
- •Сурет 8.1. Айнымалы жұмсалымдар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі негізінде ауытқуларды талдау
- •Өнімді өткізу бойынша ауытқуды есептеу ерекшеліктері
- •Кесте 8.2. Нормативті айнымалы жұмсалымдар бойынша калькуляциялау жүйесін қолданған кезде сметалық және нақты пайдаларды келістіру (ш.А.)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ауытқуларды есептеу
- •Ауытқулардың талдауы
Кесте 8.2. Нормативті айнымалы жұмсалымдар бойынша калькуляциялау жүйесін қолданған кезде сметалық және нақты пайдаларды келістіру (ш.А.)
Сметалық таза пайда |
|
|
80 000 |
Сату бойынша ауытқу: |
|
|
|
баға бойынша |
18 000 (О) |
|
|
көлем бойынша |
20 000 (Т) |
2000 (Т) |
|
Тікелей жұмсалымдар бойынша ауытқу: |
|
|
|
материалдар бойынша: бағадан |
8900 (Т) |
|
|
қолданудан |
26 500 (Т) |
35 400 (Т) |
|
еңбек бойынша : еңбекақы ставкасынан |
17 100 (Т) |
|
|
еңбек өнімділігінен |
13 500 (Т) |
30 600 (Т) |
|
Өндірістік ҮШ бойынша ауытқу: |
|
|
|
тұрақты құрама шығындары бойынша |
4000 (О) |
|
|
айнымалы құрама шығындары бойынша |
5000 (О) |
|
|
айнымалы құраманың тиімділігі бойынша |
3000(Т) |
6000 (О) |
62 000 (Т) |
Нақты пайда |
|
|
18 000 |
(О) оң, қолайлы немесе жағымды ауытқу;
(Т) теріс, қолайсыз немесе жағымсыз ауытқу.
Нормативті жұмсалымдарды толық үлестірілуі бойынша
өзіндік құнды калькуляциялау
Көп елдерде сыртқы пайдаланушылар үшін есептемелік құжаттарды ұсыну талаптарына сәйкес, кәсіпорындар өз тауарлы-материалдық қорларын, оған өндірістік шығындарды толық үлестіруді ескерілген бағалауды қарастырады. Бұл жағдайда тұрақты үстеме шығындар өнімдерге үлестірілуі және есепті кезең соңында тауарлы-материалдық қорлардың құнын бағалауға енуі тиіс. Сондықтан шығындарды толық үлестіру бойынша калькуляциялау жүйесінде қосымша тұрақты үстеме шығындардың ауытқуы есептеледі, ол өндіріс көлемі бойынша ауытқу деп аталады. Бұдан басқа, сату маржасы бойынша ауытқу пайдаға салым маржасына емес, өнім бірлігінің пайда маржасымен көрсетілуі тиіс.
Нормативті шығындарды толық үлестіру бойынша калькуляция-лау жүйесі шеңберінде үстеме шығындардың ставкасы, жылдық сметалық тұрақты үстеме шығындар сомасын, жылдық сметалық өндіріс деңгейіне бөлу арқылы алдын-ала анықталады. 8.1-мысалда өнім бірлігіне бұл ставка келесідей есептеледі:
Сметалық тұрақты ҮШ (1440 000 ш.а.) = С бұйымы бірлігіне 12 ш.а.
Сметалық өндіріс деңгейі (120 000 дана)
Егер кәсіпорын өнімнің бірнеше түрін шығарса, онда оның әрқайсысының бірлігі өндірістің нормативті уақытына ауыстырылуы тиіс. С бұйымы 3 сағат негізгі өндіріс жұмыскерінің еңбегін қажет етеді, сондықтан оның сметалық өндіріс көлемі 360 000 нормативті сағатқа (120 000 бірл.× 3 сағ.) тең. Өнімді шығарудың бір нормативті сағатына тұрақты үстеме шығындар ставкасы тең болады:
сметалық тұрақты ҮШ (1440000 ш.а.) = нормативті сағатқа 4 ш.а.
сметалық нормативті сағаттар (360000)
Бір С бұйымын өндіруге қажетті сағаттар көлемін, сағатына 4 ш.а. көбейте отырып, бір С бұйымына үлестірілетін 12 ш.а. көлеміндегі тұрақты үстеме шығындар үлесін аламыз (3 сағ. ×4 ш.а.).
Өндіріс көлемі бойынша ауытқу нақты өндіріс көлемінің сметалық көлемнен ерекшелену салдары болып табылатын, тұрақты үстеме шығындар бойынша жалпы ауытқудың бөлігін көрсетеді. Ол есепті кезең ішіндегі нақты және сметалық өнім шығару арасындағы айырма, көбейту тұрақты үстеме шығындарды нормативті есептеу ставкасына тең.
