілер мен көмейлер интерфейстері немесе бағыттауыштар арасындағы байланыстарды анықтайды. Статикалық бағыттауыш кестесі келесі бағандардан тұрады:

  • Желі адресі. Оның жергілікті адресі (0.0.0.0) мен кең тарататын адресін (255.255.255.255) қосқанда, әрбір белгілі желінің адресі.

  • Желі маскасы. Әрбір желі үшін қолданылатын бағыныңқы желінің маскасы.

  • Көмей адресі. Әрбір желі үшін енуші нүктенің IP –адресі (бағыттауыш интерфейсі).

  • Интерфейс. Желілік интерфейске тағайындалған IP.

  • Метрика. Желіге жету үшін қайталап орындалған трансляциялар саны. әрекеттесе алады.

Route бұйрығы статикалық бағыттауыш кестесін құруға және модификациялауға арналған ТСР/IP-дің утилитасы. Бұл бұйрықтың синтаксисі (жазылуы):

Route [-f] [-p] [бұйрық] [адресат] [маска] [көмей] [метрика]]

Параметрлерінің мәні төмендегідей:

  • -f – көмейлерге арналған барлық жазбаларды жою. Егер бұл параметр басқалармен қабаттас қолданылса, онда алдымен көмейлерге арналған жазбаларды жою орындалады;

  • -p – тұрақты жазбаларды қосу (add бұйрығының көмегімен). Жүйе қайта жүктелген кезде, қосылған жазбалар сақталмайды. Барлық тұрақты жолдар print бұйрығының көмегімен экранға шығарылады.

  • бұйрық – келесі төрт бұйрықтың біреуі болуы мүмкін: print (жолдар тізімдерін шығару), add (жолды қосу), delete (жолды жою), change (бар жолды өзгерту);

  • адресат – көрсетілген бұйрық жіберілетін компьютер;

  • маска – көрсетілген жолдың бағыныңқы желісінің маскасын анықтайды. Бастапқы мәні 255.255.255.255;

  • көмей – көрсетілген жол үшін көмейді анықтайды;

  • метрика – бағыттауыш кестесіндегі метрика өрісіне берілген мәнді орнату. 1 ден 9999-ға дейінгі кез-келген мән берілуі мүмкін.

Tracert бұйрығы – бағыттауышты тексеретін және пакеттердің жүру уақытын өлшейтін, командалық жолдан қолданылатын ТСР/IP-дің утилитасы. Бұл бұйрықтың синтаксисі (жазылуы):

tracert [-d] [-h ретрансляция_саны][-j жүйелер тізімі][-w тайм-аут] жүйе_аты

Параметрлерінің мәні төмендегідей:

  • -d – IP-адрестерді жүйе атына көшірмейді;

  • –h –ретрансляция_саны – жүйені іздеу кезіндегі қайталап орындалған трансляциялардың максималды мүмкін саны;

  • –j – жүйелер_тізімі – көрсетілген жүйелер тізімінің ішінен жолды еркін таңдау;

  • -w - тайм_аут – әрбір жауапты көрсетілген миллисекунд күту;

  • жүйе_аты – оған баратын жолды іздеп отырған жүйе аты.

Tracert – жолды тексеруге арналған өте ыңғайлы утилита. Оны жолдардың әрекеттесу жылдамдығын анықтауға да қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]