- •Аралық өнiм және қосымша қосылған құн
- •Тұтыну бағасының индексi және жұө дефляторы
- •Негізгі түсініктер
- •Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім
- •Циклдық емес тербелістер
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Циклдық жұмыссыздық
- •Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.
- •Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
- •Қысқа мерзісдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
- •Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
- •Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
- •Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Is-lm үлгісі.
- •Іs қисығын алгебралық жолмен шешу.
- •Lm қисығын алгебралық жолмен шешу
- •Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты
- •Ашық экономика
- •1. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
- •Экономиканың өсу Лекция жоспары:
Қысқа мерзісдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
Талдауымызды келесі түрде қорытындылай аламыз: қысқа мерзімдік кезеңде баға икемсіз, жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді.
Сөйтіп, жиынтық сұраныс өзгерісі уақыттың әр кезеңінде бірдей емес.
P
LRAS
E
SRAS
AD
Y*
Y
LRAS
8-сурет. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдік
Жиынтық сұраныс қысқаруының міндетті және ұзақ мерзімді қорытындыларын бақылайық. 8-суретте көрсетілгендей, экономиканы талдаудың алғашқы кезеңінде ұзақ мерзімдік тепе-теңдік қалыптасты делік. Осы суретте үш қисық келтірілген: жиынтық сұраныс қисығы, жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы. Ұзақ мерзімдік кезеңде тепе-теңдік жиынтық сұраныстың ұзақ мерзімдік жиынтық ұсыныспен қиылысу нүктесінде өзгереді. Сондықтан, экономика ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайда орналасқанда, қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы да 9-суретте көрсетілгендей осы нүкте арқылы өтуі керек.
Енді, Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады және жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды деп ұйғарайық. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл (баға икемсіз болғанда) А нүктесінен В нүктесіне ауысуға алып келеді. Өнім шығару көлемі және толық жұмыспен қамтамасыз етілу өздерінің табиғи деңгейінен төмендейді, бұл рецессияның туындағаның көрсетеді. Одан кейін сұраныстың құлдырауына жауап ретінде еңбекақы мен баға төмендейді. Баға деңгейінің ақырындап төмендеуінен экономика да жиынтық сұраныс қисығы бойымен С нүктесіне дейін, ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктің жаңа нүктесіне дейін төмендейді.
P LRAS
A SRAS
B
C
AD1
AD2
Y
9-сурет Жиынтық
сұраныстың қысқаруы
Ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктің жаңа нүктесінде (С) өнім шығару көлемі және жұмыспен толық қамтамасыз етілу өзінің табиғи деңгейіне қайтадан келеді, бірақ бұл нүктеге бұрынғы ескі ұзақ мерзімдік тепе-теңдік нүктесіне қарағанда (А нүктесі) бағаның ең төменгі деңгейі сәйкес келеді.
3-сұрақ. Экономикадағы тербелістер жиынтық ұсыныстың немесе жиынтық сұраныстың өзгеруінен басталады. Экономистер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын экономикалық сілкініс немесе толықсытпа (шок) деп атайды.
Сілкіністің экономикаға әсері өндіріс көлемінің және жұмыспен толық қамтамасыздандырудың табиғи деңгейі ауытқуынан көрінеді. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі осндай шок әсерінен экономикалық тербелістердің пайда болу механизмін анықтайды.
Сонымен қатар үлгі шоктың бейтараптануына және экономиканың тербелістерін жоюға бағытталған макроэкономика саясатының нәтижесін бағалау үшін қолданылады.
Тұрақтандыру саясаты дегеніміз өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат. Ақша ұсынысы жиынтық сұранысқа айтарлықтай әсер ететіндіктен, несие саясаты тұрақтандыру саясатының маңызды құрауышы болып табылады.
