Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция макроэкон.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

Жұмыссыздық түрлері

Толық жұмыспен ұғымына анықтама бердің алдында біз жұмыссыздықтың 3 түрімен танысуымыз керек: уақытша, құрылымдық және циклдық.

Уақытша жұмыссыздық

Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде “жұмысаралық” жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы ауа райы жағдайы). Сонымен жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.

Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдар экономисттер “уақытша жұмыссыздар” деген термин қолданылады (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты).

Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын “білімдері” бар деп есептелінеді.

Уақытша жұмыссыздық міндеті және ерікті болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар - өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.

Құрылымдық жұмыссыздық.

Уақытша жұмыссыздық ақырындап “Құрылымдық жұмыссыздық” деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономисттер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданылады. Еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді, олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысті ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады.

Циклдық жұмыссыздық

Циклдық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық” деп атайды.

Толық жұмысбастылық ұғымы

Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономисттер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.

Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдық жұмыссыздық нольге тең болған жағдайда ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі” деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “экономиканың өндірістік әлуеті” деп те аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын экономиканың нақты көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындарының саны сәйкес келген жағдайда орнайды

Біздің іскерлік циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік. Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.

Жұмыссыздықтың себебі: жұмыс іздеу проблемалары мен жалақының қатаңдығы.

Әр аймақ әр түрлі тауар өндіретіндіктен, еңбекке деген сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін. Экономисттер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.

Уақытша жұмыссыздықты түсіру жолымен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар туралы хабарлама таратады. Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты жоғалтудың экономикалық зардаптардың жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздықтардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді. Жәрдем алатын жұмыссыздар жұмысты белсенді іздемейді және олар көбінесе жалдау қарқынының көрсеткішін түсіретін көзқарасы бойынша ұнамсыз ұсыныстарды қабылдамайды. Одан кейін жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің болуы кәсіпкерлердің жұмысшыларды сақтандыру жүйесінің болуы кәсіпкерлердің жұмысшыларды жұмыстан шығару шешімін тез қабылдауына әсер етеді, ал ол жұмыстан босату қарқыны көрсеткішінің өсуіне әкеледі.

Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің көтерілу туралы факт, бұл саясаттың қажетсіздігін білдірмейді. Оның жағымды жағы – жұмысшыларда нақты табыс алатындығына сенім тудырады. Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселесін зерттейтін экономисттер, көбінесе жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолдарын ұсынады. Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмаға жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны толық көлемде төлетуді ұсынады. Бұндай жүйе жүз пайыздық өтем жүйесі деп аталады, себебі әр фирманың жұмыссыздықтан сақтандырудағы жарнасы жұмыссыздықтың масштабын бейнелейді. Қолданыстағы бағдарламалардың көбі ішінара өтем жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемнің тек бір бөлігі ғана алынады. Фирмаға жұмыстан босатылған жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен, оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық жұмысшылардан құтылу пайдалы. Өтемақының өсетіндігі көбінесе уақытша жұмыстан босатуды шектеуге мүмкіндік туғызады.

Жұмыссыздықтың екінші себебі – жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан. Тепе-теңдік еңбек нарығының үлесіндегі нақты жалақыны сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгертіп тұрады. Бірақ шын мәнінде жалақы әрқашан икемді болмайды. Кейде нақты жалақы тепе – теңдіктен жоғары деңгейде болады.

Бұл мысал жалақы қатаңдығы не себептен жұмыссыздыққа әкелетін көрсетеді. Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Фирмалар тапшы орын санын барлық талапкерлер арасында таратуға мәжбүр болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдылығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады.

Жалақының қатаңдығы саладарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады. Жұмысшылар жұмыссыз болуының себебі олардың мамандығына сәйкес ең жоғары дәрежедегі жұмыс іздеуінен емес, берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынан фирмалар жағынан еңбек сұранысы артық болғандығынан. Жұмысшылар тек жұмыс алу мүмкіндігін күтеді.

