
- •Тақырыптық жоспар Дәріс сабақтары.
- •Семинарлық сабақтар
- •Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы (ожсөж)
- •Студенттердің өзіндік жұмысы(сөж).
- •Әдебиеттер
- •Тақырыптық жоспар.
- •Бақылау формалары мен түрлері бойынша балдарды реттеу.
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары.
- •Білім деңгейін бағалау туралы мәлімет.
- •Курстың саясаты және іс шаралары.
- •«Әлемнің флорасы мен фаунасы» пәнінен оқу- әдістемелік қамтамасыздандыру картасы.
Курс атауы: Әлемнің флорасы мен фаунасы.
Курс коды: КП 10 ТК 8
Кредит саны: 3
Байланысу мәліметі:
Аты-жөні |
Орындау уақыты мен орны |
Байланысу телефоны |
||
Дәріс |
Семинар |
СОӨЖ |
||
Баймағанбетова Қаршыға Тасболатқызы Баймағанбетова Бибігүл Бұрқатқызы |
Офис тіркеушісінің сабақ кестесі бойынша
|
Кафедраның сабақ кестесі бойынша |
54-58-74 (222) 8701 121 33 03 |
Курстың пререквизиттері және қысқаша сипаттамасы.
Қазіргі заманғы биологияда биологиялық әртүрлілікті сақтау және оқып үйрену кеңінен қарастырылады. Өсімдіктер және жануарлар әлемінің әр түрлілігі адамдар мен көне заманнан бастап оқып үйренген, бірақ та бүгінгі күнге дейін бұл сұрақ өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Флора және фауна түсініктері жай ғана статистикалық түсініктер емес, олар сыртқы ортаның жағдайынан өзгеретін және ғылымның даму деңгейіне тәуелді өзгеретін категориялар. Бүгінгі күнде ғылымда 5000 мың түрдей өсімдіктер жэне 1500 мың жануарлар түрі белгілі, бірақта бұл әлі толық тізім емес. Флора және фаунаны оқып үйрену процесінде студенттерге өсімдіктер және жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігін оқып үйрену мақсаты ғана қойылып қоймайды, сонымен қатар систематикалық ареалдарды оқып үйрену арқасында флора және фауна құрылымының жер шарындағы флора және фауна аудандарын оқып үйренеді.
Курстың постреквизиттері: Әлемнің флорасы мен фаунасы курсын тындап, игергеннен кейін биогеографияны, өсімдіктер мен жануарлар систематикасын, тарихи экологияны, геологияны, климатологияны, этнографияны тыңдаушы жеңіл қабылдайды және жақсы игереді.
Курстың мақсаты мен міндеттері:
- Әлемнің флорасы мен фаунасын оқып үйрену;
- өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әртүрлілігін;
- олардың таралу ареалын;
- флора мен фаунаның жүйелік құрылымын;
- жер шарындағы флоралық және фауналық аудандастырылуды;
- әлемнің флорасы мен фаунасының байлығын және оның таралған негізгі түрлерін тану.
Студенттер курс нәтижесінде білуі қажет:
Солтүстік Қазақстан табиғи аймағының өсімдік және жануарлар әр түрлі түрлерін білу.
Флора және фауна салыстырмалы әдістемелерімен пайдалана білу.
Әр түрлі табиғи аймақтарының жануарлар және өсімдіктер әлемін сипаттай білу.
Әр түрлі табиғи аймақтарының белгілі фауна және флора өкілдерінің ареалдары туралы көзқарастарын кұру.
Тақырыптық жоспар Дәріс сабақтары.
№ |
Тақырыптың аты және мазмұны
|
Сағат саны |
Әдебиеттер |
Уақыты (апта) |
1 |
Флора мен фаунаның ғылым ретінде даму тарихы. 1. Флора және фауна туралы түсінік. Систематикалық құрамы (таксондардың көптігі және алуантүрлілігі). 2. Флора мен фаунаның өзіндік ерекшеліктерінің себептілігі. Флора мен фаунаның өзгеруіндегі адамның ролі. 3. Ұлы географиялық ашылулар дәуірі А. Фон Гумбольдт, П.С. Паллас, Ф.Л. Склэтірдің және т.б. еңбектері. |
2 |
1,2,4,13, 15 |
1 |
2 |
Ареалогия. 1. Ареал туралы түсінік. Ареал флористика мен фаунистиканың негізгі объектісі. 2. Ареалдардың пайда болу түрлеріне байланысты классификациясы. 3. Зерттеу әдістері және ареалдарды картаға түсіру. 4. Ареал типтері: біртұтас, үзілмелі арелдар.Космополиттік, таспалы,және нүктелі ареалдар. Эндемизм және реликтілер туралы түсінік. 5.Ареалдың қалыптасуы. Ареалдардың шекарасының қалыптасуындағы абиотикалық, биотикалық, факторлардың ролі.
