Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПВШ маг лекциялар).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.55 Кб
Скачать

Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:

оқытудың мақсаттылық принципі;

оқытудың ғылымилық принципі;

саналылық пен белсенділік принципі;

жүйелілік пен бірізділік принципі;

оқытудың өмірмен байланыстылық принципі;

түсініктілік және шамасына сәйкестілік принципі;

білімнің берік болу принципі;

көрнекілік принципі;

оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі.

ынталандыру принципі;

ізгілендіру принципі;

проблемалық принцип

Көрнекілік принцип- оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асады. Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп, байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негіздейді, образдық ойлауға болады.

Оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі- оқу материалының көлемі мен мазмұны балалардың ақыл-ой күштерінің даму дәрежесіне сай болуын олардың жас ерекшеліктерінің үнемі ескеріліп отыруын талап етеді.

Ынталандыру принципі- оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті болады. Мұғалім сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі өткізуге міндетті.

Ізгілендіру принципі- оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау керек. Мұғалім сабақта балалармен жылы қарым-қатынаста болуы қажет.

Тақырыбы: Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі. Жоғары мектеп педагогикасы.

Мақсаты: магистранттарға жоғары мектеп педагогикасының адам тәрбиелеудегі рөлі, жоғары мектеп педагогиксын ғылыми пән екнідігін таныстыру.

Жоспар:

1.Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері

2.Жоғары мектеп педагогикасының деңгейлері

3.Жоғары мектеп педагогикасының ерекшеліктері

Жоғары мектеп педагогикасы (ЖМП) екі түрлі мағынада қарастырылады: бірі-жеке тұлғаның маман ретінде дамуы мен тәрбиесіне бағытталған іс –әрекеттің мақсаты мен мазмұны болса, екіншісі-педагогикалық іс-әрекет заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория.

Педагогика негізінен 3 түрлі бағытта қарастырылады: педагогика тарихы; педагогика (мектепке дейінгі, орта, кәсіби мамандандырылған білім, жоғары мектеп, әлеуметтік, кәсіптік, әскери, салыстырмалы педагогика) және білім беру әдістемесі. ЖМП-сының өз алдына ғылыми білім саласы болуы, жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіріп, оның тиімділігін арттыру қажеттілігінен туындап отыр. Ондағы басты мақсат-мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен білімнің негізінде даярлау.

Болашақ маман, қазіргі студент –оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның кәсіби даярлығы, шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек. Олай болса, ЖМП –сын меңгеруде өздігімен орындайтын жұмыстарға шығармашылықпен қарағаны жөн.

ЖМП-сының мақсаты-студенттерді оқу орындарының кез-келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.

ЖМП-сының міндеттері:

  • магистранттарды,студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;

  • магистранттарды, студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;

  • магистраттарды, студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.

ЖМП-сының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама.

ЖМП-сының объектісі-жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім сапасы, педагогикалық жүйелер. Аталған жүйелерге: академиялық топтар,курстар, факультеттер,ЖОО, қоғамдық ұйымдар, студенттер,оқытушылар т.б. жатады.

ЖМП –сының әдіснамасы, философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әртүрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен олардың ішінен сол заттар мен құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады. Сонымен заң дегеніміз-құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталанып тұратын, біршама тиянақты байланысы. Адамдар өз қалауынша заң атаулының қандайын болса да өзгертіп, жойып жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып, біліп, зерттейді және алған білімдерін өздерінің қызметіне пайдалана алады. Диалектика –дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп қояды. Ол-табиғат құбылыстарын, қоғамдық құбылыстар, оған адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және оның кері айналуы, терсітеуді-терістеу. Диалектиканың ұғымдары: кеңістік пен уақыт, жекелік пен жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындық. Ғылым әр уақытта жаңа дәйектермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зертеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу, ғылымда-әдіснама деп аталады. Мемлекеттік тілдегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде жазылып келе жатқаны белгілі. Қалайда бұл терминнің нақты мәні – «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын,оның негізгі белгілі бір теорияны. Ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алатыны белгілі. Сол себепті педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танымдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады.

Әдіснама- ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құру ұстанымдары, формалары мен амалары туралы ғылым.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын 4 деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.

Бірінші деңгей философиялық әдіснама ғылымның категориялық құрылымын және танымның жалпы қағидаларын құрайды. Бүкіл философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады. Екінші деңгей-жалпы ғылыми әдіснама барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде қолданылытын теориялық тұжырымдамалар болып табылады. Үшінші деңгей-нақты ғылыми әдіснама белгілі бір арнаулы ғылыми пәнде қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы. Төртінші деңгей- технологиялық әдіснама зерттеу әдістемесі мен техникасы, демек, дұрыс практикалық материалды алуды қамтамасыз ететін тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Әдіснаманың барлық деңгейі күрделі жүйені құрайды.

Жалпы ғылыми әдіснама құбылыстар мен қоршаған шындық үрдістердің жалпылық байланысы мен өзара сабақтастығын бейнелейтін жүйелілік принципімен сипатталады. Жүйелілікпен қарау педагогикалық теорияны, экспериментті және практиканы бірлік принципінде іске асыруды қажет етеді. Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр-әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес. Әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді. Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз-ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу. Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру, педагогикалық міндеттерді сезіну, даярлау және шығармашылықпен шешу; әдістемелік рефлексия.