Жұмыссыздықты күту болуының себебі, еңбек ұсынысы артық болса да, фирмалардың жалақы деңгейін түсіре алмауынан.

Жалақы қатаңдығының үш себебін қарастырайық: ең төмен жалақы туралы заң қабылдау, кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы және фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындауы.

Үкімет жалақы қатаңдығын сақтауды, оны тепе-теңдік деңгейге дейін түсіруге кедергі жасауға мүмкіндік туғызады. Ең төмен жалақы туралы заң барлық фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін белгілейді.

Есеп бойынша, жалақының шегі белгілеу жасөспірімдер арасындағы жұмыссздыққа үлкен әсер етеді, өйткені жасөспірімдер жалақысының тепе-теңдік деңгейі өте төмен. Оған екі себеп бар:

Біріншіден жасөспірімдер жалақысының ең аз маманданған және тәжірибесі аз жұмыс күшіне жататындықтан, олардың еңбегінің шекті өнімі де үлкен болмайды.

Екіншіден, жасөспірмдерге көбінесе ақшалай түрінде емес, белгілі бір “өтем” түрінде өзінің жұмыс орнында мамандықты тегін оқып-үйренуге мүмкіндік беріледі. Оқыту жүйесі классикалық мысал болып келеді және жалақының шегін белгілеудің жұмысшылардың осы тобы үшін үлкен мәні бар.

Жалақы қатаңдығының екінші себебі - кәсіподақтың монополияляқ билігі. Көптеген мемлекеттерде жұмыс күшінің біраз бөлігі кәсіподақтарға бірлескен. Сол жұмысшылардың жалақысы сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдігімен емес, кәсіподақтар жетекшілері мен фирма басшылары арасындағы келіссөз кезінде анықталады. Соңында жасалған ұжымдық шарт көбінесе жалақыны тепе-теңдік деңгейінен жоғары көтереді, бірақ фирмаға сол уақытта өзіне керек жұмысшылардың саны туралы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайдың салдары жалданған жұмысшылар санының азайуы мен жұмыссыздықты күтудің өсуі болады.

Кәсіподақтарға осындай кәсіподақтық қозғалысы жоқ фирмалардың жалақысына да әсер етуі мүмкін, өйткені фирма жұмысшыларының кәсіподақтарға бірігу қаупі жалақыны тепе-теңдік деңгейінен жоғары ұстап тұруы мүмкін. Көп фирмалар кәсіподаққа қарсылық білдіреді. Соңғылары тек жалақы өзіне ғана емес, басқа көп мәселелер бойынша келісімдер кезінде жұмысшылырдың позициясын күшейтеді. Жұмысшылары қанағаттанғандық сезу үшін және кәсіподақтарға бірігуге талаптанбауы үшін фирма оларға жоғары жалақы төлеуді таңдауы мүмкін.

Кәсіподақтармен немесе кәсіподақтарға бірігу қаупін тудыратын жұмыссыздық инсайдерлер мен аутсайдерлер сияқты әр түрлі жұмысшылар тобы арасындағы даудың себебі. Фирмада жұмыс істейтін инсайдерлер көбінесе өздеріне жалақының жоғары деңгейін “ұстауға” тырысады. Жұмысқа жалдану мүмкіндігі бар жұмыссыздар – аутсайдерлер көбінесе осы жоғары жалақы зардаптарының ауыртпалылығын алады. Осы екі топ арасындағы қарама-қайшылық жалақы деңгейі туралы келісімге ықпалды және жұмысбастылық осы топ позициясының салыстырмалы түрдегі мықтылығына байланысты.

