- •Аралық өнiм және қосымша қосылған құн
- •Тұтыну бағасының индексi және жұө дефляторы
- •Негізгі түсініктер
- •Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім
- •Циклдық емес тербелістер
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Циклдық жұмыссыздық
- •Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.
- •Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
- •Қысқа мерзісдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
- •Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
- •Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
- •Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Is-lm үлгісі.
- •Іs қисығын алгебралық жолмен шешу.
- •Lm қисығын алгебралық жолмен шешу
- •Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты
- •Ашық экономика
- •1. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
- •Экономиканың өсу Лекция жоспары:
Іs қисығын алгебралық жолмен шешу.
(2), (3), (4) теңдеулерді негізгі макроэкономикалық тепе-теңдікке қою арқылы ІS қисығын алуға болады. ІS қисығының теңдеуін R және Ү арқылы өрнектеуге болады.
R арқылы өрнектелген ІS қисығының теңдеуі төмендегідей:
R=a+e+g / d+n - 1-b(1-t)+m’ / d+n * Y + 1 / d+n * G – b/d+n * Ta
Мұндағы: T= Ta+t*Y
Ү арқылы өрнектелген ІS қисығының теңдеуі төмендегідей:
Y=a+e+g / 1-b(1-t)+m’ + 1 / 1-b(1-t)+m’ * G - b / 1-b(1-t)+m’ * Ta – d+n / 1-b(1-t)+m’ * R
1-b(1-t)+m’ / d+n kоэффициенті Ү осімен қатысты ІS қисығының бұрыштық көлбеуін бейнелейді. Бұл коэффициент монетарлық және қазыналық саясаттардың салыстырмалы тиімділігін көрсететін параметр.
Төмендегі шарттар орындалғанда ІS қисығы жатық болады:
Таза экспорт (n) және инвестицияның сезімталдығы (d) пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан жоғары болғанда.
Тұтынудың шекті бейімділігі (b) жоғары болғанда.
Салық салудың шекті мөлшерлемесі (t) үлкен емес.
Импорттаудың шекті бейімділігі (m’) үлкен емес жағдайда.
Мемлекеттік шығындар G-дің жоғарлауы және салықтың төмендігіне байланысты ІS қисығы оңға қарай жылжиды. Салық мөлшерлемесі (t) өзгеруіне байланысты бұрыштық көлбеу өзгереді. Ұзақ мезімді кезеңде ІS қисығының бұрыштық көлбеуі өзгеруі мүмкін, ол өзгеріс табыс саясатының салдарынан болады, өйткені табысы жоғары отбасылары үшін тұтынудың шекті бейіиділігі ыңғайы табысы төмен отбасылармен салыстырғанда төмен болады. Ал басқа факторларға (d, n, m), макроэкономикалық саясатқа әсерін тигізбейді.
LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.
LM қисығының графигі – ақша ұсынысының белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.
LM қисығының графигі.
3-cурет.
А. Ақша нарығының нақты қоры Ә. LM қисығы
R
Мs R LM
R2 R2
М’d R1
R1
Мd
M/P
M/P
Y1
Y2
Y
3(а)-сурет. Ақша нарығы. Табыс мөлшерінің өсуі ақшаға деген сұранысты өсіреді.
3(ә)-сурет. LM қисығының нақты қоры. Неғұрлым табыс жоғары болған сайын, пайыз мөлшерлемесі де жоғары болады.
Lm қисығын алгебралық жолмен шешу
LM қисығының теңдеуін жоғарыда көрсетілген 5 формуланың көмегімен алуға болады.
LM қисығының теңдеуін R және Y арқылы шешуді төмендегідей өрнектеуге болады.
R=k/h*Y – I/h *M/P (R арқылы)
Y=1/k*M/P+h/k*R (Y арқылы)
k/h коэффициенті LM қисығының бұрыштық көлбеуін бейнелейді.
Төмендегі шарттар орындалғанда LM қисығы жатық болады, егер:
ақшаға сұраныстың сезімталдығы, нарықтық пайыз мөлшерінің өзгерісінен (h) жоғары болса;
ақшаға сұраныстың сезімталдығы (ЖҰӨ) өзгерісіне (k) төмен болса;
Баға деңгейінің төмендеуі (Р) және ақша ұсынысының өсуі (Мs) LM қисығын оңға қарай жылжытады. Үлгідегі тепе-теңдік ІS және LM қисығының қиылысында болады.
