- •1) Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылымы
- •2)Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы
- •3) Өлілер кітабы және оның сол кезеңдегі қоғам үшін маңызы
- •4) Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
- •5) Вавилонның мемлекеттік құрылысы.
- •6) Хамурапий заңдары
- •7. Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы
- •8. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
- •9. Ману заңдары
- •10. Ежелгi Қытайдың мемлекеттiк құрылысы
- •Ежелгі Қытайдағы Ван Ман реформалары.
- •12.Ежелгі Қытайдағы Шан Ян реформалары
- •13.Афиныдағы Солон және Клисфен реформалары.
- •15.Спартаның мемлекеттік құрылысы, жоғарғы мемлекеттік органдар
- •16.Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы
- •17.Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •17. Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •18. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы.
- •19. Римдегі Принципат және Доминат кезеңдері
- •20. Рим құқығы және оның негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.
- •21. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер
4) Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
Вавилон мемлекетiнде қоғам ерiктiлер мен құлдар болып бөлiндi. Құлдарға (вардум) соғыс тұтқындары, қылмыскерлер, борышқырлар жатты. Құлдар зат есебiнде саналды. Құлдар мұра ретiнде қалып, әрi сатылып отырды. Құлға сырттан зиян келсе, оған кiнәлiлер айып төледi. Қашып кеткен құлды ұстап әкелгендерге сыйлық берiлдi. Құлдардың өзi патша, храмдар, жекеше құлдар болып бөлiндi. Құлдардың меншiгi болмады. Құлдықтағы әйелдiң баласының әкесi ерiктi болса, балада ерiктiге айналды. Қарыз үшiн құлға айналу үш жылдан аспауы керек
Вавилонның ерiктi тұрғындары өз алуына екi топқа бөлiндi: 1) “Авилиумдар”, 2) “Мүшкенулар”. Толық құқықтыларға жататын “авилиумдар” негiзгi бұқара халықты құрады. Олардың иелiгiнде жерлерi болды, мемлекет алдында мүлiктiк және жеке басы борышты (мiндеттi) болды.
Жартылай құқықтыларға “мүшкенуға” осындай зиян келтiрсе, кiнәлiге тек айып салынды. Мүшкенудан ұрланған зат үшiн 10 есеп айып төленсе, патша немесе храм мүлiгi ұрланса 30 есе айып төлендi. Деректер бойынша “Мүшкенулерге”- Хаммурапиге тәуелдi қалалар тұрғындары және ерiкке жiберiлген құлдар жатты.
5) Вавилонның мемлекеттік құрылысы.
Ел басқару ісі қатаң тәртіпте бір орталыққа бағынды және бүкіл жоғарғы билік заң шығарушы, орндаушы, сот және діни биліктің барлығы патшаның қолында жинақталды. Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша Ежелгі вавилондық мемлекет қатысты түрде орталықтанған мемлекет, оны басқару нысаны бойынша-шығыстық диспотия б.т.
Жоғарғы билік патшаға тиесілі болатын патшалық биліктің материалдық негізін шіркеулердің жерлері мен патша шаруашылығы құрайтын. Сонымен қатар, патша иррегациялық шаруашылық пен ирригациялық жұмстарға жоғарғы басшылықты жүзеге асратын.
Мемлекеттік істерді басқару патшалық билікпен тағайындалатын және оның алдында жауап беретін күрделі орталықтанған шенеуніктік-бюрократиялқ аппарат арқылы жүзеге асатын. Әкімшілік биліктің орталығы – патша сарайы мен шенеуніктер, олар сарай шаруашылығна басшылық жасап, мемлекеттің жоғарғы жоғары лауазымды органы б.т. Су шаруашылығын өзендерді басқарушы басқарады. Оған қадағалаушылар, қараушылар, бақылаушлар, қоймашлар және есепшілер бағынды.
Сот билігі айрықша шенеуніктердің қолында болды. Сот істері шакканумға, рабианумға, аймақтық судьяларға және қаланың ақсақал және дәулетті адамдарынан шыққан айрықша соттарға жүктелді.
6) Хамурапий заңдары
Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Заң тексті базальт стильде жазылған. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды.
Ежелгівавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін заң баптарында айқын көрініс тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал,еңбек құралдар және т.б) сияқты меншік объектісі болып табылды.
Сонымен қатар, Хаммурапи заңында еріктілер арасындағы теңсіздікті көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік.
Әскери адамның құқықтық жағдайы Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі мен баланың сатып алуы құқығы.
Міндеттемелер. Хаммурапи заңдарында сол кезде маңызды рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін бірқатар баптар болған. Жалға алушы өнімнің үштен бір бөлігін төледі. Жалға беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен қатар Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға берілді.
Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Отбасы, отағасы арқылы мемлекетпен және қауыммен байланысқа түсетін маңызды әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне жұмысшы қолын жоғалтқаны үшін белгілі бір мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар). Егер қыздың әкесі оны күйеуге бермесе, төленген қалың малды екі есе етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ бұл мүлікті күйеу жігіт билеп төстеген.
Қылмыс және жаза. Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген.
Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты.
Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын заңның белгілі баптарынан байкауға болады.
Жинақтың мазмұнына көңіл аудара отырып, қылмыс әрекеттерін үш түрге бөлуге болады: жеке тұлғаға қарсы бағытталған, мүлікке қарсы бағытталған және отбасына қарсы бағытталған.
