- •Жоғары білім беру жүйесі: жағдайы, даму тенденциялары, келешегі.
- •Кесте 1- Кәсіби құзыреттіліктің психологиялық көрсеткіштер аймағы
- •Дәріс. Тақырыбы: Қазіргі білім берудің мазмұны.
- •Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
- •Дәріс2. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде.
- •1.2. Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі.Негізгі категориялары
- •1.3 Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістері
- •Теориялық зерттеу әдістері:
- •Білім беру жүйесінің міндеттері.
- •Дәріс 6. Дидактика:Оқыту және білім беру теориясы
- •Оқыту процесі бес элементтен тұрады:
- •Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:
- •Ғалым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық- біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.
- •Тақырыбы: Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы
- •Педагогикалық шеберлік компоненттері:
- •Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:
Дәріс 6. Дидактика:Оқыту және білім беру теориясы
Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және түрлерін, формаларын, жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастырады. Педагогикаға дидактика деген терминді тұңғыш енгізген неміс педагогы В.Радке (1571-1635). Дидактика туралы (1632 ж) «Ұлы дидактика» атты кітап жазған Я.А.Коменский оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып-сабақ жүйесі туралы баяндалған.
Нені оқыту керек? Оқушыларды тиянақты кең білім алуға және олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды мақсат ету. Үнемі білім мазмұнын кеңейтіп, жаңашылдықты қолдап отыру керек.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану.Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын дамытып жетілдіру қажет.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеп жүзеге асыру.
Педагогика ғылымының «Дидактика» саласына көптеген қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері өз үлестерін қосқан.
ІХ ғасырда Әбу Насыр Әл-Фараби дидактика туралы «Философтардың қойған сауалдарына жауап» деген еңбегінде оқыту, білім беру істеріне тоқталып, Оқып үйренуде жаттап алу дұрыс па, жоқ түсініп алу дұрыс бола ма? Деген сұраққа түсініп алған дұрыс, барлығын жаттап алу мүмкін емес деп жауап берген.
ХІХ ғ. Ы.Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға орыс тілін үйрету, балалардың сабаққа, ғылымға, өздігінен білім алуға ынталарын арттыратын,сезімін оятатын әдістер мен тәсілдерді зерттеген.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) өзінің саналы өмірін ұлттық білім беру жүйесіне,оның ішінде қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис салаларының негізін салды.
Міржақып Дулатов (1885-1935)- ол математика оқу кітаптарын құрастырушы. 1921 жылы «Есеп құралы» атты оқу құралы жарық көрді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) оның «Педагогика» атты еңбегі, «Сауатты бол» т.с. еңбектерінде әдістемелік мәселелерді қозғады.
Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика мәселелерімен жан-жақты айналысқан педагог.
Оқыту –таным үрдісі, өйткені оқушы білуге ұмтылады.Оқыту-оқу-тәрбие барысының нақты түрі. Оқытудағы міндет-оқушыны табиғат, қоғам және негізгі заңдарды меңгерту. Оқу процесі деген не? Мұғалімнің басшылығымен бір мақсатқа бағытталған, оқушыға білім беру міндетін шешу. Оқу процесі- тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту процесі бес элементтен тұрады:
1.Оқытудың мақсаты
2. Оқытудың мазмұны
3.Оқыту әдісі
4.Оқытушы
5.Оқушы
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы,танымы дамиды, іскерлігі, дағдысы қалыптасады. Білім –адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен қоғамның даму заңдарын танып біледі. Оқыту екі жақты процесс. Ол мұғалім мен оқушылардың ынтамақтастығы арқылы іске асады. Оқыту процесі ол- мұғалім сабақ береді, оқушының қызметі –білім алу. Оқыту процесінің функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамыту.
Оқытудың білім беру функциясы- оқушыны біліммен қамтамасыз ету, өз бетімен ізденуге баулу, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Оқытудың тәрбиелік функциясы- оқу-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Жеке тұлғаға тәрбие мен оқуды жан-жақты қалыптастыру.Тәрбиелеу арқылы оқушының байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, еңбек әрекетіне дайындау.
Оқытудың дамыту функциясы- шәкірттің таным әрекетін дамыту, ой-өрісін, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға, еркін игеруге үйрету.
Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы – оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудағы шешуші құралы.
Оқыту –оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы ережелер мен талаптар қажет.
Принцип- негізгі, жетекші идея, негізгі ережі, іс-әрекетке қойылатын талап деген мағынаны білдіреді. Оқыту принципі, яғни оқыту талаптары оқу барысының тиімді және сапалы жүруін қамтамасыз ететін негізгі іргелі ой жүйесі. Оқыту принциптеріне оқудың мақсаттары, мазмұны,әдістері мен ұйымдастыру түрлері, оның нәтижесін талдау, оқыту талаптарының біртұтастығы, логикалық тізбегі, оқу барысын жоспарлау және басшылыққа алу.
