Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 мамандық.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
19 Мб
Скачать

Білім (мамандық) алу жолдары Сипаты бойынша оқу бағдарламалары жалпы және кәсіптік болып бөлінеді. Білім сатылары мынадай:

  • мектепке дейінгі тәрбие және оқу;

  • орта білім;

  • жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім.

Қазақстандағы орта білім. Қазақстандағы орта білім жалпыға бірдей міндетті болып табылады және оның құрылымы мынадай

  • жалпы орта білім;

  • бастауыш кәсіптік білім;

  • орта кәсіптік білім.

Жалпы орта білім 3 сатыдан тұрады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және жоғарғы (10-11 сыныптар). Ерекше қабілеті бар оқушылардың мүмкіндіктерін барынша толық дамыту үшін арнайы мамандандырылған дарынды балалар мектептерінде іске асырылатын білім бағдарламалары әзірленеді.

Бастауыш кәсіптік білім 2-3 жылда кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жалпы орта біліммен бірге алынады.

Орта кәсіптік білім конкурстық негізде 3-4 жылда колледждер мен училищелерде жалпы орта біліммен бірге алынады.

Қазақстандағы жоғары білім. Қазақстанда жоғары білім орта білім негізінде алынады. Жоғары оқу орындарының бірнеше түрі бар: университет, академия, институт және оларға теңестірілген оқу орындары (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).

Жоғары оқу орнына түсу үшін мектеп түлектері қорытынды емтихан және ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) түрінде түсу емтиханын тапсырады.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бакалавр (4 жыл), маман (5 жыл) немесе магистр (6 жыл) дәрежесі беріледі.

Екінші жоғары білім алу Қазақстанда жеделдетілген оқу мерзімімен тек қана ақылы негізде жүргізіледі (2-3 жыл).

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 4 оқу түрі қарастырылған:

  • күндізгі;

  • кешкі;

  • сырттай;

  • дистанциялық.

Күндізгі оқу бөлімі (дипломда күндізгі оқу бөлімі көрсетіледі) – сабақтар аптасына алты рет өткізіледі. Сессия жылына екі рет: жазғы, қысқы. Демалыс шілде, тамыз айлары. Студенттерге оқу мерзімінде әскер қатарынан босатылады.

Кешкі оқу бөлімі немесе ұзартылған күн тобы (дипломда кешкі оқу бөлімі көрсетіледі) – сабақтар жексенбі күндері өткізіледі. Аралық аттестация – сынақ және емтихан түрінде. Ұзартылған күн тобы дегеніміз оқуды жұмыстан босатылмай жалғастыру және оқу бағдарламалары мен Сіз таңдап алған оқудан тыс шаралардың барынша ыңғайлы үйлесімділігі.

Сырттай оқу бөлімі (дипломда сырттай оқу бөлімі көрсетіледі). Сырттай оқу бөлімінде оқу өз бетінше оқуды және институтқа жаңа білім алу және зачет пен емтихандарды тапсыру үшін жылына тек 2 рет ұзақтығы 20-30 күнтізбелік күн баруды білдіреді.

Дистанциялық технологияларды қолдана отырып сырттай оқу бөлімі (дипломда сырттай оқу бөлімі көрсетіледі) – бұл Интернет арқылы дистанциялық білім алу. Дистанциялық кәсіптік білім жеке график бойынша жүргізіліп, жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат қол жетімді болады.

Білім алу мәселесіне қатысты тағы бір маңызды сұрақ – ол оқуды қаржыландыру. Бұл ретте бірнеше қаржы көздерін атап көрсетуге болады:

  • мемлекет есебінен – мемлекеттік білім гранты және мемлекеттік білім несиесі, жоғары оқу орнының өз гранты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың гранттары мен стипендиялары және т.б.;

  • мемлекеттік емес қаржы көздері – атаулы стипендяилар, халықаралық ұйымдардың гранттары, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жеке гранттары, түрлі қорлардың демеушілік көмегі және т.б.;

  • жеке қаржы есебінен – өз қаржысы, банк несиесі.

Тестілеу қорытындысы бойынша конкурстық негізде жоғары оқу орнына түсуші үздік талапкерлерге мемлекеттік білім гранты беріледі. Ол дегеніміз мемлекет есебінен тегін оқу және стипендия. Мемлекеттік грантты алуға «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық пән олимпиадалары мен конкурстардың жүлдегерлері басым құқыққа ие. Қандай да болмасын мамандық бойынша мемлекеттік гранттардың саны мемлекеттік тапсырыспен белгіленеді. Гранттарды Білім және ғылым министрлігінің Конкурстық комиссиясы тағайындайды. Жоғары оқу орнына түсу үшін ең төменгі балл 50-ден кем болмауы тиіс (2010 жылғы жағдай бойынша). Әрине, мемлекеттік білім грантын жеңіп аламын деушілер одан әлдеқайда жоғары білім көрсеткіштері талап етіледі. Сұранысқа ие мамандықтарға өту баллдарын қабылдау комиссиясы белгілейді және олар, әдетінше, жоғары болады.

