Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 2 этап каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.99 Кб
Скачать

Билет № 13

1. 20 жасар ер адам. ЖБА қабылдау бөліміне төменгі жақ сол жағының ісінуіне, ауыздың қиын ашылуына, тамақ қабылдаудың қиындауына, сол жақ еріннің ұю сезіміне шағымданып қаралды. Ауру анамнезі: 2 сағат бұрын соққыға жығылған, есін жоғалтпаған, жүрек айну, құсу болған жоқ.

Қарап тексергенде: төменгі сол жақ бұрышының жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет ассимметриясы байқалады. Тері түсі қалыпты. Сипап тексергенде төменгі сол жақ бұрышында аймақтық ауру сезімі бар. Аузын 3 см-ге ашады. Төменгі жақтың сол жақтық ығысуына байланысты тістемі бұзылған. 3.7 тіс маңы шырышты қабаты жыртылған, жарақаттан қанталаған. 3.8 тіс I-II дәрежеде қозғалған. Соғып тексергенде ауырады. 3.7 мен 3.8 тіс аралығында патологиялық қозғалыс анықталады.

Төменгі жақтың рентгенограммасында тік және бүйірлің кескіндерді жақ сүйектің бұрышының бүтіндігінің бұзылуы анықталады, саңылау 3.7 мен 3.8 тістер арасынан өтеді. Кіші сүйек сынық бөлігі жоғары, медиальді ығысқан.

Сіздің диагнозыңыз? Дәрігердің келесі іс-әрекеті:

2. 2.4 Тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

Хирургиялық стматология

пропедевтикасы модулінің

меңгерушісі м.ғ.д., профессор К.Т. Тулеуов

«КЕЛІСІЛГЕН»

стоматология департтаментінің оқу клиникалық ББК төрағасы м.ғ.к. Баскакова И.В.

№ 5 хаттама 31.01.2012 ж

«БЕКІТЕМІН»

стоматология оқу клиникалық департаментінің директоры м.ғ.д., профессор Уразалин Ж.Б.

_____________________________

«___»________________2012 ж

Билет № 14

1. 29 жасар ер кісі стоматолог-хирургқа- ауызды ашу шектелген және ауырады, төменгі жақтың сол жақ бөлігінің тістерінің ауыруына шағымданып келді. 3 күн бұрын ауырған.

Объективті: 3.8 тісі сау, медальды-қиғаш орналасқан, дистальды және бөліктік шайнау беті ісікпен, ірің бөлетіп қызарған шырышты-сүйек қабығымен жабылған.

Рентгенограммада: 38.Тіс медиальды-қиғаш орналасқан, медиальды төмпешіктері 3.7 тістің мойнына тіреледі. Сіздің диагнозыңыз? Емдік жоспарды таңдаңыз.

2. 2.3 Тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

Хирургиялық стматология

пропедевтикасы модулінің

меңгерушісі м.ғ.д., профессор К.Т. Тулеуов

«КЕЛІСІЛГЕН»

стоматология департтаментінің оқу клиникалық ББК төрағасы м.ғ.к. Баскакова И.В.

№ 5 хаттама 31.01.2012 ж

«БЕКІТЕМІН»

стоматология оқу клиникалық департаментінің директоры м.ғ.д., профессор Уразалин Ж.Б.

_____________________________

«___»________________2012 ж

Билет № 15

1. 60 жасар әйел адам, ЖБАХ бөліміне сол жақ құлақ маңы сілекей безінің ісінуіне, ауру сезіміне, ауыздың құрғауына, ауызға іріңнің дәмінің келуіне, жалпы әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезі: 3 күн бұрын ауыра бастаған, суық тиюмен байланыстырады. Қарап тексергенде құлақ маңы сілекей безінің ұлғайғаны анықталады. Сипап тексергенде сілекей безі ауырады. Ауыз қуысында: стенонов түтігінің маңындағы шырышты қабаты қызарған, массаж жасағанда түтік аузынан ірің бөлінеді. Берілген симптомдар қандай ауруға тән? Дәрігердің келесі іс-әрекеті: