Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 мамандық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18.91 Mб
Скачать

«Ертеңің үшін аянба, ерім ... »

(Елбасының сөзіне жазылған «Нұр Отан» ХДП

«Елім менің» әнұранынан үзінді)

«Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңің үшін аянба!...» «100 мамандық»

II том

Астана, 2011

«Нұр Отан» ХДП Хатшысы Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы редакциялық басшылығымен.

Редакциялық алқаның құрамы:

Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Асанов Жақып Қажманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшесі.

Тілеухан Бекболат Қанайұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшесі.

Құрметті оқырман! Ақпараттық-анықтамалық материалдардың мазмұны бойынша ұсыныстар мен ескертпелер болып жатса, оларды мына мекен-жайға жолдаларыңызды сұраймыз: 010000, Астана қ., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Үйі, 2-ғимарат, каб. 306 немесе мына электронды пошта бойынша – torekozha@yandex.ru

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................

5

1. Білім (мамандық) алу жолдары.......................................................

7

2. Оқуға түсудің шарттары?................................................................

10

3. 100 мамандық бойынша кесте........................................................

14-88

4. Оқу орындарының тізімі.................................................................

89-168

5. 2010/2011 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

170-178

6. 2010/2011 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы....................................

179-200

7. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесі.............................................................................

201-218

8. «Назарбаев Университеті» АҚ........................................................

219-221

9. Алдағы 3-5 жылға арналған мұнай-газ саласындағы барынша талап етілетін жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының тізбесі...................................................................

222-224

Кіріспе

Осы кітапша арқылы Сіз кесте түріндегі 100 мамандық түрімен, олар бойынша кейін жұмысқа орналасуға болатын салалар және тұратын аймағына қарай осы мамандықтарды алуға болатын оқу орындары жайлы ақпараттармен, оқу орындарына түсу шарттарымен таныса аласыз. Сонымен қатар, қосымшада соңғы екі жылдағы мемлекеттік білім беру тапсырысы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде халықаралық стипендияны тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесі, "Назарбаев Университеті" АҚ-ы құрамындағы мектептердің мамандықтары, сондай-ақ алдағы 3-5 жылға арналған мұнай-газ саласындағы барынша талап етілетін жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының тізбесі жайлы ақпарат келтірілген.

Бүгін дұрыс таңдалған мамандық – ол ертеңгі табысты өмірдің кепілі. Сондықтан, әрбір адам қолынан не келсе, сонымен айналысуы керек. Ол өз кәсібінің щебері болуы қажет. Сол кезде ғана ол жақсы өмірге қадам жасай алады. Өскелең ұрпақ осы қағиданы неғұрлым ертерек түсінсе, соғұрлым оларға осы мақсатқа жету жеңіл болады.

2008 жылғы 14 мамырда өткен «Жас Отан» жастар қанатының съезінде «Нұр Отан» ХДП-ның көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекет жағдай туғызуы тиіс төрт негізгі құқықтары мен міндеттері қатарында жақсы кәсіби білім мен лайықты деңгейде ақы төленетін тұрақты жұмысты атап көрсеткен болатын.

«Жас Отанның» сол съезінде Елбасы «Жастарды үлкен қажеттілік бар мамандықтарға жіберу керек» деп қадап айтты.

Ал біздегі жағдай қандай?

Бүгінгі таңдағы жағдай келесідей: жастар өздерінің қабілетін ескермей, өздерінің немесе ата-аналарының ойынша беделді, «тәуір» деп саналатын мамандықтарды таңдайды. Осы тұрғыда олар оқу орнының қабырғасынан тыс жағдайдағы перспективаны емес, басқалардың пікірі мен уақытша амбицияны ғана ескереді. Осыдан келіп бізде, мысалы, жыл сайын оқу бітіретін заңгерлер мен экономистердің саны артып жығылады. Ал, еңбек нарығында көптеген мамандықтар бойынша жұмыс орындары бос қалып жатады.

Мұның барлығы еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңгерімнің бұзылуына әкеп соқты.

Болашақ мамандық таңдау кезінде мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жас азаматтың аңсаған арманы мен шынайы қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, тұлғаның ерекшеліктері мен қандай нәрсеге икем екендігін ескеріп қадам жасаған дұрыс. «Қандай мамандық таңдағаным дұрыс?» деген сұраққа әлемдегі табысқа жеткен адамдардың барлығы шамамен бірдей жауап береді: «Өзіңізге не лайық, сонымен айналысыңыз, тек өзіңіздің көңіліңіз қалайтын нәрсемен шұғылданыңыз. Сонда ғана жетістікке жетесіз!».

Әрбір жас азамат ерте жастан-ақ өмірдің қандай да болмасын бір саласына қызығушылық таныта бастайды. Жасөспірімдік кезеңде бұл қызығушылық профильдік және соған сабақтас пәндерді таңдау арқылы, мектептен тыс қызығушылықтары арқылы жүзеге асып жатады. Ал, ата-ананың міндеті – кезінде өзі қол жеткізе алмай, арманына айналған мамандықты баласына күштеп таңу емес, қайта шеті мен шегі көрінбейтін мамандықтар мен кәсіптер арасынан балаға өз биігін тануға көмек көрсету болып табылады. Оның үстіне, қазір диплом емес, шынайы кәсібилік пен шеберлік бағаланатын заман келді.

Осы қадаммен көзделетін басты міндет - әрбір қазақстандыққа сұранысқа ие мамандықты таңдау және ол бойынша білім алу тәртібі мен шарттары туралы мемлекеттен толық ақпарат алу мүмкіндігін беру.

Қорыта айтқанда, бұл ақпараттар азаматтардың білім саласындағы жаңалықтардан кеш қалмауын, мамандық таңдаған кезде мектеп бағдарламасы бойынша профильдік және соған сабақтас пәндерге өз күші мен мүмкіншілігін барынша сала отырып, болашағына дұрыс қадам жасауға үндейді.

Біз ертеңгі жас мамандардың ата-аналарын, болашақ жоғары сыныпты мамандарды, адасып жүрген студенттерді мамандық таңдауға үлкен жауапкершілікпен, кәсіби шеберлікпен келуге және мамандық таңдау процесін түсіне отырып қадам жасауға шақырамыз. Сіздерге бұл тұрғыда келесі беттерде орын алған материалдар көп көмек көрсетеді деген сенімдеміз.

Редакциялық алқа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]