Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IGPZ_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.37 Кб
Скачать

15.Спартаның мемлекеттік құрылысы, жоғарғы мемлекеттік органдар

3. Спарта мемлекетiнiң пайда болуы б.э.д. VIII-VII ғ. жатқызамыз. Спарта мемлекетi пайда болуы процессiнде рулық ұйымның қалдықтары ұзақ уақыт сақталды. Лаконика өңiрiндегi ахей тайпаларына басып кiрген дори тайпалары бiрiгiп Спарта қауымын құрды. Б.э.д. VIII-VII ғ. олар өз иелiктерiн кеңейттi. Жаулап алулар нәтижесiнде таптық жiктелу жүрдi: спартакандықтар құл иеленүшi тапқа, ал бағынышты тұрғындар құлдарға немесе құқығы шектеулi азаматтарға айналды. Қауымдағы саяси билiктi ұйымдастыруға екi тайпа көсемi (дори және ахей), старейшиндер кеңесi, халы1қ жиналысы әрекет еттi. Бiрақ қол астындағы бағынышты бұқара халықтарды ұстап тұруға әлеуметтiк және саяси құрылыста бiрлiктi қажет еттi. Осы кезде бiрлiк аңызда қалған Лиқұрг ретрасымен (келiсiм шарт) бекiтiлдi. Ретра мiндетi мүлiктiк диффиренцация арқасында спарта бiрлiгiн қамтамасыз ету және жаулап алынған жерлердi бiрiңғай ұйым арқылы басқару.

Қоғамда үстем етүшi тап спарталықтар болды және саяси құқық та соларда ғана едi. Спарталықтардың жер үлесi, құлдары (илот) болды. Бұл жерлердi сатуға, сыйлауға және өсиетке қалдыруға тиым салынды. Спарталықтар тұрмысы қарапайым болып, әскери тәртiпте ғұмыр кештi. 7-20 жас аралығында арнайы әскери дайындықтан өттi. 20-60 жас арасында әскери қызметте тұрды.

Периферия және таулы жерлерге тұрғындары “Периек” деп аталып құқықтың жағынан спарталықтардан төмен, илөттардан жоғары тұрды. Олардың жеке басы бостандығы, мүлкi болғанымен құқықтары болмады. Кәсiптерi сауда мен қолөнер болды.

Илөттар – басыбайлы мемлекет меншiгi ретiнде қаралды. Олар жерлердi өңдеуi және үй шаруашылығында қызмет еттi, әскери қызмет атқарды. Илөтты өлтiруге мақсат етiлдi. Жыл сайын илөттарға қарсы соғыс жарияланды.

Спарта құл иеленүшiлiк аристократия нысанындағы мемлекет болды. Мемлекет басында екi архагет (патша) отырды. Архагет билiгi мұралық жолмен жалғасты. Олар әскери олжаның көп бөлiгiн алды, старейшиндер кеңесi құрамына кiрдi, кейбiрмаңызды сот iстерiн шештi.

Старейшиндер Кеңесi (Герусия) – билiк орғанына жатты. Оның құрамына жасы 60 асқан атақты 28 спартандық (геронт) кiрдi. Екi көсем (архагет) де груссия мүшесiне жатты. Геруссия мемлекет аралық келiсiмдерге қатысты, мемлекеттiк қылмыс iстерiн қарады және архагеттерге қарсы сот процессiн жүргiздi.

Халық Жиналысына (Апелла) жасы 30 толған спартандықтар қатыса алды. Дауыс беру (Халық Жиналысында) айқай арқылы болды. Халық Жиналысы айына бiр рет шақырылып, онда заңдарды қабылдады, лауазымды адамдарды сайлады, соғыс және бiтiм шартын шештi т.б.

Б.э.д. VIII ғ. Спарта да Эфорлар пайда болды. Эфорлар ақсүйектер өкiлi болды. Жылына бiр рет бес эфор сайланды. Б.э.д. VIIғ. Ортасынан бастап эфорлар билiгi нығайды, яғни архагеттерге де бақылау жүргiздi. Тiптi барлық мемлекеттi басқару iсiне араласты.

Б.э.д. V ғ. Тұсында Спарта бүкiл Пелопоннеске билiгiн жүргiздi. Б.э.д. V-IV ғасырдағы қоғам дамуы мүлiктiк диференциясы күшейттi. Жер үлестерiн өсиетке қалдыруға, сыйлауға рұқсат етiлдi. Б.э.д. IVғ. Македония жаулап алулары Спарта экономикасы негiзiн қиратты. Б.э.д. II ғ. ортасында Спарта Рим қол астына кiрдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]