Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарт рубежка 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.6 Кб
Скачать
  1. Диагностикалық ветеринарлық препараттар.

  2. Профилактикалық биологиялық препараттар.

  3. Емдік-профилактикалық биологиялық препараттар.

1) анатоксин – токсиннен дайындалатын, айқын уытты қасиеттері жоқ, бірақ бұл ретте бастапқы токсинге антидене шығаруды индукциялауға қабілетті медициналық препарат;

      2) бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдай алатын және оны ерітетін бактериялардың вирустары;

      3) вакцина – иммундық жүйе арқылы профилактикалық әсерін тигізетін, инфекциялық аурулардың ерекше профилактикасына арналған медициналық препарат;

      4) вакцинатор – профилактикалық егулерді жүргізетін медицина қызметкері;

      5) дезактивация – қандай да бір беткі қабаттан немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету;

      6) дезинфекциялаушы препараттар (бұдан әрі – дезпрепараттар) – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары;

      7) диагностикалық препараттар (бұдан әрі – ДП) – зерттелетін материалда микроорганизмдерді, антигендерді, антиденелерді, нуклеинді қышқылдарды танып білуге қабілетті препараттар;

      8) иммуноглобулиндер – инфекциялық аурулардың шұғыл профилактикасы және емдеу мақсатында қолданылатын адамның және жануарлардың қан сарысуынан дайындалған медициналық препараттар;

биологиялық препараттар - инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсіру, жануарлар мен өсімдіктер (аллергендер) биологиялық тіндерінен заттарды алу, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгізу, эмбриондардағы тірі агенттерді немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрілік препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), цитокиндер, бактериялық шығу тегі бар иммуномодуляторлар және органдар мен талшықтар негізінде жасалғандар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады;

бастапқы орам - жануарларға арналған дәрілік заттармен тікелей қатынаста болатын орам;

гомеопатикалық дәрілік заттар - өсімдіктен, жануарлардан, минералдан алынатын заттардың өте аз мөлшерін қамтитын, дәстүрлі емес емдеу әдістері кезінде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнайы технология бойынша дайындалған немесе шығарылған бір немесе көп компонентті дәрілік заттар;

диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйін диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдерді, олардың тіршілік ету өнімдерін және басқа да биологиялық объектілерді индикациялау мен бірдейлендіруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;

дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;

балк - дәрілік зат өнімі - түпкі ораудан басқа, дәрілік препаратты дайындаудың технологиялық процесінің барлық сатыларынан өткен мөлшерленген дәрілік зат;

дәрілік заттардың, биологиялық препараттардың, оларды шығару және пайдалану процестерінің қауіпсіздігі - жануарлар өміріне, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігіне байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;

қайталама орау - бастапқы орам салынатын орам;

      дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды қамтитын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи тектес дәрілік шикізат, дәрілік ангро - балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Оның ішінде дератизациялық, паразитке қарсы, дезинфекциялық репелленттер және ауруларды диагностикалау, алдын алу, емдеу мақсатында пайдаланылатын басқа да ветеринарлық заттар;

4. Пробиотиктердің даму тарихы.

Пробиотиктер дегеніміз - тірі микроорганизмдерден және микробты заттардан құралған препарат, ол табиғи жолмен қолдану барысында физиологиялық, биохимиялық және иммундық реакцияларды микробты экологиялық жүйелерді қоздыру арқылы ағзаға пайдалы әсер береді.

Пробиотик термины 1977 жылы Ричардпен Покерман усынды. Олар микроорганизмдОлаи және оның ферментациясын онимин билдиреди, сонымен қатар патогенді микрофлорага карсы антагонисті белсенділігін көрсетті. Ен алғаш бул туралы 1903 жылы Илья Мечников илими бойынша ішектердеги шириткиш бактериялардын оними мен адам организминин улану нәтижесінде адам уакытынан бурын картаяды деген.

5. Пробиотиктердің фармакологиялық қасиеттері және олардың ветеринарияда қолданылуы.

ПРОБИОТИКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

 Ішектің қалыпты микрофлорасының бұзылуы клинико-лабораториялық синдром - дисбактериозға алып келеді, бұндай жағдай әр түрлі аурулардың нәтижесінде, яғни ішектің қалыпты микрофлорасының сандық және сапалық құрамының өзгеруінен, метаболитикалық және иммундық бұзылуынан туындайды. «Ішек дисбактериозын» алдын алу үшін немесе емдеу үшін пробиотик препараттары

Қазіргі уақытта пробиотиктерді жетілдіріп, олардың әсер ету тетігін арттыру үшін оның жан-жақты қасиеттерге ие болуын қамтамасыз ету қажет, яғни патогенді және шартты патогенді жағдай туғанда пайда болатын микроорганизмдерді жоюға бағытталған, адгезиялық қасиеттері дамыған, асқазандағы ферментативті белсенділікке қатыса алатын, иммунды жүйені қоздыра алуы маңызды. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ микробиология кафедрасы пробиотикалық бактерия штамдарын таңдап алып, оларды карбонизденген сорбенттерге иммобилиздеу арқылы жаңа пробиотиктерді жасау жұмыстарымен айналысуда.

Пробиотиктерге қойылатын талаптар:

· фено- және генотип жағынан жіктелу мүмкіншілігінің болуы шарт;

· патогендік қасиеті болмауы керек;

· микроорганизмдер тірі болуы шарт;

· қышқылдықтың әсеріне төзімді болуы керек немесе қышқылдыққа төзімді капсуласы болуы шарт;

· ішек эпителийіне жабысу қасиеті (адгезия) болу керек;

· ішек колонизациясына бейімділігі болу керек;

· организмге қауіпсіз болуы керек.

пробиотиктер ветеринарияда келеси ауруларды емдеу жәнежәне алдын алу ушин колданылады:

1. Диарея синдромы, ишек асказан аурулары

2. Бактериялық инфекциялар (сальмонеллез, коксидоз, колибактериез, дезентерия т.б)

3. Вирустык инфекциялар (ет қоректілердің обасы)

4. Дизбактериез

5. Сонымен катар иммунды жетіспеушілик жагдайдын коррекциясы ушин, осуди стумульдеу және ауыл шаруашылық жануарлардың толдеринин дамуын жаксарту ушин жане т.б

6-7. Вакцина өңдірісінің тарихи кезеңдері

Вакцина дайындаудың технологиясы (мысал ретінде пастереллезге қарсы вакцина).

Вакцина [1](лат. vacca — сиыр — микроорганизмдерден(бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам менжануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малғашешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

Тарих

1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнералғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

 Қолдануына қарай вакциналарды инъекциялық, пероральды және ингаляциялық деп бөледі. Осыған сәйкес вакциналарға тиісті дәрілік формалар беріледі: егуге арналған вакциналар сұйық немесе құрғақ регидратталған; пероральды вакциналар таблетка күйінде, кәмпит (драже) немесе капсула түрінде; ингаляцияға арналған вакциналар құрғақ (ұнтақ немесе регидратталған) түрінде болады. Инъекцияға арналған вакциналарды теріге, тері астына, бұлшық етке егеді.

Вакциналарды өндіруде тірі вакциналарды алу оңайға түседі,  мұнда тек өсірудің барлық талаптары дұрыс орындалуы қажет, мәселен аттенуирленген вакциналық штамды өсіру барысында таза штамдардың культураларын алу және олардың басқа микроорганизмдермен ластанбауы  (микоплазма, ісік вирустар) тиіс, оларды соңғы өнім алу үшін тұрақты өсіріп, стандарттау қажет. Бактериялық вакциналық штамдарды сұйық (құрамында гидрализат казеин немесе белоктар мен көмірсулар бар) қоректік орталарда, көлемі 0,1 м3 до 1—2 м3 ферментаторларда өсіреді.

Вакциналық штамнан алынған  таза культураға протекторлар қосып  лиофильді кептіреді. Вирустық және риккетсизды тірі вакциналарды алу үшін вакциналық штамдарды вирустық лейкоздан таза  тауық немесе бөдене эмбриондарында немесе микоплазмалардан айрылған клетка культураларында өсіреді.  

 Гендік инженерияның қарқынды дамуына байланысты вакциналық штамдарды мақсатты түрде құрастыру әдістері жасалды.   Осының арқасында тұмау вирусының рекомбинантты штамы, сонымен қатар гепатит вирусының протективті антигендердің гендері енгізілген вирус штамдары құрастырылды. Инактивті корпускулярлы бактериалық вкциналар немесе масқтты түрде инактивтелген вакциналарды бактериялар мен вирустардың культураларынан алады.  Оларды тірі вакциналар өсірілетін қоректік орталардан бөліп алып, физикалық немесе химиялық жолдармен тіршілігін (қыздыру, ультракүлгін немесе иондық сәулелермен әсер ету, формалинмен немесе спиртепен өңдеу)  жояды. Инактивтенген вакциналардың иммуногенді әсері төмен және жоғары реактогенді  болғандықтан практикада  кең  қолданыс таппады.

