
- •1) Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылымы
- •2)Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы
- •3) Өлілер кітабы және оның сол кезеңдегі қоғам үшін маңызы
- •4) Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
- •5) Вавилонның мемлекеттік құрылысы.
- •6) Хамурапий заңдары
- •7. Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы
- •8. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
- •9. Ману заңдары
- •10. Ежелгi Қытайдың мемлекеттiк құрылысы
- •Ежелгі Қытайдағы Ван Ман реформалары.
- •12.Ежелгі Қытайдағы Шан Ян реформалары
- •13.Афиныдағы Солон және Клисфен реформалары.
- •15.Спартаның мемлекеттік құрылысы, жоғарғы мемлекеттік органдар
- •16.Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы
- •17.Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •17. Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •18. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы.
- •19. Римдегі Принципат және Доминат кезеңдері
- •20. Рим құқығы және оның негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.
- •21. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер
7. Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы
Құқықтық ескерткiштер Ежелгi Үндiстан қауымындағы сословиялық-касталық бөлiнiсiп айқын көрсетедi. Қоғамдағы әлеуметтiк жiктелу ерекше әлеуметтiк топтар варналар негiзiнде жүрдi. Варналар атауы:
Брахмандар – абыздар;
Кшатрилер - әскерилер;
Вайшитар – егiншiлер, қолөнершiлер, саудагерлер;
Шудрлар – кедейлiк шаруалар, жат жерлiктер, бостандық алған құлдар.
Варналардың пайда болуы туралы дiни түсiнiктер бар. Атап айтсақ брахмандар Брахма құдайдың денесiнен, кшатрилар оның қолынан, вайштар аяғынан, шудрлар табынан жасалған. Варналарға жатпайтын құлдардың жетi түрi және жолы болды: 1)тұтқындар; 2) үйде туылған құлдар; 3) сатып алынған құлдар; 4) асыраудағы құлдар; 5) сыйға тартылған құлдар; 6) мұраға қалған құлдар; 7) жазалы құлдар. Қылмыс жасаған уақытта жауапкершiлiк варнаға қарай қолданылды.
8. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
Мемлекеттiк құрылыс негiзi тайпалар одағы болды. Тайларда брахмандар басты рөл атқарды. Алғашқы мемлекеттiк құрылымды басқарүшы раджалар басқару, сыртқа қауiпсiздiк, сот, қолбасы, салық жинау қызметiн атқарды.
Патша билiгiнде заң шығару қызметi болмады. Өйткенi қоғамдық қатынас ведалар арқылы реттелiп оны тек брахмандар түсiндiре алды. Үндi салт-дiни концепциясы бойынша патшалардың әдiлдiк мiндеттерi (дхарм) ерекшелендi: 1) өзiнiң қол астындағыларын қорғау; 2) салық жинау; 3) брахмандар көмегiмен әделеттiлiктi орнату; 4) бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру (көғалаңдыру, сәулеттеңдiру) т.б.
9. Ману заңдары
Ману заңы үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлеңсипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар — абыздар (дінбасылар), кшатрилер — әскери ақсүйектер, вайшилер — қатардағы қауым мүшелері,шудралар — құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза — екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғ. сот қызметін патша мен брахмандар атқарды.