- •1) Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылымы
- •2)Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы
- •3) Өлілер кітабы және оның сол кезеңдегі қоғам үшін маңызы
- •4) Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
- •5) Вавилонның мемлекеттік құрылысы.
- •6) Хамурапий заңдары
- •7. Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы
- •8. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
- •9. Ману заңдары
- •10. Ежелгi Қытайдың мемлекеттiк құрылысы
- •Ежелгі Қытайдағы Ван Ман реформалары.
- •12.Ежелгі Қытайдағы Шан Ян реформалары
- •13.Афиныдағы Солон және Клисфен реформалары.
- •15.Спартаның мемлекеттік құрылысы, жоғарғы мемлекеттік органдар
- •16.Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы
- •17.Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •17. Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •18. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы.
- •19. Римдегі Принципат және Доминат кезеңдері
- •20. Рим құқығы және оның негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.
- •21. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер
18. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы.
Республика кезеңiнде туындай бастаған әлеуметтiк-экономиқалық өзгерiстер Рим империясының саяси құрылымына тiкелей әсер еттi. Император титулы алғашқыда құрметтi әскери атақ едi. Кейiн мемлекеттiң басшы император деп атала бастады. Мысалы, Октавиан империаторлар атаған 21 рет алды. Империатор билiгi күшейiп II ғ. соңында Сенат мемлекеттiк басқарудан түпкiлiктi аластатылады III ғ. соңында монархия таза түрiнде бекiдi.
Империя кезеңiн екi кезеңге бөлемiз:
1. Принципат (б.э.д. I ғ. - б.э. III ғ.) “принцип-сенатұс” бiрiншi сенатор. Бұл титулды алғаш Октавиан Август алды. Ол сенатта бiрiншi болып сөз алды.
2.Доминат (б.э. III – V ғ.) “домунис” – мырза (господин), яғни императордың абсолюттiк билiгiн түпшiлiктi тану.
Принципат. Император – принцип өз қолында басты Республиқалық магистратұраны: (диктатор, консул, претор, халық, трибуны) өз қолына алды. Принципат қаулысы заң күшене ие бола бастады (Октавиан 13 рет консул, 3 рет цензор, 37 рет халық трибуны сайланды). Принцпат билiгi сенат және мемлекеттiк халық шешiмiмен орындалды, кейiн мұраға қалатын болды.
Сенат құзiретi өзгерiске ұшырап II ғ. бастап тек принципат ұсынысын бекiтуiмен шектелдi. Магистратұра орнын император чиновниктерi префектiлер (бастық, басты) алды: императорлар гвардиясын басқарүшы префект , Рим префектiсi, Египет префектiсi, т.б.
Армия принципатының жеке мемлекеттiк басқарудағы тiрегi болды.
Доминат. II-III ғ. құл иеленүшiлiк құрылыс тiрегi шайқала бастады. Құлдар жиi көтерiлiске шығып оларды қолондар мен кедейлер қолдады. Империя иелiгiндегi халықтарда бас көтердi. Басқыншылық соғыстан Рим ендi ендi қорғаныс соғысына көштi.
Доминатқа өту билiкке Диоклетианның (Доминус) билiкке келуiмен ұштасады (284 ж.). Принципат кезiндегi принципс кеңесi мемлекеттiк кеңестк (консисториум) айналды. Сенат Рим қаласының Кеңесiне айналды.
Диоклетиан экономиқалық, әскери және әкiмшiлiк реформалар жүргiздi. Салық натұралды түрiнде емес ақшалай жиналды. Халық санағы жүргiзiлдi. Ақша құнын түсiрмеу үшiн таза алтын және күмiс монеталар шығарылды. Бiрақ кейiн монеталарды қайтадан төмен пробалы металлдардан шығарды. Қалаларда жан басы салығы салынды.
Әскери реформа бойынша шекаралық және жылжымалы әскерлер құрылып, ерiктiлердi армияға алды.
Әкiмшiлiк реформасы бойынша империя батыс және шығыс болып бөлiндi. Императордың бiрге билеүшiсi Цезарь тағайындалды. Цезарь бiр жылдан кейiн август деп жарияланып императорлық билiкпен теңелдi. Заң шақыру екi император жағынан бiрдей болды. Әрқайсысының Цезарьлары болды. Нәтиждесiнде тетрархия-төрт император билiгi пайда болды. Олар 100 провинцияға билiк жүргiздi. 100 провинцияға Рим қаласы жатты және ол астана болудан қалды. Батыс империя астанасы Милан, шығыс империя астанасы Никодо-мия болды.
Диоклетианның 20 жылдық билiгiнен кейiнгi 30 жылдық Констатин билiгi (306-337 ж.) империядағы билiктi бiрiнғай қалыпқа келтiрiлдi. Константин тұсында қашқын қолондар құлға айналды. Әскери қызмет мұралық болды. Тетрархия жойылғанымен екi префектұра қалып қойды. Префектұралар диоцезге бөлiндi, оны викария (көмекшi) басқарды. Диоцездер провинцияға (ректор басқарды), провинция округке бөлiндi. 313 ж. христиан дiнi мемлекеттiк басқа дiндермен теңестiрiлдi. Константин шоқылдарылғаннан кейiн (337 ж.) мемлекеттiк дiнге айналды.
