Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 2 этап каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.99 Кб
Скачать

Билет № 25

1. 29 жасар ер адам тағам қабылдағанда төменгі жақсүйегі асты аймағы ісініп, шаншитын ауыру сезімі пайда болатындығына шағымданып келген. Тағам қабылдап болған соң ауыру сезімі басылып, ісіну 20-30 мин өткен соң қайтады. Аталған шағымдар 1 жыл бұрын пайда болған. Уақыт өте ұлғайып, ал соңғы 1 ай көлемінде қатты мазалаған. Оң жақ жақсүйегі асты аймағын сипап тексергенде, жақсүйегі асты сілекей безі аздап ұлғайғандығы анықталды, бірақ консистенциясы қалыпты, ауырмайды. Оң жақ Вартонов өзегі ауызы ұлғайған, түсі қалыпты. Өзек бойын сипап тексергенде, өзектің орта бөлігінде диаметрі 0,5 см-ге тең тығыз конкримент анықталады.

Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

2. Кергіш иілімі бар Тигерштед шеңдеуішімен тұрақты иммобилизациялаңыз

Хирургиялық стматология

пропедевтикасы модулінің

меңгерушісі м.ғ.д., профессор К.Т. Тулеуов

«КЕЛІСІЛГЕН»

стоматология департтаментінің оқу клиникалық ББК төрағасы м.ғ.к. Баскакова И.В.

№ 5 хаттама 31.01.2012 ж

«БЕКІТЕМІН»

стоматология оқу клиникалық департаментінің директоры м.ғ.д., профессор Уразалин Ж.Б.

_____________________________

«___»________________2012 ж

Билет № 26

1. 33 жасар әйел адам оң жақ бетіндегі жайылмалы, ауыратын сіңбеге, ауызының ашылуының қиындауына, жалпы әлсіздігіне, дене қызуының 38,5-39,0 °С дейін жоғарылауына шағымданып келген. Анамнезінен: 4 күн бұрын соққыға жығылған. Есін жоғалтпаған, жүрегі айнып, құспаған. Соққыны төменгі жақсүйегінің оң жағынан алған. Екі күннен соң ауыру сезімі күшейіп, ауызын ашуы қиындаған, жағдайы нашарлап, қалтыраған. Аталған симптомдар ұлғайған. ЖБХ қабылдау бөліміне келген. Объективті: құлақмаңы шайнау аймағына жайылған, шекарасы анық емес, қатты ауыратын сіңбе анықталды. Флюктуация симптомы оң. Сіңбе үстіндегі тері қызарған, қатпарға жиналмайды. Ауызының ашылуы шектелген. Төменгі жақсүйегі асты және артқы лимфатүйіндері ұлғайған, ауырады. Оң жақ бетіне жайылған, коллатеральді ісіну. Ауыз қуысында:оң жақ ретромолярлы және ұрт аймағының шырышты қабаты жыртылған. 4.7, 4.8 тістерінің сауыт бөлігі бұзылған. Соғып тексергенде ауырады. Рентген суретінде: сүйек бүтіндігі бұзылмаған, 4.7, 4.8 тістерінің түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес, диаметрі 0,4 см сүйек сорылуы байқалады. Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

2. Ілгегі бар екі жақсүйегіне арналған Тигерштед шеңдеуішімен тұрақты иммобилизациялаңыз

Хирургиялық стматология

пропедевтикасы модулінің

меңгерушісі м.ғ.д., профессор К.Т. Тулеуов

«КЕЛІСІЛГЕН»

стоматология департтаментінің оқу клиникалық ББК төрағасы м.ғ.к. Баскакова И.В.

№ 5 хаттама 31.01.2012 ж

«БЕКІТЕМІН»

стоматология оқу клиникалық департаментінің директоры м.ғ.д., профессор Уразалин Ж.Б.

_____________________________

«___»________________2012 ж