Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор_сеть.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.71 Кб
Скачать
  1. Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp хаттамасын пайдалану мысалы. Rfc құжаттары.

ARP адресті анықтау хаттамасы

ARP – рұқсат етілген адрестер хаттамасы. IP-адрестері бойынша МАС-адрестің қандай екениін анықтайды. Желідегі түйіндерге ARP request арнайы кадр жібереді. Ол кадрда MAC-адресі ізделінетін компьютердің IP-адресі көрсетіледі. ARP жауап қайтарады, онда талап етілген MAC-адрес көрсетіледі, ARP хаттамасының жұмыс нәтижелері жедел жадыдағы арнайы кестеде сақталады, оны ARP cash деп атайды. ARP cash-те келесі ақпарат көрсетіледі

  • IP-адрес

  • MAC-адрес

  • Жазбаның типі: динамикалық, статикалық. Динамикалық жазбалар жауап алынғаннан кейін 2 минуттан кейін жедел жадынан алынып тасталады.

ARP IP адрестер мен сәйкес аппараттық адрестер арасында динамикалық салыстыруды көрсетеді. Динамикалық терминін пайдалану себебіміз, бұл салыстыру автоматты түрде, әдетте, қолданбалы программалар немесе жүйелік администратордан тәуелсіз жүретіндігінде.

RARP, көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдан конфигурациялауға тура келеді.

Мысал. Егер % ftp bsdi бұйрығын енгізетін болсақ, келесі іс-әрекеттер тізбегі орындалады:

  1. FTP клиент қосымшасы хост (bsdi) атын 32-биттік IP адреске конверсиялау үшін DNS функциясын шақырады.

  2. FTP клиент көрсетілген IP адреспен TCP қосылысты талап етеді.

  3. TCP көрсетілген IP адреске IP дейтграммаларды жібере отырып, алыс хостан қосылыс орнатуды сұрайды.

  4. Егер қабылдау хосты желіге (Ethernet, Token Ring, немесе арнаның басқа ұшына) қосылған болса, IP дейтграмма тікелей хостқа жіберілуі мүмкін. Егер қабылдау хосты алыстағы желіде орналасса, IP дейтграмманы оған жіберу үшін, IP бағыттауыш келесі берілістегі тікелей қосылған бағыттауыштың Internet адресін анықтайды. Екі жағдайда да IP дейтграмма берілген желіге тікелей қосылған хостқа немесе бағыттауышқа жіберіледі.

  5. Егер Ethernet пайдаланылатын болса, жіберуші хост 32-биттік адресті 48-биттік Ethernet адреске конверсиялауы керек. Басқаша айтқанда, логикалық Internet адресті оған сәйкес физикалық аппараттық адреске түрлендіруді орындауы керек. Мұнымен ARP айналысады. ARP көптеген хостар немесе бағыттауыштар бір желіге қосылған, кең таратылатын желілерде жұмыс істейді.

  6. ARP сұраныс (ARP request) деп аталатын фреймді ARP Ethernet-тегі әрбір хостқа жібереді. Жіберудің мұндай әдісін кең таратылған сұраныс (broadcast) деп атайды. ARP сұраныста қабылдаушы хостың IP адресі (оның аты bsdi) және "егер Сіз осы IP адрестің иесі болсаңыз, Өзіңіздің аппараттық адресіңізді маған хабарлаңыз" хабарламасы бар.

  7. Қабылдаушы хост ARP деңгейінде бұл кең таратылатын сұранысты алып, жіберушінің нақ өзінің IP адресін сұрап отырғанын анықтайды да оған ARP (ARP reply) жауап қатады. Бұл жауапта IP адрес пен сәйкес аппараттық адрес сақталған.

  8. ARP үн қату қабылданады, ARP сұраныс пен ARP жауапты тудырған IP дейтграмманы жіберуге болады.

  9. IP дейтграмма қабылдаушы хостқа жіберіледі.

RFC (request for comments). Интернеттің TCP/IP бекітілген ресми стандарттары RFC құжаттары түрінде жарияланады. Стандарттар ISOC және интернет қауымдастығында дайындалады. ISOC-тің кез келген мүшесі RFC-ге жариялау үшін құжаттарды тексеруге ұсынады. Одан әрі құжат техникалық сарапшылар, дайындаушы топтар және RFC редакторының қарауынан өтеді. Дайындау кезңдері:

  • Алғашқы нұсқа (черновик). Бұл кезеңде құжат пен сарапшылар танысып, өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

  • Ұсынылған стандарт. Құжатқа RFC нөмірі меншіктеледі.

  • Стандарттың қара жобасы. Ұсынылған стандарт бекітілгенін білдіреді. Оған кішігірім өзгертулер енгізіле алады.

  • Интернет стандарты. Стандарттарды бекітудің ең жоғарғы кезеңі. RFC нөмірінен басқа, STD нөмірлеуі бар.

Стандарттардан басқа RFC құжаттары ретінде жаңа желілік концепциялар, идеялар, әдістемелік нұсқаулар белгілі бір зерттеулердің нәтижесінде бола алады. 2007 жылғы август айындағы статистика бойынша RFC құжаттарының саны 5000-нан асқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]