
- •Аралық өнiм және қосымша қосылған құн
- •Тұтыну бағасының индексi және жұө дефляторы
- •Негізгі түсініктер
- •Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім
- •Циклдық емес тербелістер
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Циклдық жұмыссыздық
- •Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.
- •Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
- •Қысқа мерзісдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
- •Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
- •Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
- •Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Is-lm үлгісі.
- •Іs қисығын алгебралық жолмен шешу.
- •Lm қисығын алгебралық жолмен шешу
- •Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты
- •Ашық экономика
- •1. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
- •Экономиканың өсу Лекция жоспары:
1 – лекция. Макроэкономикаға кіріспе.
Лекция жоспары:
Макроэкономика пәні және оны зерттеу мәселелері.
Макроэкономикалық айнымалылар және үлгілер.
Позитивті және нормативті талдау.
1-сұрақ. Кез келген адам өз қажеттiлiктерiн әрқашанда барынша толық қанағаттандыруға тырысады. Бұл қажеттiлiктердiң негiзi ақша мен байлықта емес, адамдардың өздерiнде Сондықтан экономика - адамдар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн шектеулi ресурстарды пайдаланғанда туындайтын таңдауларды зерттейтiн қоғамдық ғылым. Барлық ресурс бүкiл адамзаттың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жете бермейдi. Бұндай жағдайда сиректiлiк (редкость) пайда болады. Сuректiлiк - кез келген адамның қажеттілігін қанағаттандыруға ресурс көлемi жетпейтiн жағдай. Miнe, сондықтан да экономиканы терең зерттеу керек. Осы зерттеудегi алғашқы қадам - қандай тауарларды, қаншалықты мөлшерде өндiру керек деген сұрақтарға жауап беру. Бұл сұрақтарға жауап қазiргi экономиканың өзектi мәселелерiн тиiмдi жолмен шешуге зор әcepiн тигiзедi. Әдетте тиiмдiлiкке жету үшiн өндiрiстiк ресурстарды үш топқа бөлiп қарастырады. Олар: еңбек капитал, табиғи ресурстар. Бұл үшеуiн бiрiктiрiп өндiрic факторлары деп атайды. Өндiрiс факторлары - тауарды немесе қызметтi өндiруде пайдаланылатын еңбектiң, капиталдың және табиғи ресурстардың негiзгi салымдары. Өз кезегiнде еңбек - адам өндiрiс үрдiсiнде жұмсайтын барлық дене және ой шығындарының жиынтығы. Капитал - өнеркәсiптiк құрал-сайман, жабдықтар мен инфрақұрылымды қоса алғанда адамның жасаған барлық өндiрiстiк құралдары. Табиғи ресурстар - өндiрiсте өңдеусiз табиғи түрде қолданылатын барлық заттар, мысалы: Құнарлы жер, құрылысқа арналған бос орындар, тоғайлар, минералдар және т.б. Жалпы, экономика ғылымы eкi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика - фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтік агенттіктер сияқты шығын бірліктер жасайтын таңдауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу ceкілді ірі масштабты экономикалық құблыстарын зерттейтін бөлігі.
Макроэкономика экономиканың біp үлкен бүтiн құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы ic-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгiлi бiр уақыт аралығында кейбір фирмалар өндiрген өнімдерiне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеулер көптеген баға өзгерiстерiнiң iшiнен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшiн баға индексi қолданылады. Макроэкономиканың негiзгi мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қaрастыpy емес, экономикның жиынтық беталысын талдaудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну бғга индексi инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндiрiс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді керсеткiштер экономиканың бiр бөлек элементiн ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкiндiк бередi.
