Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IGPZ_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.37 Кб
Скачать

19. Римдегі Принципат және Доминат кезеңдері

1. Принципат (б.э.д. I ғ. - б.э. III ғ.) “принцип-сенатұс” бiрiншi сенатор. Бұл титулды алғаш Октавиан Август алды. Ол сенатта бiрiншi болып сөз алды.

2.Доминат (б.э. III – V ғ.) “домунис” – мырза (господин), яғни императордың абсолюттiк билiгiн түпшiлiктi тану.

Принципат. Император – принцип өз қолында басты Республиқалық магистратұраны: (диктатор, консул, претор, халық, трибуны) өз қолына алды. Принципат қаулысы заң күшене ие бола бастады (Октавиан 13 рет консул, 3 рет цензор, 37 рет халық трибуны сайланды). Принцпат билiгi сенат және мемлекеттiк халық шешiмiмен орындалды, кейiн мұраға қалатын болды.

Доминат. II-III ғ. құл иеленүшiлiк құрылыс тiрегi шайқала бастады. Құлдар жиi көтерiлiске шығып оларды қолондар мен кедейлер қолдады. Империя иелiгiндегi халықтарда бас көтердi. Басқыншылық соғыстан Рим ендi ендi қорғаныс соғысына көштi.

Доминатқа өту билiкке Диоклетианның (Доминус) билiкке келуiмен ұштасады (284 ж.). Принципат кезiндегi принципс кеңесi мемлекеттiк кеңестк (консисториум) айналды. Сенат Рим қаласының Кеңесiне айналды.

20. Рим құқығы және оның негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.

1. бірінші римдік құқық кодификациясы – әдет құқығы жазбасы түріндегі ХІІ кесте заңдары.

2. б.д. ІІІ ғ –ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян және гормогениан кодекстері;

3. б.д. 483ж. Алғашқы ресми жүйелендіру - Фиодосий кодексі қабылданды, мұнда б.д.ІҮ ғ. Бастап императорлардың конституциялары жинақталды.

4. б.д. ХІІ ғ. Рим құқығының соңғы жүйелену аяқталды, ол Юстиниан императордың тұсында жүзеге асырылып, «азаматтық құқық жинағы» - Корпус Юрис - Цивилис деген атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден құралды.

- институциялар – рим құқығының қарапайым курсы

- дигестлер – ескірген түсініктер мен қарама – қайшылықтарды жою мақсатында редакциялық өңдеуден өткен заңдар.

- юстинианның кодексі;

-новеллалар.

21. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер

Спарта мемлекетiнiң пайда болуы б.э.д. VIII-VII ғ. жатқызамыз. Спарта мемлекетi пайда болуы процессiнде рулық ұйымның қалдықтары ұзақ уақыт сақталды. Лаконика өңiрiндегi ахей тайпаларына басып кiрген дори тайпалары бiрiгiп Спарта қауымын құрды. Б.э.д. VIII-VII ғ. олар өз иелiктерiн кеңейттi. Жаулап алулар нәтижесiнде таптық жiктелу жүрдi: спартакандықтар құл иеленүшi тапқа, ал бағынышты тұрғындар құлдарға немесе құқығы шектеулi азаматтарға айналды. Қауымдағы саяси билiктi ұйымдастыруға екi тайпа көсемi (дори және ахей), старейшиндер кеңесi, халық жиналысы әрекет еттi. Бiрақ қол астындағы бағынышты бұқара халықтарды ұстап тұруға әлеуметтiк және саяси құрылыста бiрлiктi қажет еттi. Осы кезде бiрлiк аңызда қалған Лиқұрг ретрасымен (келiсiм шарт) бекiтiлдi. Ретра мiндетi мүлiктiк диффиренцация арқасында спарта бiрлiгiн қамтамасыз ету және жаулап алынған жерлердi бiрiңғай ұйым арқылы басқару.

Қоғамда үстем етүшi тап спарталықтар болды және саяси құқық та соларда ғана едi. Спарталықтардың жер үлесi, құлдары (илот) болды. Бұл жерлердi сатуға, сыйлауға және өсиетке қалдыруға тиым салынды. Спарталықтар тұрмысы қарапайым болып, әскери тәртiпте ғұмыр кештi. 7-20 жас аралығында арнайы әскери дайындықтан өттi. 20-60 жас арасында әскери қызметте тұрды.

Периферия және таулы жерлерге тұрғындары “Периек” деп аталып құқықтың жағынан спарталықтардан төмен, илөттардан жоғары тұрды. Олардың жеке басы бостандығы, мүлкi болғанымен құқықтары болмады. Кәсiптерi сауда мен қолөнер болды.

