Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.32 Кб
Скачать

2. Әкімшілік жауаптылықтуралы істерді қарауға өкілетті органдар

Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:

1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;

2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;

3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.

Жалпы құқық қолданушылық қызмет – ұсақ бөлімдердің жиынтығынан, іс жүргізулерден, яғни іс жүргізулердің жиынтығынан тұрады.

Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз – нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.

Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде - сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.

Процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.

Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:

1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;

2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады.

Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері.

Әкімшілік-процессуалдық құқық қолданушылық қызмет ұсақ бөлімдерден – іс жүргізулерден қалыптасады, яғни процесс дегеніміз – іс жүргізулердің жиынтығы.

Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз – нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.

Әкімшілік іс жүргізушілік басқалардан шешетін істерінің сипаттарымен ерекшеленеді.

Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты міндеттердің ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз бойынша шешім қабылдау.

Құқық беруші әкімшілік процеске мынадай іс жүргізулердің түрлері жатады:

- жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау);

- жекешелендіру;

- азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;

- өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;

- мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;

- жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;

- тарату.

Кез келген процесс кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді.

Кезең (стадия) дегеніміз – процесс субъектілерінің бірінен соң бірі істелінетін, бір бірімен байланысты нақты әрекеттері.

Әкімшілік-процессуадлық кезеңдер процестің қозғалысын көрсетеді:

- оның алғашқы сәттері;

- аралық бөліктері;

- процессуалдық актіде ресімделетін қисынды (логикалық) аяқталған бөлімі.

Әрбір кезең бір-бірінен дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс-әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді.

Кез келген әлеуметтік басқару, соның ішінде мемлекеттік басқару, циклді болады, сондықтан әкімшілік процесс те осындай қасиет бар. Әрбір заңды іс процесте кезеңдерден өтеді, ал олардың жиынтығы (қосындысы) басқару циклін құрайды.

Әкімшілік іс жүргізулердің кез келгенінде осы аталған кезеңдердің (стадиялардың) барлығы бола бермейді, мысалы азаматтардың арыз, шағымдары бойынша іс жүргізуде мәселелерді анықтау кезеңі қажетті емес, себебі ол шағым, арыз, өтініштің өзінде де болады.