Макроэкономика ғаламдық мәселелердi де зерттейдi. Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлардың әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлардың ұзақ мерзімдігі динамикасы әлуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде микроэкономика осы негiзгi траекториядан ауытқып отырады. Сол себептi тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн осы циклдiк толқуларды басқарып отыру қажет. Ресурстардың толық пайдаланылуы және экономиканың инфляциясыз өcyi мақсатында экономикалық циклдердi басқару макроэкономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюджет-салық немесе қазыналық және ақша-несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет-салық саясаты сыртқы саудада, тек қана үкiмет арқылы, ал ақша-несие саясаты Орталық банк арқылы жүзеге асырлаады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың кeмeгімен мемлекет iшкi және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылық opнaтyға және оны ұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшiн макрэкономикалық саясатын қатесiз анықтау, оны таңдалған бағытта дұрыс жүргiзу ең өзектi де басты мәселе болып табылады.
2-сұрақ. Макроэкономика теориясының негiзi peтiндe микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәнi - үй шаруашылықтары мен фирмалардың берiлген экономикалық шарттарда шешiм қабылдау және сол "берiлген" шарттарды өзара қызметтерi арқылы қалыптастырy механизмдерi болып табылады. Микро талдауда тұтынушылардың табысы тек берiлгeн өлшем peтiндe қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әр турлi тауарлар мен қызметтер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макроталдауда, керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты ipi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады, пайыздың нарықтың мөлшерлемесi, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашлықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секкілді қабылдайтын шешімдеріне әcepiн тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемi мен құрылатынын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдiстер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:
1- кезеңде фирмалар мен үй шаруашыльқтарының шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;
2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашлықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалқ беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегаттaлған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiрғaнa фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;
3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика - макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.
Экономикалық үлгi экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар opнaтyғa қажеттi алғы шарттардан тұрады. Үлгi қисынның (логиканың), графиктiң және математиканың көмeгiмeн құрылған теориялардан белгiлi бiр қорытынды aлyға пайдаланылады, ол өз кезегiнде теория түciндipyгe тырысатын құбылыстардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүміндiк бередi. Сөйтiп, үлгiнi экономикалық шарттардың өзгерyi және сатып алынатын игiлiктердiң құны мен көлемiне қандай өзгерiстер енгiзетiнiн анықтау, жорамалдау үшiн пайдаланамыз. Экономикалық айнымалылар деп әртурлi мәндерге ие бола алатын өзгеретiн өлшемдердi немесе ақша сомаларын айтамыз. Әдетте экономикалқ үлгiлер экономикалқ шарттардың ең маңызды экономикалық айнымалыларға әcepiн түсiндiруге тырысады. Үлгiде мәндерi берiлген айнымалылар параметрлер деп аталады.
Экономикалық үлгiлердiң қорытындылары кебiнесе болжамдар түрiнде керсетiледi. Бұл белгiлi бiр фактiлермен расталатын немесе жоққа шығарылатын себептермен салдардың көpiнici болып табылады.
Макроэкономикалық үлгi - әртурлi экономикалық құблыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн керсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бiрде-бiр макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер eтeтін iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.
Экзогендi айнымалылар - алғашқы ақпараттар, "сырттан" өндiрiледi, ал эндогендi айнымалылар – кейiнгi ақпараттар, олар үлгiнiң өзiнде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, экзогендi айнымалылардың мәнi үлгi құрылмай тұрып берiледi, ал эндогендi айнымалылар үлгiнiң iшiндегi есептеулердiң нәтижесiнде қалыптасады.
үлгі
Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогендi, ал түсiндiрiлмей, берiлген түрде қабылданатын aйнымалылар экзогендi деп аталады. Негiзгi мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогендi айнымалылар арқылы түciндipy болып табылады.
Үлгiнiң көмегімен қамтамасыз етiлетiн экономикалық мәселелердi шешудегi жан - жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемдiлiгiн және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгiлердi пайдалану Yкiмeт пен Ұлттық банк экономикадағы циклдiк толқуларды реттеуде жүргiзетiн бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиiмдi пайдаланyға мүмкiндiк бередi.