|
2 |
1,2,4,13, 15 |
2 |
3 |
Құрлықты флоралық аудандастыру. Голарктикалық патшалық. 1. А.Л. Тахтаджан бойынша әлемнің флорасын аудандастыру, флористикалық аудандастыру принциптері. 2. Әлемде 6 флоралық патшалыққа бөлу, ауданы бойынша ең ірісі голарктикалық патшалық, ол патшалық жіктеледі: бореальды, Ежелгі Жерортатеңіздік және Мадреан патшалық тармағы. 3. Бореальды патшалық тармағы облыстарының сипаттамасы: Циркумбореальды, Шығыс Азиялық, Атланттық – Солтүстік Америкалық және Скалистый таулары. 4. Ежелгі Жерортатеңіздік патшалық тармағы облыстары: Макаронезия, Жерортатеңіздік, Сахаралық - аравиялық, Ирандық - тұран. 5. Мадреан патшалық тармағының бір ғана облысы - Сонор. |
2 |
1,2,4,13, 15 |
3 |
4 |
Палеотропикалық патшалық. 1. «Ескі дүниенің»тропиктері: Африкалық, Үнді - Малайзиялық, Мадагаскарлық, Полинезиялық және Жаңакаледондық патшалық тармақтары. 2. Африкалық патшалық тармағы облыстарының сипаттамасы: Гвинеялық, Кару-Намибтік, Судан- Замбезилік. 3. Үнді - Малайзиялық патшалық тармағы ірі облыстарының сипаттамасы: Малозилік, Үнділік, Үндіқытайлық. 4. Жаңакаледондық патшалық тармақтарының ерекшеліктері. |
2 |
1,2,4,13, 15 |
4 |
5 |
Неотропикалық және кап патшалықтары. 1. Неотропикалық патшалықты аудандастыру: Карибтік, Гвиан таулы қыраты, Амазонка, Бразилия, Анд облыстары, олардың флорасының эндемик түрлерінің, туыстарының, тұқымдастарының сипаттамасы. 2. Неотропикалық патшалықты палеотропикалық патшалықпен салыстыру. 3. Кап патшалығы – оның негізгі тармақтарының сипаты. |
2 |
1,2,5 |
5 |
6 |
Австралиялық және Голантарктикалық патшалықтар. 1.Австралиялық патшалық сипаттамасы: флораның ерекшеліктері, өсімдіктердің негізгі туыстарының өзгергіштігі, эндемизмнің жоғары деңгейі, палеотропиктермен ежелгі байланыстары және оқшаулануы, 3 облысқа аудандастырылуы: Солтүстік - шығыс тропиктік, Оңтүстік - Батыс субтропиктік және Орталық – құрғақ. 2. Голарктикалық патшалық құрлықтың бір - бірінен оқшауланған қазіргі үлескілерінің жиынтығы. 3. Әрбір 4 облыстан эндемизмнің жоғары деңгейі: Хуан-Фернандестік, Чилилік - Патогондық, Жаңазеландиялық және Субарктикалық аралдар. |
2 |
1,2,5 |
6 |
7 |
Құрлықтың фауналық аудандастырылуы. Палеогея. 1. Фауналық аудандастырудың принциптері, Склэетер және Уоллес бойынша 4 патшалыққа бөлу: Палеогей, Арктогей, Неогей және Нотогей. 2. Палеогей патшалығы фаунасының ерекшеліктері – ірі таксондар үшін эндемизмнің жоғары деңгейі. 3. Палеогей патшалығының аудандастырылуы: Эфиопиялық, Мадагаскарлық, Үнді – Малайлық және Полинезиялық облыстар. 4. Әрбір облыстың жануарларының ерекше түрлері және басқа ірі таксондар деңгейі мен олардың түрлік құрамының ұқсастық дәрежесі. |
2 |
1,2,5 |
7 |
8 |
Арктогей патшалығы. 1. Арктогей патшалығының жалпы сипаттамасы. Арктогей патшалығы екі патшалық тармағынан тұрады: Палеоарктика және Неоарктика. 2. Палеоарктика патшалық тармақтарының облыстары: Европа – Сібір облыстары, Ежелгі Жерортатеңіздік облыстары, Сахара-Гоби облыстары, Шығыс – Азиялық облыстары. Канада және Сонор облыстары. Неоарктика облысының патшалық тармақтары. |
2 |
1,2,5 |
8 |
9 |
