- •Диагностикалық ветеринарлық препараттар.
- •Профилактикалық биологиялық препараттар.
- •Емдік-профилактикалық биологиялық препараттар.
- •8. 9. Диагностикумдар туралы жалпы мәліметтер
- •Ветеринарлық препараттардың мемлекеттік реестрі.
- •Ветеринарлық препараттарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі.
- •15. Ветеринарлық препараттар өндіретін ветеринарлық кәсіпорын қызметін лицензиялау
- •17. 18. Қр мемлекеттік шекарадан импорт кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі.
- •19 Қр мемлекеттік шекарадан транзит кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі
- •Вакциналардың өндірілуіне талаптар.
- •Вакциналардың қолданылуы.
- •Мемлекеттік тіркеуге жататын ветеринарлық препараттардың және азық қоспаларының құжаттарына қойылатын талаптар.
- •23.Қазақстандағы микроорганизм үлгілерінің музейлік архивтер
- •24.Инфекциялық аурулардың терапиясының жалпы принциптері
- •25.Арнайы терапия және қолданылатын препараттары
- •26.Топтық және арнайы емес терапия
- •33. Инфекциялық аурулармен күресудің негізгі жолдары.
- •35. Жұқпалы аурулармен күресу кезінде тиімділіктің індеттік бағасы.
- •36 Індетке қарсы шаралар саласында халықаралық қатынастар.
26.Топтық және арнайы емес терапия
топтық терапия - психологиялық ауруларды «бетпе бет», бірлесе қобалжу мен эмоция арқылы топтық процеспен емдеу тәжірибесі. Бұл үлкен өзін-өзі түсіну мен түзетуге әсер етеді. Терапевттік топтар негізінен лидерге немесе «жеңілдеткішке» ие болады, себебі олардың құрамы мен бағдарламасы мұқият жоспарланған болуы керек және барлық мүшелерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін басқарылуы тиіс. Әдістеме бірқатар теоретикалық тәсілдермен бекітілуі мүмкін, мысалы, психодинамикалық, роджериандық, феминистік.
33. Инфекциялық аурулармен күресудің негізгі жолдары.
Індеттік ошақтағы сауықтыру шаралары.
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.
Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.
Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.
Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.
Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек.