Мемлекеттік білім несиесі кәсіби білім ақысын төлеу үшін конкурстық негізде беріледі. Несие алушы, жоғары оқу орны және банк арасында үшжақты келісім жасалады. Онда мына мәселелер қарастырылады:

  • несиені беру уақытына сәйкес толық оқу мерзіміне теңгемен берілетін несиенің жоспарланған көлемі;

  • несиенің берілу мақсаты;

  • несиені беру шарттары мен оны өтеу мерзімдері;

  • тараптардың міндеттері, оның ішінде несиені алушының несиені қайтару жөніндегі міндеттемелері (тұрақты табыс көзі бар бір немесе бірнеше жұмысқа қабілетті адамның немесе заңды тұлғаның сенім білдіруі).

Оқу бітіргеннен кейін банк Сіздің оқуыңызға жұмсалған бюджеттік қаржылардың жалпы сомасын көрсетіп, хабарлама береді.

Жеке грант тек талапкерге емес, сонымен бірге кез-келген курс студентіне бір семестрден бірнеше жылға дейінгі уақытқа берілуі мүмкін. Бұл дегеніміз жоғары сенім, келісесіз бе?! Сондықтан, оны жоғары оқу үлгерімімен және үлгілі тәртіппен ақтау қажет. Егер семестр ойдағыдай аяқталмаса, онда грант беруші Сізге жұмсалған ақшаны қайтарып алуға немесе оның басқа студентке беруге құқысы бар.

Президенттік «Болашақ» стипендиясы. Бұл халықаралық стипендия Қазақстан Республикасының Бірінші Президентімен құрылған болатын. Атап өтетін мәселе, посткеңестік елдер ішінде Қазақстан алғашқы болып кадрларды шетелде дайындау бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарлама қазақтстандық кадрларды шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында дайындауды көздейді. Стипендиаттар шетелге барып тек білім алып, тәжірибе жинақтап, іскерлік қарым-қатынастардың мәдениетін сіңіріп қана қоймай, сонымен бірге дамыған елдердің академиялық орталарында Қазақстанды жақсы жағынан танытады. Оқу бітіргеннен кейін олар мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдар мен акционерлік қоғамдарда қызмет етеді. Сөйтіп, еліміздің жаңа билік пен бизнес-элитасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Назарбаев Университеті» АҚ жаңа білім кешені Қазақстанның астанасында елдің зиялы ғылыми-техникалық және инженерлік элитасын қалыптастыру миссиясын көздейді. Университет құрамында 6 Мектеп бар:

  • Инженерия мектебі;

  • Жаратылыстану ғылымдары мен Технологиялар мектебі;

  • Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдар мектебі;

  • Медицина мектебі;

  • Мемлекеттік саясат Жоғары мектебі;

  • Бизнестің Жоғары мектебі.

Алғашқы төрт мектеп Бакалавриат бағдарламасына қатысты болса, соңғы екеуі – Магистратура бағдарламасына қатысты.

Сонымен бірге, Университетте Дайындық (Foundation) мектебі қарастырылған. Ол бойынша бір жылдық жеделдетілген курстан өтіп, ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіріп, академиялық қабілеттерді арттыруға болады.

Жоғары оқу орнын таңдау мәселесіне байланысты талапкерлерге жалпы кеңестер. Жоғары оқу орнын таңдау кезінде оның орналасқан жері, оқу ақысы, мемлекет есебінен оқуға болады ма, жоқ па деген сұрақтарға жауап іздеу қажет. Оқу орнында қосымша сынақтар, әңгімелесулер, емтихандардың болу/болмауын анықтау керек. Сапалы білім алу үшін оқу орнының техникалық жарақтандырылуы, оқытушылар құрамының сапасы, ғылыми-зерттеу немесе жобалау жұмыстарымен айналысу мүмкіндігі жайлы сұрастырған абзал. Сонымен бірге, тіл үйрену, шетелде тағылымдамадан, тренингтерден өту, білімді шетелде жалғастыру мүмкіндіктеріне назар аударыңыз.

Редакциялық алқа