Шеңберлi ағым үлгiсi, AD-AS, Кейнс Kpeci, IS-LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгiсi сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгiлер макроэкономкалық талдау жүргiзудiң негiзгi құралдары болып табылады. Бұл үлгiлер қандайда бiр рана ұлттық экономикаға тен емес. Кез келген үлгi экономиканың динамикасын және оның көрсеткiштерiн танып-бiлудегi пайдалылығымен бағалануы тиic. Бағалаудың объективтiк қиындығы мынада болып табылады: а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгi құрарда оны жеткiлiктi алғы шарттармен -камтамасыз ету; ә) макроэкономикалық саясат үшiн қате шешiмдердi болдырмау. Үлгi жеткiлiктi дәрежеде нақты өмiрдi көpceтyi мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда ол өте күрделiленiп кeтyi де ықтимал. Ал өз кезегiнде үлгiнiң қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдаланyға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Үлгiнiң шамадан тыс жеңiлдетiлyi үлгiде бiраз маңызды факторлардың ескерiлмeyiнe әкелiп coғaды, ал оның нәтижесiнде қабылданған шешiмдер қате болып шығy ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгiнi құрардағы басты қиыншылық - нақты меселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргiзуге қажеттi факторлар шеңберiн анықтау.
3-сұрақ. Макроэкономикалық талдау және саясат тығыз байланысты. Өйткенi үкiметтің қолында экзогендi айнымалылардың бiрқатары бар. Егер макроэкономика жеке оқиғалардың экзогендi оқиғалармен немесе саяси шешiмдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивтi экономикалық талдау болады. Позитивтi талдауда экономикалық саясаттағы, экономикалық шарттардағы өзгерiстердi өндiрiс, cayдa-caттық, баға сияқты факторлардың өзгерyiмен түciндipyгe тырысады. Осы позитивтi экономика арқылы экономист "егер ... болса, онда ...болады" деген секiлдi тұжырымдар жасайды. Содан кейiн бұл тұжырымдар фактiлермен және caндapмен салыстыpылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкiн. Позитивтi талдау нақты фактiлермен, сандармен, тәуелдiлiктермен жұмыс жасайды. Позитивтi талдау қорытындының жақсы-жамандығына бaға бермейдi.
Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бaғалырақ eкeнiн бiлy үшiн оларды бағaлау қажет. Балама шешiмнiң негiзгi шешiммен
салыстырғанда қаншалықты дұрыс не тepic eкeнiн нормативтi экономикалық талдау бағaлaйды. Нормативтi талдауды не болуы мүмкiн деген сұраққа салыстырмалы турде дұрыс жауап алу үшiн қолдaнуғ болады. Нормативтi тұжырымдар тек кеңес бередi. Бұл тұжырымдар кебiнесе мынадай түрде болады: "мынандай шараларды жүзеге acыpған дұрыс", "осындай саясаттың жүргiзу оңды болады". Мыcaлы: "Epкiн сауданы шектейтiн саясат тоқтатылғаны дұрыс" деген тужырымда epкiн сауданың болуының дұpыcтығы жaйындa пiкiр қорытылады. Нормативтi талдаудан шыққaн тұжырымдарды фактiлермен растау немесе жоққа шығapy қиын, себебi олар негiзiнен болжам түpiндe емес, бұйрық түpiндe болады. Coнымeн нормативтi тaлдау нaқты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман eкeндiгi туралы қорытынды шығaратын экономикалық талдау .
Негізгі түсінктер:
Макроэкономика, микроэкономика, эндогенді айнымалылар, экзогенді айнымалылар, макроэкономикалық үлгі, экономикалық саясат, нормативті талдау, позитивті талдау.
Студенттерге тапсырмалар:
Макроэкономиканың зерттеу проблемалары.
Макроэкономикалық теорияның негізін қалаушылар.
Макроэкономикалық мақсаттармен құралдар.
Экономикалық саясат пен макроэкономика.
Экономикалық айнымалылар және оның түрлері.
Макроэкономиканы зерттеу әдістері.
Макроэкономикалық үлгілердің түрлері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Ивашковский С:И: Макроэкономика .М., “Дело” 2000.