4-сурет. R
LM
R
ІS
Ү
Y
Тепе-теңдік өнім көлемін алгебралық тәсілмен шешу үшін, IS теңдеуінен R-дің мәнін LM теңдеуіне Ү арқылы шешу керек.
2-сұрақ.
Мемлекеттік шығындардың өсуі және салық мөлшерінің төмендеуі ығыстыру әсеріне алып келеді, бұл жағдай ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесін едәуір төмендетеді.
5-сурет.
R
R LM Мs
B
R1 R1
R0 R0 М’d
A IS
IS’ Мd
Y0 Y1 Y2 Y
Мs=const
M/P
G↑н/еT↓→Y↑→C↑→Y↑→Md↑→R↑→I↓,Xn↓→Y↓
Ығыстыру әсері
Егер мемлекеттік шығындар G өссе, онда жиынтық шығындар және табыс өседі, осының салдарынан тұтыну шығындары С өседі. Тұтынудың өсуінің салдарынан табыс (Ү) және жиынтық шығындар өседі. Бұл жерде мультипликатор әсері де байқалады. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты өсіреді, өйткені экономикада келісім шарттар жүргізіледі. Егер ұсыныс тұрақты болса, ақша сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесін (R) өсіреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестиция деңгейін және таза экспортты (Xn) төмендетеді. Кей жағдайда таза экспорттың төмендеуі, импорттың өсуіне байланысты жиынтық табыстың өсуінен де болады. Қорыта айтқанда, ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесінде, бір жағынан жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екіншіден ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі төмендейді. (5-сурет.)
Егер таза экспорт пен инвестицияның ығысуы болмаса, онда мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтың төмендеуі салдарынан Ү-тің өсуі (Ү0Ү2) мәніне тең болатын еді. Бірақ ығыстыру әсерінің салдарынан Ү-тің өсуі (Ү0Ү2) мәніне тең.
Ақша ұсынысының өсуі ығыстыру әсерінсіз, қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін қамтамасыз етеді, бірақ таза экспорттың өзгерісіне қарама-қайшы әсерін тигізеді.
Ақша жиынының өсуі Мs пайыз мөлшерлемесінің (R) төмендеуіне алып келеді, өйткені несиеге берілетін ресурс ұлғаяды, ал несие бағасы төмендейді. Бұл жағдай инвестицияның өсуіне әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, жиынтық шығындар мен табыс (Ү) өседі, демек тұтыну да (С) өседі. Таза экспорт өзгерісі (Xn) бір-біріне қарама-қарсы екі фактордың әсерінде болады:
Таза экспорттың төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.
Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.
Xn мәні шамасының өзгеруі (Ү) және (R) өзгерістеріне және (n) коэффициенті мен импорттаудың шекті бейімділігінің мәніне тәуелді.
Ақша-несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі төменгі шарттарға тәуелді:
А) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі. (n және d) коэффициенттері.
Ә) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі.
Ынталандырылған қазыналық саясаттың салыстырмалы тиімділігі ығыстыру әсері арқылы анықталады.
Басқа факторлар тұрақты болған кезде, егер ығыстыру әсері өнімнің өсу әсерінен кіші болса, онда қазыналық саясат тиімді деп аталады.
6-сурет.
R
R LM
LM1 M М’s
А
R0 R0
R1 В R1
Мd
IS
Y
Y0 Y1 М/Р
Ms↑→R↓→I↑→Y↑→Yd↑→C↑,Xn?
?Xn=g−m'Y↑−n·R↓
Ығыстыру әсері екі жағдайда салыстырмалы түрде елеусіз болады:
1) Егер ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өсуіне таза экспорт пен инвестиция аз сезімталдық көрсетсе, онда сезімтал (n және d) коэффициенттері салыстырмалы қарағанда аз мәнді болады.
Бұл жағдайда (R)-дің болымсыз өсуі, (Xn) мен (І)-ның әлсіз ығыстырылуына алып келеді, сондықтан (Ү)-тің жалпы өсімшесі елеулі болады.
2) Егер пайыз мөлшерінің көтерілуінен және (R)-дің болымсыз өсуінен ақшаға сұраныстың сезімталдығы жоғары болса, онда ақша нарығында тепе-теңдік болады. (R) мәнінің өсуі болымсыз болғандықтан, ығыстыру әсері де салыстырмалы түрде қарағанда аз болады.