Молекулалық вакциналарды өндіру күрделі технологиялық процесс болып табылады. Ол өсірілген микробтық массалардан протективті антигендерді немесе антигендік комплекстерді бөлу, антигендерді тазалау мен жинқтау, препараттарға адъюванттарды ендіру шараларын қамтиды. Антигендерді бөліп алу мен тазалау дәстүрлі әдістерді (3-сірке қышқылмен экстракциялау, қышқылдық және сілтілік гидролиздеу, ферменттік гидролиздеу, нейтралды тұздрмен тұздау, спирт немесе ацетонмен тұнбаға түсіру) бүгінгі таңдғы жаңа әдістермен  (ультрацентрифугалау, мембраналық ультрафильтрациялау, хроматография әдісі арқылы бөліп алу, аффинді хроматография, моноклоналды антиденелерде өсіру) ұштастыру арқылы орындалады. Бұл әдістер арқылы жоғары дәрежеде тазаланған концентрлі  антигендерді алуға болады. Стандарт талабына сай тазартылған антигендер бірліктерінің иммуногенді қасиетін  жоғарылату мақсатында  адъюванттар, көбінесе сорбент-гельдер қосылады. (Антиген қосылған препараттарды адсорбталған (дифтериялық, тырысқақтық, ботулиндік анатоксиндер) деп атайды. Сорбент адъювантті тасымалдау қызметін атқарады. Синтетикалық вакциналарда сорбенттер ретінде түрлі полимерлер қолданылады.

Бүгінгі таңда гендік инженерия алдында бактериялар мен вирустардың протективті белоктық антигендерін алу көзделуде.  Продуценттер ретінде протективті антигендер қосылған эшерихи, ашытқы, псевдомонадалар қолданылады. Тұмау, көкжөтел, қызылша, герпес, гепатит В, аусыл, ВИЧ т.б. қоздырғыштрдың  антигендерін түзетін  бактериялардың рекомбинантты штамдары алынған. Микробтарды өсіру және олардан антигендерді бөліп алу қиынға соққанда протективті антигендерді қолданылады. Гендік инженерия әдісінің негізіне вакциналарды алу технологиялары мен принциптеріне рекомбинантты штамдарды өсіру мен олардан протективті антиген бөліп алу, соңғы өнімді құрстыру жатады.  Адамды иммунизациялауға арналған вакциналық препараттарды алдын ала тексеруден өткізеді. Мұнда вакциналардың адам оргнизміне зиянсыздығы, реактогенділігі және иммуногенділігі анықталады. Вакциналарды зерттеу мақсатында лабораториялық жағдайда жануарлар мен басқа биологиялық жүйелерді қолданылады. Оларға вакциналардың әсер ететін зияндылығын, пирогенділігін, стерильдігін, аллергендігін, тератогенділігін, мутагенділігін зерттейді. Реактогенділік дегеніміз егілгеннен вакцинаның организмге жалпы немесе белгілі бір егілген орынға тигізетін әсері. Вакциналардың иммуногенділік қасиетін лаборториялық жағдайда жануарлар организмдеріне тигізетін әсері арқылы зерттейді. Антиген мөлшері 50 % иммунизацияланған жануарлардың ішінде патогенді микробтар және токсиндермен заладанған жануарладрдың санына қарай сипатталады. 

Бұл термин алғашында нағыз шешектен сақтану үшін қолданылды. Жұқпалы ауруларға қарсы тірі қоздырғыштардан дайындалған вакцина қолдану тәсілі ерте заманнан бері белгілі. Мысалы, Қытайда біздің заманымыздан бұрынғы 11 ғасырда дені сау адамдардың танауына шешекпен науқастанған адамның іріңді қабыршағын салатын болған. Үндістанда теріні сызаттап, сол жерге шешек қабыршағын ысқылаған, Грузияда шешек іріңі жұқтырылған инемен теріні шаншып егетін болған. Еуропада мұндай әдісті 17 ғасырдың аяғына дейін қолданып келген. Бірақ егудің мұндай әдісі ауыр асқынулармен аяқталып, кейде өлімге де әкелген, ал егілген адам айналасындағыларға жұқтырушы болған. 1796 ж. ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина тапқанын жариялады.

Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс