
- •1) Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылымы
- •2)Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы
- •3) Өлілер кітабы және оның сол кезеңдегі қоғам үшін маңызы
- •4) Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
- •5) Вавилонның мемлекеттік құрылысы.
- •6) Хамурапий заңдары
- •7. Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы
- •8. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
- •9. Ману заңдары
- •10. Ежелгi Қытайдың мемлекеттiк құрылысы
- •Ежелгі Қытайдағы Ван Ман реформалары.
- •12.Ежелгі Қытайдағы Шан Ян реформалары
- •13.Афиныдағы Солон және Клисфен реформалары.
- •15.Спартаның мемлекеттік құрылысы, жоғарғы мемлекеттік органдар
- •16.Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы
- •17.Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •17. Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •18. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы.
- •19. Римдегі Принципат және Доминат кезеңдері
- •20. Рим құқығы және оның негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.
- •21. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер
1) Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылымы
- Қоғамның жоғарғы тобын абыздар, шенеуніктер мен әскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі әртүрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Әрбір топтың басында жоғарғы абыз тұрған.
- Қоғамның артықшылықты тобына рулық - тайпалық ақсүйектердің ұрпақтарынан кұралған египеттік аристократия мен мемлекеттің жоғары әскери және азаматтық шенеуніктері жатқан.
- Ерекше орынды хатшылар иеленген, олардан жоғарғы шенеуніктер шыққан.
- Еркін шаруалар — олардың кейбіреулері мемлекеттік жерде өмір сүрді, өз жерлері болды және сол үшін рента-салық төлеген; кейбіреулері шенеуніктің немесе әскери тұлғаның жерінде жұмыс істеп, күндізгі тамақтарын ішіп, өте ауыр жұмыстарды орындаған.
- Қолөнершілер — мемлекетгік қазбаларда жұмыс істеген. Ерекше басқарүшылардың бақылауындағы 10 адамнан тұратын топтарға біріккен.
- Қоғамдық баспалдактың төменгі буынын құлдар құраған. Құлдықтың негізгі қайнар көздерін әскери тұтқындар мен борышкерлік қарыздың нәтижесіндегі кұлға айналғандар құрады.
2)Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы
Мемлекеттік құрылым. Египеттегі мемлекет деспотия нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға — патша-перғауынға тиесілі болатын. Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын және бір-бірін мұрагерлікпен иемдену тәртібі нәтижесінде ауыстыратын. Египеттегі деспотиянын ерекше белгісі болып мемлекет басшысы — патша-перғауынның діни культы табылатын.
Лауазымды тұлғалар:
- перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уәзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер өте кең болған: мемлекетті басқарған, сөтта басқарүшы болған, жоғарғы сот орғаны болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, әскери күштердің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған;
- келесі лауазымды тұлға — мөрді сақтаүшы немесе бас қазынашы — табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қоймаларды меңгерген;
- барлық патшалық жұмыстардың басшысы - еркін халықка жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаүшы және сәулетшінің лауазымын орындаған.
Жергілікті басқару. Египеттің бүкіл аумағы номдарға бөлінген, олардың басында перғауынға тәуелді лауазымды тұлғалар — номархтар басқарған. Номарх жоғарғы сот және әкімшілік билікті иеленген. Әкімшілік өкілеттіктерді, сонымен қатар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың төменгі орғандары болып ауылдық қауымдар табылған.
Әскер. Алғашқыда тұрақты әскер перғауынның жеке күзетімен және мемлекет ішіндегі көтерілістерді басуға міндетті топтармен ғана шектелген. Жаңа патшалықта жалданбалы әскер жүйесі кеңінен дамыған.
3) Өлілер кітабы және оның сол кезеңдегі қоғам үшін маңызы
Ежелгі мысырдың "Өлілер кітабы" - ол өлім туралы емес. Ол кітап өлімді жеңген өмір жайлы. Бұл өлгендерге о дүниеге өту кезінде кездесетін қауіптерді жеңуде көмектесу үшін және өлгеннен кейінгі тыныштық табу үшін көмектесетін мақсатпен жиналған мысырлық гимн және діни мәтіндер жинағы. Бұл кітапта өлген адамғао дүниеде көрсетілетін көмек, өліер соты және күн құдайы Рамен жерге кері қайту, яғни тірілу баяндалады.Бұл д-міз ажалды жеңіп, өмірді қартаймайтын денеде жалғастыру. Ежелгі Мысрылықтар о дүниеге сенген және оған басты жол көрсеткіші Өлілер кітабы болатын. Сондықтан оны әр молаға өлген кісінің денесімен бірге салған. Деректер бойынша Ежелгі Мысыр халқының өміріндегі басты оқиға оның о дүниеге аттануы екенін көрсетеді. Мысырықтардың бар өмірі оардың өлімге дайындалуымен өткен. Сондықтанда бұл кітап сол кездегі қоғамның өмірінде басты орын алған. Өлііер кітабының ең жақсы нұсқаларының бірі папируста жазылған 18 династияға жатады. Фив қаласында ең көп өлілер кітабының нұсқалары табылды. Өлілер кітабы көбіне абыздарға тиесілі болған.