8-cурет графигінде бейнеленген LM қисығы жатық болады. Бұл жағдайда ІS қисығы көлбеуінің маңызы аз.
R
R
LM(жатық)
L
M
I S’ IS’
IS
IS (тікше)
IS
Ү
Ү
7-сурет. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестиция және таза экспорт аз сезімталдық көрсетеді.
8-сурет. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс жоғары сезімталдық көрсетеді.
Салыстырмалы тік ІS қисығы және жатық LM қисықтарының тіркемесінде ынталандырылған қазыналық саясат тиімді.
Егер төмендегі жағдайлар орындалса, онда ығыстыру әсері айтарлықтай маңызды болады:
1) Егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасы немесе n және d коэффициенттерінің мәні өте жоғары болса, онда инвестиция және таза экспорт жоғары сезімталды болады:
Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің (R) болымсыз өсуі Xn мен І-дің көп мөлшерде төмендеуіне алып келеді, сондықтан (Ү)-тің жалпы өсімшесі аз болады графигінде бейнеленген. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс аз сезімталдық көрсетеді.
2) Пайыз мөлшерлемесі R динамикасына қарағанда, ақшаға сұраныс аз сезімталдық көрсетеді. Ақша нарығы тепе-теңдікте болу үшін, R едәуір өсуі қажет. Бұл жағдай өте үлкен ығыстыру әсеріне алып келеді.
Ынталандырылған монетарлы саясаттың салыстырмалы тиімділігі төмендегіше анықталады:
- ақша жиынының өсуі нәтижесінде ынталандырушы әсердің мәні арқылы және таза экспорт пен инвестицияның динамикасының өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін көрсетеді. Мұндай ынталандырушы әсер ығыстыру әсеріне қарама-қарсы.
Инвестиция мен таза экспортқа салыстырмалы түрде қарағанда ынталандырушы әсер екі жағдайда үлкен болады.
1) Егер І және Xn пайыз мөлшерлемесінің динамикасына жоғары сезімталдық көрсетсе.
9 -сурет. R R 10-сурет.
LM(тікше) LM
LM’
IS’
IS(жатық)
IS
Y0 Y1 Ү Ү
(тиімділігі жоғары)
9-сурет. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына Ү аз өзгергендігін көрсетеді.
10-сурет. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестиция және таза экспорт жоғары сезімталдығын көрсетеді.
Ақша жиынының өсуіне байланысты, R-дің болымсыз төмендеуі І мен Xn –ді едәуір өсірді, бұдан Ү мәні өседі.
LM қисығының бұрыштық көлбеуінің маңызы бұл жерде екінші орында болады.
2) Егер R динамикасына ақшаға деген сұраныс аз сезімталды болса, онда жағдай 15-суреттегі графикте көрсетілген.
Бұл жерде ақша жиынының өсуі, пайыз мөлшерлемесінің өте көп төмендеуі арқылы болады, сондықтан коэффиценттерінің болымсыз мәнінде І және Xn –ді күрт өсіреді. ІS қисығының көлбеуінің маңызы бұл жағдайда екінші орында болады.
Салыстырмалы тікше LM қисығы мен жатық ІS қисықтарының тіркемесінде ынталандырылған ақша-несие саясаты өте тиімді болады.
1 1-сурет. R R 12-сурет.
LM LM’(тікше) LM(тікше)
LM’’
IS(жатық)
IS
(тиімділігі жоғары) Ү Y0 Y1 Ү
11-сурет. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс аз сезімталдық білдіреді |
12-сурет. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне Ү салыстырмалы қарағанда үлкен болады |
Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі де елеулі және де маңызды болады. Сондықтан Ү өсімшесі (Ү0Ү2)-ге тең және салыстырмалы түрде қарағанда үлкен.
Егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс жоғары сезімталдық білдірсе, сонымен қатар пайыз мөлшерінің динамикасына таза экспорт пен инвестицияның сезімталдығы төмен болса, ынталандырушы ақша-несие саясаты салыстырмалы түрде тиімсіз болады.
Жатық LM қисығы нені білдіреді? Ақша жиынының өсуінің нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің сәл ғана төмендеуінде ақша нарығы тепе-теңдікте болады. R динамикасына егер І және Xn өте сезімтал болса да, пайыз мөлшерлемесінің мұндай әлсіз төмендеуі, инвестиция мен таза экспортты өте көп өсіре алмайды. Сондықтан жалпы өнім көлемінің өсімшесі өте аз шама.