Неогей патшалығы. 1. «Жаңа дүниенің» фаунасының ерекшеліктері, Неогей патшалығы балықтары мен бауырымен жорғалаушылары, сүтқоректілері, құстарының өзіндік ерекшеліктері. 2. Неогей патшалығын екі облысқа аудандастыру: Аралдық және Неотропикалық. 3. Неогей патшалығының жалпы таксондары мен эндемиктерін Палеогей патшалығымен салыстыру мысалдары. Арктогей патшалығының ерекшеліктері. |
2 |
1,2,4,7,11,13,15 |
9 |
10 |
Нотогей патшалығы. 1. Нотогей патшалығының фаунасы, оның әлем фаунасының дамуына әсері. 2. Нотогей патшалығының фаунасын аудандастыру:Австралиялық, Жаңазеландиялық, Патагониялық облыстары. Әрбір облыстың фаунасының ерекшеліктері: фауна эндемизмінің жоғары деңгейі. 3. Австралиялық облыс – класс тармағы деңгейінде, біртектілігі мен кедейлігі, Жаңазеландиялық облыс пен Патагониялық облыстар фаунасының эндемизмінің жоғары деңгейі сипаттамасы. |
2 |
1,2,5 |
10 |
11 |
Құрлықтың тропиктік биомдары. 1. Тропиктік белдеудің климатына, топырағына және тағы басқаларына сипаттама. 2.Тропиктің негізгі биомдарына сипаттама: ылғалды экваторлық ормандар, саванналар, сирек ормандар мен тропиктік шөлдер. 3. Әрбір биомның флорасы мен фаунасының өкілдерінің сипаты, тропиктік белдеудің биомдарының флорасы мен фаунасының әрбір бөлімдерінің өкілдерінің өзара әсері. |
2 |
1,2,5 |
11 |
12 |
Құрлықтың субтропиктік биомдары. 1. Солтүстік және оңтүстік тропиктерге сәйкес субтропиктік биомдардың орналасуы. 2. Субтропиктік белдеудің биомдарында белгіленген ортаға абиотикалық факторлардың сипаттамасы. 3. Субтропиктік биомдардың жіктемесі: ылғалды субтропиктік ормандар, құрғақ субтропиктік ормандар, субтропиктік сирек ормандар, шөлейттер мен шөлдер. 4.Әрбір көрсетілген биомдардағы субтропиктік флора мен фаунаға тән өкілдері, олардың бір бірімен өзара әсері. |
2 |
1,2,4,7,11,13,15 |
12 |
13 |
Қоңыржай және арктикалық ендіктердің биомдары. 1. Климаттық сипаттама: қоңыржай және суық белдеулердегі температуралық режим, топырақтың сипаты, циклділігі, ылғалдану жағдайы. 2.Берілген белдеулердің негізгі биомдары: жалпақ жапырақты ормандар, аралас ормандар, қылқан жапырақты ормандар (тайга), дала, орманды дала, шөлдер, тундралар. 3. Берілген биомдарда биоценоз түзуші әлемнің флорасы мен фаунасына тән өкілдері. 4. Қоңыржай және суық белдеулердің қатаң жағдайларына өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуі. |
2 |
1,2,5 |
13 |
14 |
Қазақстанның флорасы мен фаунасы. 1. Қазақстанның табиғи климаттық жағдайы, негізгі зональдық және азональдық биомдары. 2.Далалық, шөлейттік, шөлді және тауларда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың негізгі топтары. 3. Қазақстанның қорықтары – биомдардың эталонды үлгілері. 4. Қазақстан территориясы флоралық облыстарына сәйкес флора мен фаунаның бейнеленуі. |
2 |
1,2,5 |
14 |
15 |
Қостанай облысының ерекше қорғалатын табиғи территориялары. 1. ЕҚТТ – фауна мен флораның жаратылысын бейнелейтін эталондық территориялар. 2. Қостанай облысының фаунасы мен флорасының өзгеруіне антропогендік факторлардың әсері. 3. Қостанай облысының ЕҚТТ: Наурызым қорығы; 3 заказник: Михайловский, Сарықопа және Тауынсор; 9 табиғи ботаникалық ескерткіштер. 4. Қазақстан үшін сирек, Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген Қостанай облысының өсімдіктері мен жануарларының жойылып бара жатқан түрлері. |
2 |
1,2,4,7,11,13,15 |
15 |
|
Барлығы: 30 cағат. |
|
|
|