Дж. Сакс. Макроэкономика . Глобальный подход/ Пер .с англ.-СПб.,1994
Агапова. Т.А.., Серегина С.Ф. Макроэкономика :Учебник МГУ, Ихзд-во “Дис”2000
Фишер. Дорнбуш. Макроэкономика 1994
Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. 2003
2-лекция
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
Лекция жоспары:
1.Экономикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу әдістері. Жалпы ұлттық өнім және қор, мен ағын ұғымдары.
2. Атаулы және нақты жалпы ұлттық өнім.
3. Ұлттық есеп жүйесінің көрсеткіштері. Баға индексімен ЖҰӨ дефляторы.
4. Негізгі макроэкономикалық теңдіктер
1-сұрақ. Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Экономикалық статистика – бұл объективтi ақпараттың қайнар көзi. Өкімет фирмалармен азаматтардың экономикалық ic-әрекетi туралы, яғни белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс мөлшерiн, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнeмi зерттеулер жүргiзедi. Алынған деректер бойынша әр түрлi статистикалық көрсеткiштер есептелiнедi, олардың жиынтығы экономикалық қалпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерiнiң талдауларында пайдаланады. Бұлар экономикалық көpiнicтердi бағалауда және тиiстi әдiстердi жасағанда көмек көрсетедi. Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтер үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.
ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi. Статистикалық деректер мемлекеттiң экономика министрлiгiнiң 3 айда бiр есептеуi бойынша, экономикалық ic-әрекет нәтижесiн бiрыңғай көрсеткiшпен беруге негiзделген. ЖҰӨ - дi төмендегiдей бөлiктерге бөлiп көрсетуге болады:
1. Барлық экономикалық aгeнттep табысының жиынтығы.
2. Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндiрiстегi шығын көлемiн бiрдей өлшейдi. Себебi бұл өлшемдер соңында бiрдей болады. Жалпы, экономика үшiн табыс көлемi шығын көлемiне тең болуы керек. Бұған көз жеткiзу үшiн, бiз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемiн және басқа да coнымен байланысты көрсеткiштерге талдау жасап, оқып - үйренyiмiз керек.
Ауыспалы көлем 2 түрге белiнедi - қор және ағын.
Экономикалық көрсеткiштердi зерттеу кезiнде, көбiнесе қай санатқа жататындығын aнықтау қажет болады - қор ма, елде ағын ба, олардың арасын да тәуелдiлiк бар ма? Төменде бiрнеше бiр-бiрiмен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген:
Тұтынушы заты - қор, оның табысы мен шығыны - aғын.
Жұмыссыздар саны - қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны - aғын.
Мемлекeттiк қарыз - қор, бюджет тапшылығы - aғын.
Жоғарыда қарастырылған түсiнiктердің көпшiлiгi "ағын" түciнiгiнe жатады. Мысалы: ЖҰӨ (ЖІӨ), инвестиция, мемлекеттiк шығын, т.б.
Макроэкономикада маңызды деп есептeлeтiн "қор aғын" ұғымына жататын кейбiр көpceткiштeрдi қарастырамыз.
1. Инвестиция және негiзгi капитал. Экономикадағы капитал - бұл белгiленген, анықталған уақытта жинақтaлғaн тұpғын үй қоры, машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар қоры және елдегi өндiрушi күш. Инвестициялық шығындар - бұл белгiлi бiр уақыт аралығында негiзгi капиталды қолдаyға және капиталдың өcyiнe бағытталған өнiмдер ағыны. Осыдан төменгiдей қатынасты алyға болады: К = К-1 + І
(1)
Мұндағы К - қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры. Ал К-1 - қарастырылып отырған жыл аяғындағы жылдың капитал қоры. Қор өciмi (K- К-1) инвестиция ағымына тең.
2. Қор және байлық. Жоғарыда қapacтыpылған ''қор aғын" ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор және байлықты қарастырyға болады. қор S табыстың тұтынудан қалған бөлiгi, бұл қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi. W – W-1 = S
(3)
(W-W-1) - қор жинағының өciмi қорға тең.
3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестuцuясының сальдосы.