Әр түрлі елдерде инсайдерлер мен аутсайдерлер арасындағы дау әр түрлі шешіледі. Кейбір еледерде, мысалы Швецияда жалақының мөлшері ұлттық деңгейде шешіледі, ол кезде үкімет негізгі рөл атқарады. Кәсіподақтарға жұмыс күші бірігуінің жоғары деңгейіне қарамастан, Швецияда жұмыссыздық төменгі деңгейде. Өйткені жалақы деңгейі туралы орталықтандырылған келісімдер мен үкіметтің келісім үрдісіндегі рөлі аутсайдерлер позициясын нығайтып, соған орай жалақы мөлшерін тепе-теңдік деңгейіне жақын жерде ұстайды.

Ынталандырушы жалақы

Кәсіподақтардың монополиялық күші мен ең төмен жалақы туралы заңынан басқа, нақты жалақы қатаңдығының 3-ші себебі тиімді еңбекті ынталандыратын жалақы жүйесін талдау кезінде зерттелген. Тиімді жалақы теориялары жоғары жалақы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттырады деген ұғымнан шығады.

Жалақының еңбек өнімділігіне әсері туралы бірнеше теориялар бар. Біреуі – Нашар дамыған елдерге қолданылатыны – жалақының тамақтануға әсері. Жоғары жалақы алатын жұмысшылардың жақсы тамақтануға мүмкіндігі бар, ал денсаулығы жақсы жұмысшылардың тиісінше өнімділігі жоғары болады. Дамыған елдерде фирма жұмысшылардың денсаулығына көмек ету үшін жалақыны тепе-теңдіктен жоғары деңгейде төлеуі мүмкін.

Дамыған елдерде келетін тиімді еңбекақының екінші теориясы жоғары жалақы жұмыс күшін қысқартады дейді. Жұмысшылар көп себеп бойынша жұмыстан кетеді – басқа фирмаларда жоғары лауазымға ие болу үшін, өзінің мамандығын өзгерту үшін, елдің басқа ауданына көшу үшін, т.б. Фирма жұмысшыларға қанша есе жалақы көп төлесе, сонша есе олардың фирмада қалу ынтасы көбейеді.

Үшінші теория фирмадағы қызметшілердің орташа сапасы олардың алатын жалақысына байланысты екенін айтады. Егер фирма жалақыны қысқартса, ең күшті жұмысшылар басқа жұмысқа ауысуы мүмкін, сонда фирмада тек нашар, болмысы жоқ жұмысшылар ғана қалады. Экономисттер осындай сұрыптауды теріс селекция деп атайды. Тепе-теңдік деңгейден жоғары жалақыны төлей отырып, жұмысшылардың сапалы құрамын жақсартып, соның нәтижесінде еңбек өнімділігін жоғарылатуы мүмкін.

Төртінші теория жоғары жалақы жұмысшылардың ынтасын көтеретінін айтады. Бұл теория фирманың жұмыс істейтіндердің еңбек күшін жеткілікті түрде тиімді бақылай алмайтындығынан және жұмысшылар қаншалықты интенсивті түрде жұмыс істеуі мүмкін және жұмыстан қашуы мүмкін, соның салдарынан жұмыстан қуылуға тәуекел етеді. Экономисттер бұндай тәртіптің болуы мүмкіндігін моралдық зиян деп атайды. Фирма моральдық зиян нысынын өте жоғары жалақы белгілеу арқылы басуы мүмкін. Жоғары жалақы төлей отырып, Фирма жұмысшылардың жұмыстан бас тартпауын талаптандырады, Соның салдарынан еңбек өнімділігін жоғарылатады.

Жұмыс істейтіндер өніріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар – атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады.

Жұмыссыздықтың өзгермейтінджеңгейінде заң өлшемділігі болады, яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың өсімімен, капиталдың жиналуымен және ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп, 30 пайызды құрайды. Сонымен қатар, әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын 1 пайызға, нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны 2 пайызға төмендетеді. Сол себепті, жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8 пайызға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай құрайды: 3 – 2 х (8 – 6) = -7 пайыз

Осыған байланысты , Оукен заңы бойынша, экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1 пайызға төмендейді.

