Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 мамандық.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18.91 Mб
Скачать

«Назарбаев университеті» ақ

Назарбаев Университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Университеттің миссиясы білім беру саласындағы, ғылыми зерттеу және өндірістегі инновациялық көзқарастарды интеграциялау негізінде әлемдік зиялы ғылыми-техникалық, инженерлік және медицина салаларының таңдаулы тобын қалыптастыратын әлемдік деңгейдегі университет құру болып табылады.

Назарбаев Университеті әлемдік үздік ЖОО-мен ынтымақтасады, оның ішінде:University College London (Ұлыбритания); Carnegie Mellon University (АҚШ); Duke University Business School (АҚШ); University of Wisconsin-Madison (АҚШ); Lee Kuan Yew School of Public Policy (Сингапур), Partners Harvard Medical International (PHMI), University of Pennsylvania, University of Pittsburgh Medical Center, UPMC, Lawrence Berkley National Laboratory, Argonne National Laboratory.

Университет Астананың сол жағалауында, қаланың экологиялық таза бөлігінде орналасқан. Назарбаев Университетінің сәулеті қалалық ортаны жағымсыз сыртқы әсерден қорғайтын экологиялық орман принциптеріне негізделген.

Академиялық саясат

UPC Бағдарламасы University Preparatory Certificate Program (UPC Foundation)

Дайындық мектебі

Студенттерді университетте инженерия, медицина, жаратылыстану және әлеуметтік ғылым бағыттары бойынша білім алуға дайындау бағдарламасы. Ол студенттерге өздерінің ағылшын тілі білімін жетілдіруге және олардың болашақ мамандықтарының бейінді пәндері бойынша негізгі білім алуға, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі университетте оқу үшін академиялық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Бейінді пәндерге жататындар:

  • математика және физика;

  • химия және биология;

  • экономика, халықаралық қатынастар.

Инженерия мектебі

Инженерия мектебі Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына қомақты үлес қосатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Инженерия мектебінде оқыту бағдарламасының шеңберінде студенттерге ғылым бакалавры дәрежесін (Bachelor of Science) берумен бірге, оларды келесі мамандықтар бойынша даярлау жоспарланып отыр:

  • механикалық инженерия (Mechanical Engineering);

  • химиялық инженерия (Chemical Engineering);

  • азаматтық құрылыс (Civil Engineering).

Мектеп 2011 жылы ашылады.

Ғылымдар және технологиялар мектебі

Ғылымдар және технологиялар мектебінде оқыту бағдарламасының шеңберінде студенттерге келесі мамандықтар бойынша даярлау жоспарланып отыр:

  • физика (Physics)

  • химия (Chemistry)

  • биология (Biology)

  • математика (Mathematics)

  • робототехника және механотроника (Robotics and Mechantronics)

  • есептеу техникасы (Computer Science).

Мектеп 2011 жылы ашылады. Қосымша бағдарламалар 2012 жылыдан бастап іске қосылады.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде оқыту бағдарламасының шеңберінде студенттерге келесі мамандықтар бойынша даярлау жоспарланып отыр:

  • халықаралық қатынастар (International Relations)

  • экономика (Economics)

  • әлеуметтану (Sociology)

  • саясаттану (Political Sciences).

Мектеп 2011 жылы ашылады. Қосымша бағдарламалар 2012 жылдан бастап іске қосылады.

Медицина мектебі

Бағдарламаның негізгі мақсаты медициналық ғылыми зерттеулер, білім беру, аурулардың алдын алу, диагностикалау және пациенттерді емдеу саласындағы мамандардың жаңа буынын дайындау.

Медицина мектебінде оқу бағдарламасы Медицина докторы (Doctor of Medicine, MD) дәрежесі берілетін медициналық және клиникалық тәжірибе бағдарламасынан (4 жыл) тұрады. Мектеп 2014 жылы ашылады.

Бизнес мектебі

Осы мектеп магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ғана оқытатын болады. Мектептің академиялық бағдарламасы 2012жылдан бастап жұмыс істейтін болады.

Бизнес мектебіндегі оқыту бағдарламасының шеңберінде студенттерді қаржы, банк ісі, менеджмент және т.б. саладағы Іскери әкімшілік ету магистрі (МВА) бағдарламасы бойынша дайындау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Бизнес мектебінің шеңберінде топ-менеджмент үшін қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары ұсынылатын болады (Executive education program).

Мемлекеттік саясат мектебі

Осы мектеп магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ғана оқытатын болады. Мектептің ашылуы 2012 жылға жоспарланып отыр.

Мемлекеттік саясат мектебінде оқыту бағдарламасының шеңберінде студенттерді мемлекеттік басқару және саясат бағдарламасы бойынша магистратура және докторантура деңгейінде дайындау жоспарланып отыр (Master/PhD in Public Policy и Master/PhD in Public Administration).

Сонымен қатар, елдің ұлттық міндеттерін шешу үшін мемлекеттік басқарудың әлемдік тәжірибесін зерделеу мақсатында жоғары санаттағы мемлекеттік қызметшілер үшін мамандандырылған бағдарламаның іске қосылуы жоспарланып отыр.

Ғылыми саясат

Назарбаев Университетінде үш ғылыми орталықтың ашылуы жоспарланып отыр, олар:

  • Өмір туралы ғылымдар орталығы (Center of Life Sciences)

  • Энергетикалық зерттеулер орталығы (Center for Energy Research)

  • Пәнаралық аспаптық орталық (Interdisciplinary Instrumentation Center)

Университетте білім алу арнайы шақыртылған шетелдік оқытушылармен толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ студенттерге Университет аумағынан (Кампус) жатақхана беріледі, барлық қажетті шетелдік оқу әдебиеттерімен жабдықталған кітапхана, кафетерий және басқаларымен қамтамасыз етілген.

Назарбаев Университеті студенттерінің грант бойынша оқуға түсу мүмкіндігі бар, бұл үшін олар ағылшын тілі және профильдік пәндер бойынша емтихан тапсыруы қажет. Қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтымыз: www.nu.edu.kz

Қабылдау комиссиясының телефоны: +7 7172 70 61 80/82/84

Мекен-жайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53.

13

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]