"Қop - ағын" ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол арындары операция шоттары (СА) мен шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көрceтeтiн теуелдiлiк.
NIIP = NIIP-1 + СА
(4)
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттiк қарыз. Бұл көрсеткiш мемлекеттің таза қарызының мелшерi Dd пен бюджет тапшылығы (DEF) арасындағы тәуелдiлiктi көpceтeді.
Dd - D d-1 – DEF
ЖҰӨ-де осы әр түрлi тауарлардың құны бiр жалпы көрсеткiш арқылы өрнектеледi. Мәселен, айталық экономикада 3 апельсин мен 4 алма өндiрiлсiн. ЖҰӨ-дi қалай есептеймiз?
Әр түрлi тауарлардың жалпы құнын есептеу үшiн, 6iз нарық 6ағасын олардың 6ағасы ретiнде қолданамыз. Нарықтық 6ағаны қолдану се6е6iмiз тұтынушылар 6елгiлi 6ip тауар немесе көрсетiлген қызмет үшiн сол 6ағаны нақты төлеуге дайын. Егер де алманың 1 данасы 50 тиын тұрса, ал апельсиннiң 1 данасы 1 теңге турса, онда ЖҰӨ мынаған тең:
ЖҰӨ = (алма 6ағасы х алма саны) + (апельсин 6ағасы х апельсин саны) = (0,50 х 4) + (1,00 х 3) = 5,00. Барлық алма 6ағасына (2 теңге) 6арлық апельсин 6aғaсын (3 теңге) қосамыз.
ЖҰӨ = 5 теңге.
Аралық өнiм және қосымша қосылған құн
Айталық фермер 6iрнеше кг еттi Мак Дональдс фирмасына 0,50 долларға сатады. Содан кейiн Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гам6ургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ-дi есептегенде, еттiң және гам6ургердiң 6ағасы 2 долл. Көлемiнде деп есептеу керек пе немесе тек гам6ургердi 1,50 долл. деп алу керек пе?
ЖҰӨ - ге тек соңғы өнiмнiң 6ағасы ғaнa кiредi. Сондықтан гам6ургердің 6ағасы ЖҰӨ - ң 6өлiгi болып та6ылады, ал еттiң 6ағасы енгiзiлмейдi. ЖҰӨ тек 1,5 долл-ға көтерiледi. Мұның ce6e6i, аралық өнiмнің 6ағасы соңғы өнiмнің 6ағасына кiргiзiлiп қойылған. Фирманың қосымша қосқан құны өндiрiлген өнiмнiң құнының фирманың аралық өнiмгe, өзi жасаған құнынан алып тастағандағы айырмасына тең. Гам6ургермен 6айланысты жағдайда фермер қосқан құн 50 центке тең (6ұл жағдайда фермер аралық өнiмдi иемден6ейдi, ал Мак Дональдстiң қосқан құны (1,50-0,50 долл.), яғни 1,00 долл.ғa тең. Жалпы қocылғaн құн 0,50 долл.+ 1,00 долл., яғни 1,50 долл. тең болады. Экономика үшiн жалпы қосымша құн сомасы 6арлық соңғы өнiмдердiң 6ағасы мен қызметтердiң нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ-дi 6арлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретiнде қараyға болады.
2- сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ.
ЖҰӨ өлшемi осы алма мен апельсиннің бағалары немесе санының өcyiмeн жоғарылайды. Өндірілген өнімнің құны 2 есе жоғарыласа, ал саны өзгермесе, онда ЖҰӨ де 2 есе көбейедi. Сонымен бiрге 2 есе бағасы өскен тауардың саны өзгермей қалса, онда тұтынушылардың қанaғaттану дәрежесi 2 есе өстi дегенiмiз қaтe. ЖҰӨ құрамында тауар мен көрсетiлген қызметтердiң бағасы ағымдағы бағамен есептелсе, онда олар атаулы ЖҰӨ деп аталады. Экономика жағдайын нaқты көрсету үшiн, экономикада өндiрiлген тауарлар мен қызмет саны баға өзгерiciнiң әcepiнe тиiстi болмауы керек. Haқты ЖҰӨ көрсеткiшi, мұнда тауарлар мен қызмет құны тұрақты бағалармен өлшенедi.