Илөттар – басыбайлы мемлекет меншiгi ретiнде қаралды. Олар жерлердi өңдеуi және үй шаруашылығында қызмет еттi, әскери қызмет атқарды. Илөтты өлтiруге мақсат етiлдi. Жыл сайын илөттарға қарсы соғыс жарияланды.

Спарта құл иеленүшiлiк аристократия нысанындағы мемлекет болды. Мемлекет басында екi архагет (патша) отырды. Архагет билiгi мұралық жолмен жалғасты. Олар әскери олжаның көп бөлiгiн алды, старейшиндер кеңесi құрамына кiрдi, кейбiрмаңызды сот iстерiн шештi.

Старейшиндер Кеңесi (Герусия) – билiк орғанына жатты. Оның құрамына жасы 60 асқан атақты 28 спартандық (геронт) кiрдi. Екi көсем (архагет) де груссия мүшесiне жатты. Геруссия мемлекет аралық келiсiмдерге қатысты, мемлекеттiк қылмыс iстерiн қарады және архагеттерге қарсы сот процессiн жүргiздi.

Халық Жиналысына (Апелла) жасы 30 толған спартандықтар қатыса алды. Дауыс беру (Халық Жиналысында) айқай арқылы болды. Халық Жиналысы айына бiр рет шақырылып, онда заңдарды қабылдады, лауазымды адамдарды сайлады, соғыс және бiтiм шартын шештi т.б.

Б.э.д. VIII ғ. Спарта да Эфорлар пайда болды. Эфорлар ақсүйектер өкiлi болды. Жылына бiр рет бес эфор сайланды. Б.э.д. VIIғ. Ортасынан бастап эфорлар билiгi нығайды, яғни архагеттерге де бақылау жүргiздi. Тiптi барлық мемлекеттi басқару iсiне араласты.

Б.э.д. V ғ. Тұсында Спарта бүкiл Пелопоннеске билiгiн жүргiздi. Б.э.д. V-IV ғасырдағы қоғам дамуы мүлiктiк диференциясы күшейттi. Жер үлестерiн өсиетке қалдыруға, сыйлауға рұқсат етiлдi. Б.э.д. IVғ. Македония жаулап алулары Спарта экономикасы негiзiн қиратты. Б.э.д. II ғ. ортасында Спарта Рим қол астына кiрдi.

22.Хлодвигтің Франк мемлекеті мен құқығын дамытуағы ролі 486 жьшы Суассон деген жерде франктерден Галлиядағы Римнің соңғы намсстнигі Сиагрий жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг руының өкілі, он тоғыз жасар Хлодвиг басқарды. Франктер әскери шабуылдармен өз жерлерін кеңейте берді, бесінші ғасырда бүкіл франк корольдері Меровинг руының тұқымдары болатын. Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери демократияның қалдықтары өте көп сақталған еді. Христиан дініне ету үшін Хлодвиг өзінің әскерінің келісімін он жылдай күтті. 496 (497) жылы Рим католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін ғана өзінің жағдайын нығайтты. Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвиг мемлскетінің шекарасы Пиренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн өзенінің оң жағалауы да оған кірді.

Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровин-гтер руынан шыққан косем. Хлодвиг осксрге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақыл-ды іс-әрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим ка-толик шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер бала-ларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің түқымдары болатын. Корольдің қолында маңызды мемлекеттік артықшылықтар болды. Ол халық әскерін басқарды. Ол оскерге франктер ғана емес, галло-римдер де қатысатын. Король епис-коптармен және жоғары вельможалармен ақылдасып, бүкіл жоғары қызметкерлерді тағайындады. Оларға сыйлық ретінде жер және басқа заттар таратты. Корольдің сарайы ең жоғарғы мемлекеттік орган болды.

Хлодвиг әртүрлі әдіс қолданып, қарапайым әскер басшысынан жеке басшыға айналды. Жеке билік үшін Хлодвиг тайпалар көсемдерінің көзін жойды, туысқандарды да өлтірді. Неше түрлі арамдықтарды қолданудан ол тайынған жоқ. Хлодвиг христиандардың дінін алып, мемлекетті нығайтты. Бірақ корольдің билігі күшті болғанымен, рулық қоғамның кейбір басқару органдары сақталып қала берді. Франктердің жалпы тайпалар жиналыстарының орнына "Наурыз дала" деген жиналыстар келді. Мұндай жиналыстарда Хлодвиг әскерінің сапасын талпынады .

23.Франк мемлекетіндегі варварлық шындық.

Рим халықтары герман тайпаларының бәрін "варвар" жабайы деп атайтын. Бұл сөз гректерден рим халықтарына көшті, олар римдіктерден басқаның бәрін "варвар" деп атады.

Варварлар Рим империясын солтүстік шекарасы жағынан, франктер Рейн өзені жағынан, готтар, алаңдар және ғұндар Дунай өзені жағынан қыспаққа алды. Бұл тайпалар бір-біріне ұқсас болмаса да, оларды біріктіретін жалпы бір ортақ нышан - бәрінің атты әскерлері болды. Туғаннан ат құлағында ойнайтын олар өмірлерінің жартысын ат үстінде өткізетін. Рим империясының әскері көбіне ауыр қаруланған лешонерлерден тұратын. Бірақ 378 жылдан бастап гот пен хұндардан жеңілгеннен кейін, өз әскерлеріне өзгеріс енгізді.Оларда да атты әскер құрылды. Рим қоғамы екіге бөлінді: бір жағынан әскери адамдар, екінші жағынан әскерге қатыспайтын азаматтар. Варварлар олай бөлінген жоқ. Олардың бүкіл ер адамдары әскерге қатысатың көсемдердің де және басқа белгілі адамдардың да жеке сарбаздары болатын. Бастық оларды қаруландырды, асырады және басқарды. Варварлар жауынгер болды. Олар көшпелі өмірді қалады, сол үшін де жаңа табыс, жер мен жайлау іздестіруге мәжбүр еді. Ақылды көршілерінен соғыстың жаңа әдістерін жылдам ұғып үйренетін. Сондықтан олар Рим империясын жеңіп, тізе бүктірді.

24.Людовик ІХ реформалары өткізіледі : оның мәні мынада : сот реформасы – корольдық доменде жеке соғыстарға тыйым салынады, егер даутуған жағдайда корольдық сотқа жүгінулері керек; жергілікті жерлерде «корольдің 40 күні» енгізілді, бұл мерзім ішінде феодалдар жеке соғысты бастай алмады ; Корольдың куриядан ерекше сот палатасы Перит парламенті ығыстырылып шығарылды. Бұл жоғарғы апелляциялық инстанция болды. Қаржы реформасы – басты есептік бірлік ретінде – корольдық алтын монета енгізілді. Корольдық куриядан қаржылық басқарудың жоғарғы органы ретінде – Есеп палатасы ығыстырылып шығарылды.

Франциядағы сословиелік-өкілдік монархия (ІУХ-ХУ ғғ.). Тауар- акша карым катынастарынын дамуы шаруалардын кукыктык жагдайларын өзгертті. Сервердің саны азайды да шаруалардың көбі ерікті ценз төлеушілерге айналды. Олар өздерінің сеньерларына ценз деп аталатын ақша рентасын төлейтін болды. Рентаның бағасы біртіндеп өсе бастады.франция мен англия арасындағы жүзжылық соғыс феодалдық қанаушылықты күшейтті де,шаруалардың жағдайларын нашарлатып, таптық күрестіңшиеленісуіне әкеліп оқтырды.соғыс уақытында көптеген феодалдардың жерлерін король тәркілеуге ұшыратып, өзін жақтайтын уақ феодалдарға алып берген болатын.Өндiрiстiң дамуы және қалалардың дамуы бiр жағынан шаруалардың құқықтық жағдайына әсерi болды. 14-ғасырға таман серваж жойылып, көпшiлiк шаруалар басы бос цензитариилердi құрады.

14-15- ғасырларда Францияда сословиелердiң қайта құрылуы аяқталды. Iрi үш сословиенiң құрылуы феодалдық қырқысты тоқтатты және тапаралық шиеленiстi шешудiң жаңа механизмiн бекiттi.

Бiрiншi сословиеге дiн қызметшiлерi кiрдi. Оның салық және сот иммунитетi сақталды. Бiр жағынан король кеңесшiсi қызметiн атқарды.

Екiншi сословиеге дворяндар жатты. Олар 14-15 ғасырларда әлеуметтiк және саяси өмiрде жетекшi орын алды. Дворяндардың жерге абсолюттi құқығы болды және мұраға қалдырды. Олардың ерекше титулдары, гербтары және басқа да белгiлерi болды. Бiрден-бiр мiндетi корольге әскери қызмет ету ғана болды. Титулы бар дворяндар (герцогтар, маркиздер, графтар, виконттар т.б.) мемлекеттiк аппарат пен әскери жоғарғы постыларға үмiткер болды.

