Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция макроэкон.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

Негізгі түсініктер

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) , жалпы ішікі өнім (ЖІӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ),жеке табыс ( ЖТ), қолда бар табыс, тұтыну бағасының индексі, нақты және атаулы ЖҰӨ, жалпы ұлттық өнім дефляторы, тұтыну, инвестиция, мемлекеттік сатып алу, таза экспорт, амортизация, қор жинағы.

Студенттерге арналған дайындық сұрақтары:

  1. Қор және ағын ұғымдарының айырмашылығы?

  2. Соңғы өнім және қосымша құн, аралақ өнімдер дегеніміз не?

  3. ЖҰӨ-ді есептеудің тәсілдері?

  4. Тұтыну бағасының индексін есептеу түрлері?

  5. Нақты және атаулы ЖҰӨ?

  6. Макроэкономикалық теңдік теңдеулері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Ивашковский С:И: Макроэкономика .М., “Дело” 2000.

  2. Тарасевич А.А Макроэкономика .МГУ 2005г

  3. Агапова. Т.А.., Серегина С.Ф. Макроэкономика :Учебник МГУ, Ихзд-во “Дис”2000

  4. Бункина М.К., Семенов В.А. Макроэкономика .М: И-о Дис ,1997

5. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. “Экономика”. баспасы.2003

3-лекция.

тақырыбы: Макроэкономикалық тұрақсыздық: жұмыссыздық,инфляция, экономикалық цикл.

  1. Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім

  2. Жұмыссыздық формасы. Оукен заңы.

  3. Инфляция және оның типтері.

Экономикалық (іскерлік) цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б.

Макроэкономика ғылымында экономиканың циклдігі туралы көптеген экономисттер өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі жиынтық шығындарды анықтайды деп есептейді.

Экономикалық (іскерлік) цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен бірі кейін келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ олардың барлығы фазалар арқылы өтеді.

1. Шың. Оны іскерлік белсенділіктің уақытша ең шекті нүктесі деп атаймыз. Бұл нүктеде экономикада өндірістің толықтай жұмыс істеуін және жұмыссыздықтың толық жойылуын байқаймыз. Шың фазасында бағалар деңгейі көтерілу беталысына ие болады.

2. Құлдырау. Шың кезеңінен соң құлдырау кезеңі басталады – алты немесе одан да көп айға созылатын, жалпы өндіріс көлемі, табыс және жұмыс орындары азаятын кезең. Бұндай құлдырау экономика секторларындағы жұмыс белсенділігінің жаппай кемуімен сипатталады. Бірақ баға осы кезде түсе бермейді, олар тек қана құлдырау өте ұзаққа созылып, тоқырауға айналғанда, шын мәнінде ауыр жағдайда ғана төмендей бастайды.

3. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс және жұмыс орындары ең төменгі деңгейге жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл цикл фазасы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде болады.

4. Көтерілу. Көтерілу (жаңғыру) фазасында өндіріс өседі, жұмыссыздық азаяды да, толық жойылады. Көтерілу күшейе келе өндіріс толық көтерілмей жатып бағалар өсуі мүмкін. Циклдер бірдей фазалардан өтсе де, олар өздерінің ұзақтығы және белсенділігімен ерекшеленеді. Сондықтан экономисттер экономикалық циклдердің орнына экономикалық тербелістер дегенді қолдануды дұрыс көреді, өйткені циклдер тұрақты түрде өтеді (1-суретті қара). 1-сурет

ЖҰӨ Нақты ЖҰӨ тренді

Шың Шың

Рецессия

Әлуетті ЖҰӨ (Ү*)

Көтерілу тренді

Ең құлдыраудың

төменгі нүктесі

Экономикалық цикл Жылдар

Тербелістер себептері: жалпы пікірлер

Экономисттер іскерлік белсенділік тербелістерін түсіндіретін әр түрлі теорияларды ұсынған. Кейбір тұжырымдамалардың авторы ірі техникалық жаңалықта (мысалы, темір жол, автомобильдер, сантехникалық талшықтар) инвестициялар мен тұтыну шығындарына, яғни өндіріске, жұмыс және баға деңгейіне ықпал етеді деп санайды. Бұндай үлкен жаңалықтар үнемі пайда бола бермейді, экономикалық белсенділіктің тұрақсыздығы осымен түсіндіріледі.

Енді бір ғалымдар экономикалық циклдер себебін саяси немесе кездейсоқ оқиғаларға жатқызады. Мысалы, соғыс экономикалық тұрғыда күйретушы құбылыс. Әскери жағдай кезіндегі әскери өнімдерге деген үлкен сұраныс жұмысбастылыққа және инфляцияға әкелуі мүмкін. Ал бейбітшілік орнағаннан кейін, әскери шығындар азайғанда экономикалық құлдырау байқалады.

Таза монетарлық құбылысты цикл деп есептейтін экономисттер де бар. Үкімет көп ақша қаражатын шығарған кезде инфляциялық тоқырау пайда болады, ал ақша қаражатының жеткіліксіз болуы өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың артуына әкеледі.

Пікірлердің осындай әртүрлілігіне қарамастан, жұмысбастылық пен ішкі өндірістің деңгейін анықтайтын факторды көпшілік экономисттер шығындардың жалпы немесе жиынтық деңгейі санайды.