- •Жоғары білім беру жүйесі: жағдайы, даму тенденциялары, келешегі.
- •Кесте 1- Кәсіби құзыреттіліктің психологиялық көрсеткіштер аймағы
- •Дәріс. Тақырыбы: Қазіргі білім берудің мазмұны.
- •Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
- •Дәріс2. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде.
- •1.2. Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі.Негізгі категориялары
- •1.3 Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістері
- •Теориялық зерттеу әдістері:
- •Білім беру жүйесінің міндеттері.
- •Дәріс 6. Дидактика:Оқыту және білім беру теориясы
- •Оқыту процесі бес элементтен тұрады:
- •Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:
- •Ғалым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық- біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.
- •Тақырыбы: Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы
- •Педагогикалық шеберлік компоненттері:
- •Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:
Кесте 1- Кәсіби құзыреттіліктің психологиялық көрсеткіштер аймағы
Кәсіби құзыреттіліктің мотивациялық аймағы |
Кәсіби құзыреттіліктің әрекет етушілік аймағы |
|
|
Кәсіби құзыреттіліктің жоғарғы деңгейі үшін мотивациялық алдағы шешуші жайт кәсіпті рухани жағынан толықтыру деп санаймыз.
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі: ұйымдастырушылық, коммуникативтік, психодиагностикалық, жас ерекшелігіне тән, даралық және отбасылық кеңестер беру, даму жолдарын, психопрофилактика мен психокоррекцияны болжауы;
кәсіби маңызды сапалары: тілеулестік, зейінділік пен байқағыштық, төзімділік, шыдамдылық, педагогикалық интуиция мен оптимизммен қосылған табандылық.
мұғалім педагогикалық іс-әрекет психологиясын, әртүрлі саладағы педагогтердің профессиограммасы мен психограммасын, оқыту мен тәрбиелеу психологиясын, оқытудың психологиялық негіздерін, оқу пәндерінің психологиялық сипаттамасын және ол пәнді оқыту ерекшелігін, түрлерін, әдістерін, құралдар мен формаларын білу;
коммуникативтік, ұйымдастырушылық, психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық кәсіби тәжірибесін қолдана білуі; «мұғалім – оқушы», «оқушы – сынып» жүйесінде педагогикалық жағынан ұтымды әрі дәлелді қарым-қатынас орнату; оқу-тәрбие процесіне гуманистік және дамытушылық тұрғысына психологиялық талдау жүргізе білу; мектептің педагогикалық жүйесін жоспарлап, болжамдап және модельдей білу.
өзін байсалды, әдепті, сыни және еркін ұстау, әріптесті түсінуге ұмтылу; эмпатиялық сезім иесі болу, өзін ұстай білу, зейінділік, жоғары кәсіби құзыреттілік пен ой-өрісі кеңдігі, ойланудағы еркіндік, салихалы ой жетегінде болу, аңғарымпаздық, жаңашылдық пен алуан түрлі іс-әрекетті орындау қабілеті, ынташылдық, ұқыптылық пен жүйелілік, шыдамдылық пен табандылық, басқаларды оқыта білу, бағындыра білу қабілеті, жауапкершілікті қатты сезіну.
И.Ф.Харламов оқытушының кәсіби құзыреттілігі көрінісінің бірнеше сатыларын зерттеген:
педагогикалық іскерлігі – оқыту мен тәрбиелеуде маңызды деген іскерліктер мен дағдылар жүйесін мұғалімнің жеткілікті дәрежеде жақсы меңгеруі. Бұл – мұғалімге оқу-тәрбие жұмысын кәсіби сауатты деңгейде жүргізуге және оқушыларды барынша табысты оқыту мен тәрбиелеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
педагогикалық шеберлік – оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары кемел дәрежеге жеткен іскерлік. Бұл - психолого-педагогикалық теорияны іс жүзінде қолдану әдістері мен амалдарының айрықша өңделіп, жетілдірілгенін көрсетеді, осының арқасында оқу-тәрбие процесінің жоғары деңгейдегі тиімділігі қамтамасыз етіледі сонда;
педагогикалық шығармашылық мұғалімнің инновациялық (жаңалық енгізу) іскерлігінен көрінеді.
Отандық университеттерде студенттер бірінші курстан-ақ олардың оқу-танымдық іс-әрекетін толықтай қолдануын қамтамасыз етуге арналған міндеттерді шеше бастайды. Ал кәсіби міндеттер жоғары курстарда, педагогикалық практика кезінде және білім алуды аяқтаған соң дербес еңбек ету процесінде студенттердің алдынан шығады.
Педагогикалық қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің сипатын анықтайтын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Қарым-қатынастың үш аспектісі бар: біріншіден, оқу міндеттерін шешу құралы ретінде; екіншіден, тәрбие процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету жүйесі ретінде;
Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеу үйлесетін оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру тәсілі ретінде және жеке тұлға мен шығармашылық даралықты тәрбиелеу процесі ретінде болады.
ЖОО негізгі қызметі –маманның жеке тұлғасын қалыптастыру.