ЖҰӨ нақты көлемiнiң есебi үшiн базистi жыл, мәселен 1996 жыл таңдалады. Содан кейiн барлық тауар құны 1996 ж. құнмен есептелiнедi және жинақталады. Сонымен, бiздiң алма-апельсин экономикамыз үшiн нақты ЖҰӨ 2005 жылда былай болады:
Haқты ЖҰӨ = (алма бaғaсы 1996 ж х алма саны 2005 ж) + (апельсин бағасы 1996 ж х апельсин саны 2005 ж).
Сол сияқты нақты ЖҰӨ 2006 ж. мынаған тең.
Нақты ЖҰӨ = (алма бағасы 1996 ж х алма саны 2006 ж) + (апельсин бaғасы 1996 ж х апельсин саны 2006 ж).
Яғни, баға тұрақты болғандықтан, ЖҰӨ-ң нaқты көлемiнің шешiмiне алма мен апельсин өндiрiсi көлемiнің өзгерiсi ғaнa әсер етедi. Сондықтан, нақты ЖҰӨ - бұл базистi жылдағы өндiрiлген өнiм бағасының жиынтығы (яғни 1996 ж.). Халықтың материалдық тұтыну қанағаттануының дережесi өндiрiлген тауарлармен қызметтерге тәуелдi болса, онда атаулы ЖҰӨ-ге қарағанда, экономика жағдайының тура көрсеткiшi нақты ЖҰӨ болып табылады. Атаулы және нақты ЖҰӨ көлемiнiң негiзiнде бiз қажeттi көрсeткiштi есептей аламыз: Яғни ол – ЖҰӨ дефляторы. ЖҰӨ дефлятoры - бағa дефлятoры деп те аталады. Ол төмендегiдей анықталады:
ЖҰӨ дефляторы = атаулы ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторы дегенiмiз - осы жылғы нан бағасының базистi жылдағынан бағасының қатынасына тең. Сонымен бiрге нақты, өмiрде экономикада әр түрлi тауарлар кең түрде өндіріледі, сондықтан нақты және атаулы ЖҰӨ-де өндiрiс өнiмдерiнiң әр түрлi көптеген бағалары мен санының көрсеткiштерi көрсетiлген. Апельсин және алма өндiретiн экономиканы қарастырайық. Сонда,
Р - тауар бағасы.
Q - тауар көлемi.
Индекс 1996 - бұл базистi 1996 ж. Мұндай жағдайда ЖҰӨ дефляторы мынаған тең:
ЖҰӨ дефляторы = (Р алма х Q алма)+(Р апельсин х Q апельсин) / (Р96 алма х Q алма) (Р96 апельсин х Q апельсин)
ЖҰӨ дефляторы = (Р алма х Q алма)+(Р апельсин х Q апельсин) / (Р96 алма х Q алма) (Р96 апельсин х Q апельсин)
ЖҰӨ дефляторы ЖҰӨ құрамын 2 бөлiкке бөлуге мүмкiндiк бередi:
бiрiншi - өндiрiлген өнiмнің санын сипаттайды,
екiншi - бағасын сипаттайды.
Атаулы ЖҰӨ көлемi = нақты ЖҰӨ көлемi х ЖҰӨ дефляторы.
Атаулы ЖҰӨ өндiрiлген өнiмгe ақшалай баға бередi. Нақты ЖҰӨ өндiрiлген өнiм санын сипаттайды, яғни тұрақты бағамен өлшенген өндiрiс көлемi (базистi жылдағы баға). ЖҰӨ дефляторы базистi жылға қарaғанда есеп беру жылындағы өнiмнiң баға бiрлiгiнiң өзгерyiн көрсетедi.