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді:

у – у*/у* = β (U – U*)

Мұндағы: Ү – нақты өнім көлемі; Ү* - потенциялды ЖҰӨ; U – нақты жұмыссыздықтың деңгейі; U* - табиғи жұмыссыздықтың деңгейі; β - эмпирикалық коэффициент.

3-сұрақ.

Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлығы бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады. Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың ) баға индексін алдыңғы жылдың (1998 жылыдың) баға индексінен шығарып, айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100 ге көбейтеміз. Мысалы, 1998 жылғы тауарлар тұтыну баға индексі 154,5 тең болса, 1999 жылы – 158,2 болы. Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:

П=Р-Р -1/ Р-1

Р- ағымдағы жылдың орташа баға деңгейі; Р-1 өткен жылдағы орташа баға деңгейі. Орташа баға деңгейі баға индексі арқылы табалады.

Инфляция қарқыны = 158,2 – 154,5 / 154,5 х 100 = 2,3 пайыз.

“70 ереже” деп аталатын ереже инфляцияны басқаша анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бағалардың екі еселенуіне керекті жылдары тез есептеп табуға көмектеседі. Ол үшін тек қана 70 деген санды жылдық инфляция деңгейіне бөлеміз: Инфляция екі еселенуі = 70 / баға өсуінің жылдық қарқыны

Баға өсу қарқынына байланысты инфляция түрлерін баяу инфляция, галопирдық қалқымалы инфляция, карқынды немесе гиперинфляция.

Баяу инфляция еңбек ақыдан көрі баға тез өседі және жылдық инфляция қарқыны 10 пайызға дейін өседі.

Қалқымалы инфляция 20 және 200 пайызға дейін инфляция қарқыны болады. Бұл инфляция жағдайында елдің ақша-несие саясаты бұзылып, адамдар қолма-қол ақша саны тез құнсызданатындықтан қолда ақша ұстамайды.

Гиперинфляция айына бағаның 50 пайызға өсуі. Жылана өсу қарқыны 1000 пайыздан жоғары болады.

Инфляция тудыратын факторларға байланысты инфляцияны екі түрге бөледі:

  1. Сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады.

  2. Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы.

Шығын көлемі өзгеруінің және нарықтық ұсыныстың нәтижесінде инфляция болады.Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіреді. Шығын инфляциясының пайда болуына екі негізгі себеп бар: а) төлемақының өсуі; ә) энергия және шикізат сияқты ресурстарға бағаның өсуі.

Сұраныс және ұсыныс инфляцияның үйлесімі инфляциялық шиыршық (спираль) қалыптасады.

Инфляцияның сыртқы және ішкі себептер.

Сыртқыға: егер ел тұрақты валюта курсын ұстаса , онда әкелінетін тауарлар бағасы өссе ішкі нарықтағы баға өседі.

Ішкіге; өнеркәсіптің қалыс қалуы , мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ірі фирмалардың монополиясы, жоғары салықтар мен пайыз мөлшерлері.

Студенттерге арналған дайындық сұрақтары:

  1. Экономикалық цикл теорияларына жеке тоқталыңыз?

  2. Экономикалық тербелістердің пайда болу себептері

  3. Экономикалық цикл фазалары.

  4. Жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық түрлері

  5. Жұмыссыздық мәселесін шешудегі мелекеттің ролі.

  6. Инфляциямен жұмыссыздықтың өзара байланысы.

  7. Инфляцияның типтері пайда болу себептері.

  8. Иняцияға қарсы саясат.

  9. Қазақстандағы нффляциялық процестердің ерекшеліктері

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Ивашковский С:И: Макроэкономика .М., “Дело” 2000.

  2. Тарасевич А.А Макроэкономика .МГУ 2005г

  3. Агапова. Т.А.., Серегина С.Ф. Макроэкономика :Учебник МГУ, Ихзд-во “Дис”2000

4-лекция