Өндіріс көлемі бойынша ауытқудың болуы, тұрақты үстеме шығындар қысқа мерзім ішінде өндіріс көлеміне байланысты өзгермейтінін мәлімдейді. Нақты өнім шығару сметалықтан төмен болған кезде, әрдайым өнімге есептелген тұрақты үстеме шығындар, сметалық шығындардан төмен болады, сондықтан да өндіріс көлемі бойынша ауытқу жағымсыз болып қалады. Және керісінше, егер нақты шығарылым сметалықтан жоғары болса, онда өндіріс көлемі бойынша ауытқу жағымды болып қалады. Сметалық деңгеймен салыстырғанда өндіріс көлемінің өзгеруі, өнім сұранысының тербелісінен, еңбек дауынан, материалдардың жетіспеушілігінен, өндірістің әлсіз жоспарлануынан, станоктар мен жабдықтардың бұзылуынан, тиімсіз еңбек пен өнімнің төмен сапасынан туындауы мүмкін. Өндіріс немесе сату бойынша менеджер осы факторлардың бірін бақылай алады, ал басқаларын - жоқ. Өндіріс көлемі бойынша ауытқу шамасын екі құрамдастарымен талдауға болады: тиімділігі бойынша ауытқу және қуаттылығы бойынша ауытқу арқылы.
Өндіріс көлемінің тиімділігі бойынша ауытқу қарастырылған мерзімдегі өнім шығарудың нормативті сағаттар мен сағатпен нақты еңбек уақыттары арасындағы айырма, көбейту тұрақты үстеме шығындарды есептеудің нормативті ставкасына тең.
Өндіріс көлемінің қуаттылығы бойынша ауытқу қарастырылған мерзімдегі сағатпен нақты және сметалық еңбек уақыттары арасындағы айырма, көбейту тұрақты үстеме шығындарды есептеудің нормативті ставкасына тең.
Нормативті шығындарды толық үлестіру бойынша калькуляция-лау үшін сметалық және нақты пайданы келістіру 8.3-кестеде ұсынылған. Шығындарды толық үлестіру бойынша калькуляциялау жүйесіндегі есептеме, тұрақты үстеме шығындардың көлемі бойынша ауытқуды қосуымен және сату көлемі бойынша ауытқуды өнім бірлігінің пайдаға салыммен емес, салыстырмалы нормативті жалпы пайда бойынша бағалаумен ерекшеленеді. 8.1- мысалда С бұйымына пайдаға салым әр сатылған бұйым үшін 20 ш.а. құрайды, сол мезгілде тұрақты үстеме шығындарды шегерген соң салыстырмалы жалпы пайда 8 ш.а. (20 - 12) құраған. Сметалық және өнімнің 1000 данадағы нақты сату көлемдерінің айырмасын салыстырмалы нормативті жалпы пайдаға көбейту арқылы, 8000 ш.а. сату көлемі бойынша ауытқуды аламыз. Байқасақ, қарас-тырылған екі өзіндік құнды калькуляциялау жүйелерінің кезкелгенін қолданғанда сату бағасы бойынша ауытқу бірдей.
Кесте 8.3. Сметалық және нақты пайдаларды келістіру (ш.а.)
Сметалық таза пайда |
|
|
|
80000 |
Сату бойынша ауытқу: |
|
|
|
|
баға бойынша |
|
18000 (О) |
|
|
көлем бойынша |
|
8000 (Т) |
10000 (О) |
|
Тікелей жұмсалымдар бойынша ауытқу: |
|
|
|
|
материалдар бойынша: бағадан |
|
|
|
|
материал А |
19000(Т) |
|
|
|
материал В |
10100 (О) |
8900 (Т) |
|
|
Қолданудан: материал А |
10000 (Т) |
|
|
|
материал В |
16500 (Т) |
26 500 (Т) |
35400 (Т) |
|
еңбек бойынша: еңбекақы ставкасынан |
|
17 100 (Т) |
|
|
еңбек өнімділігінен |
|
13500 (Т) |
30600 (Т) |
|
Өндірістік ҮШ бойынша ауытқу: |
|
|
|
|
тұрақты құрамасы бойынша: |
|
|
|
|
шығындар бойынша |
4000 (О) |
|
|
|
қуаттылығы бойынша |
12 000 (Т) |
8000 (Т) |
|
|
айнымалы құрамасы бойынша: |
|
|
|
|
шығындар бойынша |
5000 (О) |
|
|
|
тиімділігі бойынша |
3000 (Т) |
2000 (О) |
6000 (Т) |
62000(Т) |
Нақты пайда |
|
|
|
18 000 |