- •Сурет 8.1. Айнымалы жұмсалымдар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі негізінде ауытқуларды талдау
- •Өнімді өткізу бойынша ауытқуды есептеу ерекшеліктері
- •Кесте 8.2. Нормативті айнымалы жұмсалымдар бойынша калькуляциялау жүйесін қолданған кезде сметалық және нақты пайдаларды келістіру (ш.А.)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ауытқуларды есептеу
- •Ауытқулардың талдауы
Өнімді өткізу бойынша ауытқуды есептеу ерекшеліктері
Өнімді өткізу (сату) бойынша ауытқудың негізгі ерекшелігі – сатылу бағасымен емес, пайдаға салым (маржиналды табыс) көрсеткіштерімен оларды есептеу.
Мысал 9.2. Кәсіпорынның сметалық сату көлемі 10 000 дана, әрқайсысы 11 теңгеге тең. Өнім бірлігінің нормативті жұмсалымдары 7 теңгені құрайды. Нақты сату көлемі – 12 000 дана, әрқайсысы 10 теңгеден, ал өнім бірлігінің нақты өзіндік құны –7 теңге.
Көрініп тұрғандай, ауытқу баға немесе сатудан түсімдер негізінде есептелген кезде, 110 000 теңгелік сметалық бағаны 120 000 теңгедегі нақтымен салыстыру қажет. Бұл 10 000 теңге жағымды ауытқуды береді. Әйтседе бұл есептеуде сатудың пайдаға ықпалы ескерілмейді. Сметалық пайдаға салым 40 000 теңгеге тең, ол 100000 дананы, өнім бірлігіне 4 теңге пайдаға салымнан құралады. Бірақ нақты пайдаға салым тек 36 000 теңге (3 теңге ×12 000 дана) құрайды, бұл пайдаға салым бойынша жағымсыз ауытқудың бары туралы куәландырады. Егер біз 9.2 мысалын талдасақ, онда сатылу құнының төмендегенін көреміз, оның нәтижесі тек сату көлемінің артуымен қатар, жалпы пайданың төмендеуі де болды. Сатудың негізгі мақсаты – «жалпы пайдаға» жағымды ықпал жасау. Сондықтан да талдауға арналған анағұрлым пайдалы нәтижелерді, егер нақты сатуды сметалықпен тү-сімдер арқылы емес, пайдаға салым арқылы салыстырғанда алынады.
Жұмсалымдарды толық үлестірумен өзіндік құнды калькуляциялау жүйелері көмегімен ауытқуларды есептеу кезінде пайда маржасы (сату бағасы азайту өнім бірлігінің жалпы өндірістік шығындары) қолданылады, сол уақытта айнымалы жұмсалымдар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйелері пайдаланғанда пайдаға салым маржасы (сату құны азайту өнім бірлігінің өндірістік айнымалы шығындары) қолданылады.
Сатудың маржасы бойынша жалпы ауытқу нақты және сметалық пайда айырмасына тең, соның ішінде қос көрсеткіш те өнім бірлігінің нормативті жұмсалымдары негізінде есептеледі. Пайдаға салымды есептеу кезінде нормативті жұмсалымдарды пайдалану, тек өткізу бөлімі бақылайтын факторлардың өзгерісінен болған сату бойынша ауытқуды көрсетеді, басқаша - бағаларды және сату көлемін.
Сату бағасы бойынша ауытқу нақты және нормативті пайдаға салым маржаларының (екі көрсеткіш те өнім бірлігінің нормативті жұмсалымдары негізінде есептеледі) айырмасы, көбейту нақты сату көлеміне тең.
Сату көлемі бойынша ауытқу нақты және сметалық сату көлемінің айырмасы, көбейту нормативті пайдаға жасалатын салымға тең. Сатудың маржасы бойынша жалпы ауытқуды баға бойынша және сату көлемі бойынша ауытқуларға бөлудің тиімділігі жөнінде түрлі көзқарастар бар, өйткені бұл құрамалар өзара байланысты. Сату бағасы бойынша жағымды ауытқу сату көлемі бойынша жағымсыз ауытқумен бірдей естіледі, және керісінше. Бұл қарапайым ережемен түсіндіріледі: сметада бекітілгенге қарағанда, тым жоғары сатылу бағаларында, өнімді көбірек сатуға болады, деп есептеу мүмкін емес. Сату бойынша ауытқулармен байланысты тағы бір қиындық, ол - ауытқулар сыртқы факторлардан туындауынан және компания менеджерлерінің бақылауынан тыс қалуынан болуы мүмкін. Мысалы, сату бағасын төмендету, бұл бәсекелестердің соған ұқсас өнім бағасының өзгеруі себебінен қарсы әрекеттері болуы мүмкін. Бір мезгілдегі бағаның да, сату көлемінің де төмендеуі, сметаны құрау кезінде қарастырылмаған экономикалық дағдарыс нәтижесінен болуы мүмкін. Соның өзінде сату бойынша ауытқулар, менеджерлерге сметалық пайданы нақтымен келістіруге мүмкіндік беретін пайдалы ақпаратты ұсынады. Әйтседе, менеджерлердің жұмыс нәтижелерін басқару мен бағалау көзқарасынан, нақты нарықтық үлесті жоспарлы үлеспен, әр өнім бойынша жеке салыстыру артығырақ көрінеді. Бұдан өзге, нарықтық үлес «трендтерін» жалпы қадағалау, ал өзіндік сату бағаларын бәсекелестер бағаларымен салыстырып отыру пайдалы.
Нормативті айнымалы жұмсалымдар бойынша калькуляциялау жүйесінде сметалық және нақты пайданы келістіру. Кәсіпорын басшыларын нақты пайданың сметалық пайдадан ерекшелену себептері әрдайым қызықтырады. Пайданы келістіру - өнімді шығару мен сату бойынша жағымды ауытқу шамасын сметалық пайда шамасына қосып, осы сомадан жағымсыз ауытқулар шамасын алып тастау арқылы жасалады 8.1 мысалдың мәліметтері бойынша 8.2 кесте).
