Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 2 этап каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.99 Кб
Скачать

Билет № 6

  1. Ер кісі жоғарғы жақтың оң жағындағы ауру сезіміне және ісінген кездегі ауру сезіміне, дене температурасының жоғарылауына, қалтырауға, бастың ауыруына, әлсіздікке шағымданады.

Ауру анемнезінде: 3 күн ауырған, басында тісі ауырған, содан кейін жоғарыда айтылған шағымдар пайда болды. Жағдайы нашарлаған.

Қарап тексергенде: оң жағындағы ісінуіне байланысты беті ассиметриялы. Аузын еркін ашады. 1.6,1.7,1.8 тістер аймағындағы өтпелі қатпар қызарған, тегістелген, 1.7 тіс пломбыланған, 1.6,1.8 тістер интактты. Осы тістердің І-ІІ дәрежелі қозғалғыштығы анықталады, соғып тексергенде ауырады, қызыл иек астынан басқанда іріңді бөлініс бөлінеді. Альвеолярлы өсінді білік тәрізді қалыңдаған.

Ауыз ішілік рентгенограммада– 1.7 тістің ұрттық түбірлерінің аймағында сүйек тінінің біркелкі емес сорылуы анықталады. Диагноз қойыңыз. Ем жоспарын таңдаңыз.

2. 1.6 Тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

Хирургиялық стматология

пропедевтикасы модулінің

меңгерушісі м.ғ.д., профессор К.Т. Тулеуов

«КЕЛІСІЛГЕН»

стоматология департтаментінің оқу клиникалық ББК төрағасы м.ғ.к. Баскакова И.В.

№ 5 хаттама 31.01.2012 ж

«БЕКІТЕМІН»

стоматология оқу клиникалық департаментінің директоры м.ғ.д., профессор Уразалин Ж.Б.

_____________________________

«___»________________2012 ж

Билет № 7

1. 18 жастағы бала жоғарғы тісінің үнемі солқылдап ауруына және тістегенде ауру сезімінің үдеуіне, тістің «өсіп кеткені» сияқты сезіміне шағымданады.

Ауру анамнезінде: тіс біртіндеп тіс жегі үрдісімен зақымдалған. Бұрын емделмеген. Ауру сезімі 5 күн бұрын пайда болды.

Объективті: 1.1 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы, шұқып тексергенде ауырмайды, соғып тексергенде өткір ауру сезімі пайда болады. 1.1 тістің аймағындағы қызыл иек шырышы қабығы қызарған, ісінген.

Ауызішілік рентгенограммада 1.1 тіс периодонтальды саңылауының кеңеюі анықталады. Сіздің диагнозыңыз? Ем жоспарын құрыңыз.

2. 1.7 Тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

Хирургиялық стматология

пропедевтикасы модулінің

меңгерушісі м.ғ.д., профессор К.Т. Тулеуов

«КЕЛІСІЛГЕН»

стоматология департтаментінің оқу клиникалық ББК төрағасы м.ғ.к. Баскакова И.В.

№ 5 хаттама 31.01.2012 ж

«БЕКІТЕМІН»

стоматология оқу клиникалық департаментінің директоры м.ғ.д., профессор Уразалин Ж.Б.

_____________________________

«___»________________2012 ж

Билет № 8

1. 40 жастағы ер адам тіс дәрігеріне тіліндегі жараның болуына шағымданды.

Ауру анамнезінде: жара 2 апта бұрын пайда болды. Бірінші тілде тығыздану пайда болды, кейін ол жараға айналды. Науқас бүрген майын жараға жақты.Қырынған кезде жақ астынан лимфа түйіндерінің ұлғайғандығын байқады.

Объективті: оң жақ аймағының иекасты және жақасты лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы анықталады. Тілінің оң жағында, табақпішінді ауырмайтын,сипап тексергенде тығындалған негізді, диаметрі 1,0см болатын безді түбімен домалақ пішінді жара бар.

Сіздің диагнозыңыз? Дәрігердің келесі іс-әрекеті: