Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор_сеть.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.71 Кб
Скачать
  1. Қолданбалы деңгей хаттамалары. Arp және rarp хаттамаларының ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, қандай басты командалармен жұмыс істейді.

1. Файлдарды жіберу хаттамасы (File Transfer Protocol - FTP) бір компьютерлік жүйеден екіншісіне файлдарды жіберу алгоритмі болып табылады. ТСР-ді қолданады және қолданушының ID-ін, парольді пайдалана отырып, қосымша қолданушыны аутентификациялауды қамтамасыз етеді. FTP интерактивті қызмет болып саналады, ол алыстағы компьютермен қосылуды орындау, файлдардың көшірмесін алу, беріліс аяқталған соң, байланыс жолдарын жабу сияқты жұмыстарды орындайды. Бұл операцияларды орындау үшін, келесі негізгі бұйрықтар қолданылады:

  • Open (Ашу) – алыстағы компьютермен қосылуды орындау;

  • Get (Алу) – қосылыс орнатылған соң, компьютерден файлды алу;

  • Bye (Жабу) – қосылысты үзу және FTP программасын аяқтау.

FTP – компьютерлер арасында файлдар жіберумен айналысатын ең кең тараған хаттама. Ол мәтіндік және екілік файлдарды жіберуге мүмкіндік береді.

2. Telnet қызметі – Интернеттің алғашқы хаттамаларының бірі. Оны Интернеттің алыстағы хостының терминалы ретінде қолдануға болады. Интернеттің хост-компьютерімен байланыс кезінде, компьютер оның пернетақтасы мен дисплейі алыстағы компьютерге тікелей жалғанғандай жұмыс істейді. Қолданушы жер шарының қарама-қарсы жағында орналасқан компьютердегі программаларды, өзі сол компьютерде отырғандай жеңілдікпен жүктей алады.

3. Электрондық поштаны жіберуші қарапайым хаттама. Бұл хаттама (Simple Mail Transfer Protocol - SMTP) электрондық поштамен алмасу үшін қолданатын клиент/серверлік ТСР хаттамасына негізделген. Сервер алынған хабарламаларды пошта жәшіктеріне салады, ал клиенттер оларды пошталық хаттаманың (Post Office Protocol - POP) немесе электрондық поштаға интерактивті ену хаттамасының (Internet Message Access Protocol – IMAP) көмегімен алады.

ARP (address resolution protocol)– рұқсат етілген адрестер хаттамасы. IP-адрестері бойынша МАС-адрестің қандай екениін анықтайды. Желідегі түйіндерге ARP request арнайы кадр жібереді. Ол кадрда MAC-адресі ізделінетін компьютердің IP-адресі көрсетіледі. ARP жауап қайтарады, онда талап етілген MAC-адрес көрсетіледі, ARP хаттамасының жұмыс нәтижелері жедел жадыдағы арнайы кестеде сақталады, оны ARP cash деп атайды. ARP cash-те келесі ақпарат көрсетіледі

  • IP-адрес

  • MAC-адрес

  • Жазбаның типі: динамикалық, статикалық. Динамикалық жазбалар жауап алынғаннан кейін 2 минуттан кейін жедел жадынан алынып тасталады.

RARP (reverse address resolution protocol) – желілік адептердің MAC-адресі бар қатты дисксіз компьютерлер жұмыс істеп бастағанда өздерінің IP-адрестерін анықтау үшін қолдынылады.

ARP IP адрестер мен сәйкес аппараттық адрестер арасында динамикалық салыстыруды көрсетеді. Динамикалық терминін пайдалану себебіміз, бұл салыстыру автоматты түрде, әдетте, қолданбалы программалар немесе жүйелік администратордан тәуелсіз жүретіндігінде.

RARP, көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдан конфигурациялауға тура келеді.

ARP-нің негізіне қаланған іргелі концепцияның мәні желілік интерфейсте аппараттық деңгейде әсерлесуге қажетті Фреймнің аппараттық адресі барлығы және олардың интерфейске дәл адрестелінуі тиіс екендігі. Бірақ TCP/IP өзінің жеке адрестеу үрдісі 32-биттік IP адрестерді қолданады. Хостың IP адресін білу ядроға ол хостқа дейтграмманы жіберуге мүмкіндік бермейді. Деректерді жіберу үшін Ethernet драйверіне қабылдаушы жақтың аппараттық адресін білу қажет. ARP қызметі әртүрлі желілік технологиялар пайдаланатын аппараттық адрестер мен 32-биттік IP адрестер арасындағы динамикалық сәйкестікті қамтамасыз ету.

ARP жұмысының тиімділігі көбінесе әрбір хоста бар ARP кэшке тәуелді (ARP cache). Кэште Internet адрестер мен оларға сәйкес аппараттық адресатер орналасқан. Әрбір жазбаның кэштегі стандартты өмір сүру уақыты ол жазба құрылғаннан бастап 20 минутқа созылады.

ARP кэштің ішіндегісін arp бұйрығының көмегімен көруге болады.

Arp бұйрығы. Бұйрықтың опциялары:

  • -a, ARP кэштің барлық жазбаларын көрсету.

  • -d, ARP кэштен жазбаны жою.

  • -s, ARP кэшке жазбаны қосу. Бұл опцияны қолданған кезде, хоста атын, Ethernet адресті, хост атына сәйкес IP адресті көрсету керек, содан соң Ethernet адрес кэшке қосылады. Командалық жолда temp кілттік сөзі қолданылмаған жағдайда, мұндай жазба тұрақты жазылады.

ARP хаттамасы TCP/IP –дің барлық орындалуларында қолданылатын негізгі хаттама болып саналады. Көбінесе оның қызметі қолданылған қосымшалар мен жүйелік администратордың қалауынан тәуелсіз. Біз arp бұйрығын кэшті көру үшін немесе модификациялау үшін қолдандық. Кэштегі әрбір жазба аяқталмаған немесе аяқталған жазбаларды жоятын таймерді қолданады. Arp бұйрығы ARP кэшіндегі модификацияланған жазбаларды көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]