Тікше орналасқан ІS қисығы нені көрсетеді? Пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуінде, таза экспорт пен инвестиция әлсіз ғана өседі, өйткені аз шама, сондықтан пайыз мөлшерлемесінің төмендеп, ақша ұсынысының өте жоғары өсуінде де өнімнің өсімшесі өте көп өспейді.
13-сурет. R
IS(тікше)
LM (жатық)
L
M
Ү
Y0
Y1
Тікше орналасқан ІS қисығының және жатық орналасқан LM қисығының тіркемесінде монетарлық саясаттың тиімсіздігі төмен болады. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің мәні аз шамада төмендейді, бірақ Xn мен І тарапынан серпіліс өте төмен болады, сондықтан өнімнің жалпы өсімшесі өте үлкен болады және (Ү0Ү1)–ге тең. (13-сурет)
–сұрақ
IS-LM үлгісін пайдаланып АD қисығын график түрінде алу.
А) IS-LM үлгісі
14-cурет.
R
LM=(P=
Р2)
LM=(P= Р1)
IS
Ү
Y2 Y1
Р
Баға деңгейі В) жиынтық сұраныс қисығы
Р2
Р1
АD
Ү
Y2
Y1
Жиынтық сұраныс теңдеуін төмендегіше өрнектеуге болады.
Y=α+βG−φΤа+өM/P
α, β,φ, ө − коэффициенттер.
14-cуретке қара.
Баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге төмендеуі ақша ұсынысының нақты мәнін төмендетеді, ал графикте LM қисығының солға жылжуымен бейнеленген.
Ақша ұсынысының азаюы пайыз мөлшерлемесінің мәнін көтереді, сондықтан инвестиция көлемі азайып, салыстырмалы қарағанда таза экспорт Xn кемиді. Өнім көлемі Ү1-ден Ү2-ге азаяды.
Мемлекеттік шығындардың өсуі салық мөлшерін азайтады немесе ақша жиының өсуі жиынтық сұранысты оңға қарай жылжытады. АD қисығының біртектес қозғалысы IS-LM қисықтарын мүлдем әр түрлі, ерекше қозғалыстарға келтіреді. Бұл қозғалыстар ынталандырушы ақша-несие және салық-бюджет саясатының шеңберінде болады.
Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы салық-бюджет саясаты. Экономиканың бастау сәті (С) нүктесінде 15-сурет. Мемлекеттік шығындар (G) өссе немесе салық мөлшері (T) төмендесе, онда IS оңға қарай, қозғалады, IS’ сондықтан жиынтық сұраныс АD1 жағдайында болады. АD қисығының оңға қарай қозғалысы сұраныс инфляциясын тудырады, ал баға деңгейі Р0-ден Р1-ге өседі.
Бағаның өсуінің әсерінен, нақты ақша ұсынысының салыстырмалы түрде қысқаруы салдарынан LM қисығы LM1 жағдайында солға қарай қозғалады А нүктесінде қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады.
R LM’ R
LM’
AS'
В В AS
R2 А LM R2
R1 R1
А AD’
IS’
R0 С С AD
IS
Y* Y1 Y2 Y Y* Y1 Y
15-сурет.
Сұраныс инфляциясы жағдайында экономикалық агенттер өздерінің іс-әрекеттерін реттейді: атаулы жалақы мөлшерлемесі өседі. Бұл жағдай бір өнімге кететін орташа шығын мөлшерін өсіреді және фирманың пайдасын азайтады. Бірте-бірте өнім көлемі азайып, AS қисығы солға қарай қозғалады. А қисығының азаюы бағаның өсуіне алып келеді (Р1-ден Р2) немесе шығындар инфляциясы болады. Бағаның мұндай өсуі LM’ қисығын қисығын тағы да солға қарай LM’’ жағдайына қозғайды. Сонымен ақша ұсынысы салыстырмалы түрде азайғандықтан, пайыз мөлшерлемесі үнемі өседі (Р0-ден Р2-дейін). В нүктесінде ұзақ мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Бұл тепе-теңдік С нүктесімен салыстырғанда жаңа жоғары баға деңгейінде және пайыз мөлшерлемесінде болады. Бұл жағдай экономика құрылымын мемлекеттік сектор жағына өзгертеді. Өнім көлемі әлуетті өнім көлеміне тең.