Үшiншi сословиеге ерiктi қала тұрғындары, цензитариилер, қалыптасып келе жатқан буржуазия кiрдi. Бұл сословиеге барлық алым-салық ауыртпалығы түстi.

25.Франциядағы Бас штат тар және оның мемлекеттік басқарудағы орны.14- ғасырдың басында король мен басқа сословиелердiң арасындағы одақтың нәтижесi ретiнде сословиелiк-өкiлдiк мекеме Бас Штаттар және провинциялық штаттар құрылды. Бас Штаттардың пайда болуы Франциядағы мемлекет нысанының алмасуының бастамасы болды.

1302 жылы король Филипп 4-нiң Бас Штаттарды шақыруының өзiндiк тарихи себептерi болды. Мысалы, соғыстар, экономиқалық қиыншылық, рим папасымен болған дау-жанжал т.б. Бас штат шақыру король ықтиярында болды. Жоғарғы дiнбасылар (архиепискөп, епискөп, аббат) және iрi феодалдар жеке түрде шақырылды. Бас Штатқа сайланған депутаттардың жетiден бiрiн юристер құрады (15%). Француз қоғамының мүлiктiк сатысын құрайтын Бас Штаттар жоғарғы мемлекеттiк орған болып саналды. Бас Штаттар талқылауына түсетiн мәселелер тәртiбiн де король бекiттi. Көп жағдайда Бас Штаттар корольге қаражат керек кезде шақырылды.

Король билiгi мен бас Штаттар арасындағы конфликт 1357 жылы шиеленiстi. Парижде көтерiлiске шыққан қала тұрғындары Бас штаттың негiзiн қалады. Олар реформалар жүргiзудi талап еттi. Осы Март орданансы бойынша қаржыны жұмсау Бас Штаттың құзыретiне көшудi, Бас Штаттың жылына үш рет король шақыруынсыз-ақ жиналуы туралы талаптар болды. Бiрақ король бұл талаптарды 1358 жылы керi қайтарды.

Бас Штаттарда әрбiр сословие өз алдына бөлек жиналып және мәселелердi де жеке қарады.

Жергiлiктi жерлердегi штаттар саны 14- ғасырдың соңында 20-ға жеттi. Бас Штаттарға және провинциялық штаттарға да шаруалар жiберiлмедi.

26.Франциядағы абсолюттік монархия (ХУІ-ХУІІІ ғғ.).XVII ғасырдың екінші жартысында Францияда шексіз, абсолюттік монархия түпкілікті орнады, ел билігі түгелдей корольдің қолына жинақталды.

Абсолюттік монархияның негізгі белгілері:

- корольдің сөзі бүкіл ел үшін заң болды;

- король қазынаны өзі билеп-төстеді;

- соттарды өзі тағайындап отырды;

- армияны өзі басқарды;

- салық мөлшерін өзі белгіледі;

- салық жинаушыларды өзі тағайындап отырды;

- елдің барлық халқы корольдің боданы деп саналды.

- Ағылшын корольдері сияқты, француз корольдері де шіркеуді өздеріне бағындырып алды.

Капиталистик карым-катынастар ныгайып,феодалдык-сословиелик курылыс ыдыраганнан кеин шексиз монархия орнатуга жаксы жагдай туды. Шексиз монархия 15 гасырдн сонында калыптасады. Онын калыптасуына мынадай ірі саяси қызметкерлер,Францияның карольдері-

12 Людовик,биринши Франциск,екинши Генрих белсенди роль аткаргандары малим. Бирак франциянын биринши шексиз монархы тортинши Генрих болды. Ол католиктермен,гугеноттардын арасындагы діни согыстарды токтатып, францияда бейбитшилик пен тыныштык орнатты. Абсолюттик монархиянын негизги органдары-кароль жане онын сарайы.Мемлекеттин пайдасынын жартысы карольдин сарайына жумсалды. Жогаргы саяси билик карольдин колына толык жинакталды. Ол билигин ешкиммен болискен жок. Кароль феодалдык олигархиямен католик ширкеуинин аппозициясын женип,сословиелік өкілдік органдарды жойды. Шексиз монархия тек зорлык пен куштеу адистерин колданды. Мемлекеттик аппаратта коррупция, пара алу бир-бирин күндеу занды жагдайлар болатын. Мемлектти талантсыз адамдардын баскаратынны бари билди. Карольдин сараиы Франциянн улттык байлыгын озине жумсады,ал халыктын жагдайы ауырлай берди

Мұндай биліктің кемшіліктеріне қарамастан, XVI-XVII ғасырдың бірінші жартысында Франция Еуропа елдерінің арасындағы ең қуатты мемлекеттің біріне айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]