- •Аралық өнiм және қосымша қосылған құн
- •Тұтыну бағасының индексi және жұө дефляторы
- •Негізгі түсініктер
- •Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім
- •Циклдық емес тербелістер
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Циклдық жұмыссыздық
- •Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.
- •Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
- •Қысқа мерзісдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
- •Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
- •Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
- •Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Is-lm үлгісі.
- •Іs қисығын алгебралық жолмен шешу.
- •Lm қисығын алгебралық жолмен шешу
- •Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты
- •Ашық экономика
- •1. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
- •Экономиканың өсу Лекция жоспары:
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
Жиынтық сұраныс қисығының графигі өнім көлемінің белгілі бір мәніне сәйкес салынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл графикте белгіленген М мәніне сәйкес келетін Р және Y мүмкін болатын үйлесулері өрнектелген. Егер ақша ұсынысы өзгерсе, онда Р және Y мүмкін болатын үйлесулер жиыны да өзгереді, яғни жиынтық сұраныс қисығы қозғалады. Осындай қозғалысты тудыратын кейбір жағдайларды анықтайық.
Біріншіден, Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартқанда не болатынын қарастырайық. (MV=PV) сандық теориясының теңдеуі ақша ұсынысының қысқаруы өнім шығару көлемі құнының РY нақты түрінде пропорционалды қысқаруына әкелетінін көрсетеді.
Р
AD1
AD '
у
Табыс, өнім шығару
2-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы солға қарай қозғалады
Сондықтан да әрбір баға деңгейіне сәйкес келетін өндірілген өнімнің саны азаяды, солға қарай жылжиды ( 2-суретте).
Енді Ұлттық банк ақша ұсынысын жоғарылатқан жағдайда не болатынын қарастырайық. Сандық теория теңдеуіне сай РY жоғарылайды.
P
AD2
AD1
Y
Error: Reference source not found
Табыс, өнім шығару
3-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады
Сондықтан әрбір баға деңгейіне үлкен өнім шығару көлемі сай келеді, ал кез келген өндірілген өнім санына сәйкес неғұрлым жоғары баға деңгейі 3-суретте көрсетілгендей, жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды.
Ақша көлемінің өзгеруі жиынтық сұраныс тербелісінің жалғыз себебі болмайды. Егер ақша ұсынысы тұрақты болып қала берсе де, жиынтық сұраныс қисығы ақша айналысының жылдамдығы өзгеруінен де жылжуы мүмкін. Ол туралы толығырақ білу үшін, оның жылжуын тудыратын себептерді қарастырамыз.
2-сұрақ. Жиынтық сұраныс қисығы өз бетінше баға деңгейін немесе өндіріс көлемін анықтамайды, ол тек қана осы екі айнымалылар арасындағы мүмкін болатын қатынастарды көрсетеді. Жиынтық сұраныс қисығын толықтыру үшін бізге Р және Y арасындағы тәуелділікті енгізу керек.
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтары баға деңгейінің және өнім өндірісі көлемінің мәндерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді.Бұл қатынастың түрі біздің уақыт аралығының қай жерінде өз көңілімізді аударатындығымызға тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.
Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады,
өнім өндіру көлемі тек қана қолданылатын факторлар санына, яғни капитал мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейіне байланысты емес;
өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;
экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлуетті өнім көлеміне тең;
баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы теңдікті қамтамасыз етіп отырады. ¯ ¯ ¯
Y=F(K, L)=Y
Сонымен, классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес. Сондықтан 4-суретте көрсетілгендей жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық болып табылады. Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.Егер жиынтық ұсыныс қисығы тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, онда 5-суретте көрсетілгендей жиынтық сұраныс қисығы төменге қарай ығысады. Экономикада жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысуының ескі нүктесінің жаңа нүктесінен ауысу жағдайы болады.Е1, Е2 нүктелеріндегі жиынтық ұсыныс қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға деңгейінің өзгеруіне әкеледі.
Р LRAS
У* У
Табыс, өнім шығару 4-сурет. Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы
E1
P
E 2
AD1
AD2
Y
5-сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі
Жиынтық ұсыныстың тік қисығы өндірілген өнім санының жиынтық сұранысқа тәуелді еместігін көрсететіндіктен, классикалық дихотомия талабын қанағаттандырады, демек ақша ұсынысына да тәуелді емес. Өндірілген өнімнің саны сәйкес түрде өндіріс деңгейі деп аталады. Егер жұмыспен толық қамтылған жағдайындағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе, онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезеңіндегі өндіріс деңгейі.
Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген
Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек және жаңа каталогтар шығару шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп ұйғарайық. Сондықтан барлық баға бұрынғы деңгейде қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Олар керекті өнім санын өндіру үшін керекті жұмысшыларды жалдайды. Бағалар деңгейі өзгермейтіндіктен, оны (6-сурет) графикте жиынтық ұсынысының көлденең қисығымен суреттеуге болады.
Р
SRAS
У
6-сурет. Қысқа мерзімдік кезеңдегі жиынтық ұсыныс қисығы
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденең жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдік нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Мысалы, егер Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс қисығы 7-суретте көрсетілгендей, солға қарай жылжиды. Экономикада жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінің ескі Е1 нүктесінен жаңа Е2 нүктесіне ауысуы болады. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім шығару көлемінің төмендеуін тудырады.
P
P
E22
E1
SRAS
AD1
AD2
Y
7-сурет. Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының ығысуы
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныстың қысқаруы кезіңде өндіріс көлемі қысқаруының себебі, бағаның жаңа жағдайларға сай келмеуінде. Жиынтық сұраныстың құлдырауынан фирмалар баға өте жоғары болса да, оларды тұрақты қалдыруға тырысады. Өнім тарту көлемі қысқаруының есесінен фирмалар өнім шығаруды және толық жұмыспен қамтамасыз етуді қысқартуға мәжбүр болады.
