Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__леу-у-жа__а сил-с.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.38 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер», 5В071800 – «Электр энергетикасы», 5В072900 – «Құрылыс», 5В090700 – «Кадастр», 5В071200 – «Машина жасау», 5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В070800 – «Мұнай газ ісі», 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В060800 – «Экология», 5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау»

мамандықтары

«Әлеуметтану»

Пәнінің бағдарламасы

(SYLLABUS)

Ақтау 2014

1. Оқитын пәннің сипаттамасы

«Әлеуметтану» пәні жоғары оқу орындары студенттеріне жалпы білім пәндерінің міндетті компоненті ретінде оқытылады. Әлеуметтану болашақ мамандарда әлеуметтік ойлау қабілетін, әлеуметтік проблемалардың пайда болуы мен оларды шешу жолдарын, проблемаларды түсіну қабілетін қалыптастыру үшін қажет. Курс барысында әлеуметтану тарихы мен теориялары, әлеуметтік ойлардың даму кезеңдері туралы жалпы түсінік беріледі, негізгі әлеуметтік теориялар мен категориялар қарастырылады.

Оқу жұмыс жоспарына сәйкес мерзімде жүргізіледі, курсты оқу 1 семестрге ғана арналған. Студенттердің меңгерген білімдері семинар, СОӨЖ сабақтарындағы жауаптары арқылы қадағаланады, семестр соңында компьютерде тест түрінде емтихан тапсырады.

Пәнді зерделеуге 90 сағат (2 кредит) берілген, оның ішінде барлық аудиториялық сағаттар – 30 сағат (дәріс – 15 сағат, семинар сабағы – 15 сағат); студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 6 сағат; студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 54 сағат.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Курсты оқытудың мақсаты студенттерге қоғам жөнінде, оның әлеуметтік жүйе ретіндегі қызметі мен дамуы туралы нақты түсінік беру, кәсіби қызметінің нақты проблемалары мен жағдайларын әлеуметтік сараптаудан өткізе алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Курс студенттердің әлеуметтанудың негізгі категориялары мен әлеуметтанушылық ойлардың даму кезеңдерін біліп, арнайы әлеуметтік теориялар жөнінде нақты түсінік алуы тұрғысындағы міндеттерді шешуді жүзеге асырады.

3. Пәннің қысқаша мазмұны

Әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың пәні мен объектісі. Әлеуметтанудың құрылымы мен функциялары. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары. Әлеуметтік ойлар тарихының негізгі кезеңдері. Ғылыми әлеуметтанудың қалыптасуы. ХХ ғасыр әлеуметтануы. Қазақстанда әлеуметтік ойлардың пайда болуы мен дамуы.

«Қоғам» ұғымы. Қоғамды зерттеудегі жүйелі әдіс. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері. Категориялық талдау жүйесіндегі «әлеуметтік қоғам», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «мәдениет» түсініктерінің ролі. Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде. Әлеуметтік институттардың типологиясы. «Әлеуметтік процес» ұғымы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу үрдісі. Әлеуметтік мобильдік. Қоғамның әлеуметтік стратификациясы ұғымы. Қазақстан қоғамының стратификациясы.

Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде. Әлеуметтік рольдер теориясы. Тұлға құрылымы. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы. Тұлғаның девианттық мінез-құлығын анықтаудың мәселелері. Микро және макро орта, оның адамдардың девианттық әрекетіне ықпалы. Әлеуметтік бақылау және адамның деликвенттік мінез-құлығы. Дезадаптивті мінез-құлық.

Білім беру әлеуметтануының міндеттері. Білім беру әлеуметтік бақылаудың құралы ретінде. Білім беру үрдісінің сатылары. «Саяси жүйе» және «әлеуметтік-саяси үрдіс». Саяси әлеуметтену. Саяси мәдениет. Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы, міндеттері. «Экономикалық мәдениет» түсінігі. Экономикалық білімнің құрылымы.

Отбасының әлеуметтік институт ретінде. Отбасының пайда болуы және даму түрлері. Отбасының құрылымы және қызметтері. Әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі отбасы әлеуметтануының орны. Мәдениеттің мәні. Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері (тіл, қатынас, құндылықтар, тәртіп және нормалар). Субмәдениет және қарсы мәдениет ұғымдары.

Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының зерттеу объектісі, пәні және категориялары. Бұқаралық байланыстың заңдылықтары мен механизмдері. Бұқаралық ақпарат құралдары. Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Зерттеу бағдарламасының құрылымы. Зерттеу объектісіне талап. Ақпар жинаудың негізгі әдістері және түрлері.