3-сұрақ. Ұлттық есеп жүйесiнiң үлкен бiр бөлiгiнiң көрсеткiшi - бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректердi шығын құрауыштары және табыс көрсеткiштерi деп 2-топқа бөлуге болады. Шығын құрауыштары:
ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа белiнедi:
1) Тұтыну (С)
2) Инвестициялар (І)
3) Мемлекеттiк сатып алу (G)
4) Таза экспорт (NX)
Сонымен, ЖҰӨ-дi "Ү" символымен өрнектеп, мына өрнектi аламыз:
Y = C + I + G + NX
Бұл "ұлттық есепшот тепе-тендiгi" деген атау алады.
Тұтыну - бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жиынтығы, олар мынадай топтарға белiнедi:
1) Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарлар;
2) Ұзақ мерзiмдi қолданылатын тауарлар;
3) Көрсетiлген қызмет.
Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғaнa қызмет жасайтын, мәселен, киiм және азық-түлiк тауарлары, т.б. жатады.
Ұзақ мерзiмдi тауарлаpға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кiржуатын машиналар, т.б. жатады.
Көрсетiлген қызмет түpiнe тұтынушыларға жасалған қызмет, мәселен, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.
Инвестиция мынадай топтарға белiнедi:
1) Өндiрiстiк капиталды салу (немесе негiзгi өндipiстiк фактор инвестициясы жатады);
2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
3) Қор инвестициясы.
Негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндipicтiк кәсiпорындар мен жабдықтарға жұмысаған шығындары жатады.
Тұрғын үй-құрылыc инвестициясы - бұл тұратын жаңа үйлер мен жaлға берeтiн үйлердi салудағы шығындар.
Инвестиция қopы - бұл фирманың қоpдaғы тауарларының бағасының өciмi (егер қорлар қыcқapтылca, инвестиция қopы өлшемi тepic мәнге ие болады).
Мемлекеттiк шығындар - өкiмeт тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құpылысы және мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбекақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, яғни әлеуметтiк caқтaндыpyғa арналған төлемдер және басқа да aқылap кiрмейдi. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құpaмынa енгiзiлмейдi.
Соңғы топ - бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерiн көpceтeтiн таза экспорт. Таза экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны көлемiнiң айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, Сыртқы сауда шеңберiнде қapaстыpғaндa экспорт пен импорт көлемi тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ iшкi шығындар жиынтығына тең болады:
C + I + G
Бiрақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда бiз әлемдiк нapықa "нетто-экспортшы" peтiндe қатысамыз, сонда ЖҰӨ iшкi шығын көлемiн жоғарылатады. Сол сияқты, егер де импорт экспортта қapaғaндa көп болса, онда бiз әлемдiк нарықта "нетто-импортершы" ретiнде қатысамыз, сонда таза экспорт тepic мән болып табылады және шығын көлемi өндiрiс көлемiнен жоғары болады.
Табыстың басқа да көрсеткiштерi:Ұлттық есеп жүйесiнде көбiнесе табыс жиынтығының көрсeткiшi peтiндe ЖҰӨ қолданылады, ЖҰӨ-ден кейбiр құрауыштар арқылы ерекшеленетiн басқа да табыс керсеткiштерi қолданылады. Әр түрлi табыс көрсеткiштepiнiң байланысын нaқты бiлу үшiн кезекпен ЖҰӨ-ден әр түрлi құрауыштарды игере отырып қapacтырамыз. Таза ұлттық өнiмдi (ТҰӨ) алу үшiн, өндiрiстiк кәсiпорындар, жабдық және тұрғын үйлердiң жылына төмендейтiн құны өлшемiн, яғни капиталдың негiзгi тозу құнын есептемеймiз:
ТҰӨ = ЖҰӨ - капиталдың негiзгi тозу құны немесе амортизация
Ұлттық есеп жүйесiнде капиталдың негiзгi тозу құны амортuзацuялық шығындар деп аталады.
Капиталдың негiзгi тозу құны - бұл өндipicкe кеткен шығындар, сонда ЖҰӨ-нiң осы құнынан айырмасы экономикалық қызметтiң таза нәтижесiн сипаттайды.. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, басқа көрсеткiш аламыз. Оның атауы – ұлттық табыс.
Ұлттық табыс = ТҰӨ - жанама салықтар ұлттық табыс барлық экономика aгeнттepiнiң табыс жиынтығын көрсетедi. ұлттық есеп жүйесiнде ұлттық табыс, табыс алу тәсiлiне байланысты бес құрауышқа бөлiнедi. Осы 5 санат (категория), coнымен бiрге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесi төменде пайыз түpiндe көрсетiлгeн:
1) Еңбекақы .Жумысшылардың алатын жалақысы мен сыйлығы.
2) Жеке меншiк табыстар. Мәселен, кiшiгiрiм дүкендер, фермалар, т.б.
3) Ренталық табыс.Жылжымайтын мүлiк иелерiнiң алатын пайдасы, оған қoca өздерi өзiне ''төлемейдi" деп есептелiнген жалдау ақысы жатады.
4) Корпорация пайдасы .Жұмысшылар мен несие берушiлерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.
5) Таза пайыз . Белгiлi бiр елдiң кесiпорын төлемдерiнiң пайыздық сома мен олар арқылы алынған пайыздық сома елдердiң экономикалық aгeнтгтepiнeн түскен пайыздық соманы қосқанға тең. Осындай түзетулердiң көмегімен ұлттық табыстан жеке табысқа өтyгe болады, яғни үй шаруашылығы мен корпоративтi емес кәсiпорындар алатын табыс.
Жеке табыс = ұлттық табыс - корпорация пайдасы - әлеуметтiк сақтандыруға салынған салымдар - таза пайыз + дивидендтер + мемлекеттен халыққа берiлетiн трансферттi төлемдер + жеке табыс (пайыз түрiнде алынған)
Қолда бар табыс = жеке табыстар - жеке салықтық және салықтық емес төлемдер.
Жеке табыс - бұл үй шаруашылықтарының иелiгiңде және мемлекеттiк салық мiндeттepiн орындағаннан кейiнгi корпоративтi емес кәсiпорындар иелiгiнде қалатын қажеттiлiктер.
Өмір құнын өлшеу: тұтыну бағасының индексі.Тауарлар қоржынының бағасы.
Көбiнесе баға деңгейiнiң көрсеткiшi ретiнде тұтыну бағасының индексi (ТБИ) қолданылады. Тұтыну бағасының индексi есебiмен статистика агенттiгi шұғылданады. Ең алдымен тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң бағасы туралы жинақ жүргiзiледi. ЖҰӨ бiр көрсеткiш ретiнде көптеген өндiрiлген тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң бағасын көрсетедi, сол сияқты тұтыну бағасының индексi де көптеген тауарлар мен қызметтердiң бағасын көрсетедi.
Статистика агенттiгi әртүрлi тауар түрлерiн, қарапайым тұтынушылар тұтынатын тауарлар мен көрсетiлгeн қызмет жиынының анықтaлғaн бағасын есептеу жолымен көрсетедi. Тұтыну бағасының базистi жылдағы бағасына қатынасы - тұтыну бағасының индексi болып табылады. Мәселен, әр айда қарапайым тұтынушы 5 алма жене 2 апельсин тұтынады деп жорамалдайық. Сонда тұтыну 5 алма мен 2 апельсиннен тұрады. Сондықтан, тұтыну бағасының индексi:
ТБИ = (5 х нақты алма бағасы) + (2 х нақты апельсин бағасы) / (5 х 1996 ж. алма бaғасы) + (2 х 1996 ж. апельсин бaғасы)
Тұтыну бағасының индексiн есептегенде 1996 ж. базистi жыл болып есептелдi. Индекс 1996 жылы және қазiргi кездегi тұтыну қоржынындағы 5 алма мен 2 апельсиннің бағаларының қатынасын көрсетедi. Осы жалпы баға индексiмен қатар статистика aгeнттігі жеке топ тауарларының индекстеpiн есептейдi, мәселен, азық -түлiк, энергия, тұратын жер.