Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.32 Кб
Скачать

Кіріспе

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуден басқа әкімшілік процесс және оның іс жүргізу түрлері әлі күнге дейін тиісті құқықтық реттелумен қамтамасыз етілмей отыр. Процестің барлық түрлерінің ішінде тек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық түрлері ғана құқықтық құбылысқа ие болуына байланысты, процестің осы түрлерін реттейтін нормалар жиынтығы маңызды жүйелік сипат - азаматтық - іс жүргізу, әкімшілік - іс жүргізу және қылмыстық - іс жүргізу түріндегі қазақ құқығындағы іс жүргізудің дербес саласының мәртебесіне ие. Осыған байланысты, процестің жаңа түрі ретіндегі әкімшілік іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс қызығушылық тудырады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның Негізгі заңы бойынша адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін алуына, мемлекеттің халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде әлемдік қауымдастыққа енуіне және елдегі экономикалық, саяси саладағы өзгерістерге байланысты, қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде әкімшілік-іс жүргізу саласын түбегейлі өзгерту туралы мәселенің өзектілігі артып отыр.

ХХ ғ 60 ж ортасына дейін іргелі құқықтық санат ретіндегі процестің мәні туралы ғылыми көзқарастар сол дәуірдегі азаматтық және қылмыстық процестер негізінде қалыптасты. Сондықтан да, осы процестердің юрисдикциялық сипаты: құқық туралы (азаматтық процесс) дауды шешу және мәжбүрлеуді қолдану (қылмыстық процесс) маңызды болды. Азаматтық және қылмыстық процестердің мұндай түсіндірілуі, азаматтық және қылмыстық юрисдикция мақсаттары үшін арнайы құрылған орган ретіндегі соттың әлеуметтік бағытынан шығады.

ХХ ғ 60 жж басында құқықтанушы ғалымдардың процесс түрлеріне, оның ішінде әкімшілік процесті зерттеуге деген қызығушылықтары арта бастады. 1964 ж басылымнан шыққан Н.Г. Салищеваның алғашқы монографиялық еңбегінде әкімшілік процесс, азаматтық және қылмыстық процестердің көрінісі ретінде сипатталған.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік құқық бұзушылық ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандығына қол сұғу әрекетін (әрекетсіздікті) түсінеміз. Мейлінше қажеттілік жағдайында, мәселен, қатердің көзін жою үшін, егер ол қатерді басқадай тәсілдермен жою мүмкін болмаған жағдайда жасалған әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып саналмайды.

Әкімшілік құқық бұзғаны үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

- ескерту;

- әкімшілік айыппұл салу;

- әкімшілік құқық бұзушылықтың құралы немесе тікелей нысаны болып табылған затты өтемін төлеп алып қою;

- әкімшілік құқық бұзушылықтың құралы немесе тікелей нысаны болып табылатын затты, - әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табысты, ақшаны және құнды - - қағаздарды тәркілеу;

- арнаулы құқықтан айыру;

- лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне немесе белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға қолданылуын тоқтата тұру;

- немесе жеке кәсіпкер қызметіне тыйым салу;

- заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

- әкімшілік қамауға алу;

- шетелдікті немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік кетіру.

Ескерту, әкімшілік айыппұл салу және әкімшілік қамауға алу тек негізгі әкімшілік жазалар ретінде ғана қолданыла алады.

Азаматқа немесе заңды тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сонымен қатар қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

Ескерту әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруінен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір нормаларын сот практикасында қолдану кезінде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 618-бабының 1-2-бөліктерімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары (бұдан әрі - қамтамасыз ету шаралары) әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеудің айрықша құралдары болып табылады. Оларды уәкілетті лауазымды адам өзінің өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасағаны үшін сезікті болған адамның жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкін болмағанда және осындай шараларды қабылдамау істің мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективті анықтауға, оны заңға сәйкес шешуге, шығарылған қаулыны орындауды қамтамасыз етуге кедергі келтіретін жағдайда қолданады.

Қамтамасыз ету шаралары заңда көзделген жағдайларды есептемегенде (жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу), әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға байланысты іс қозғалғанға дейін (мысалы, сезіктінің жеке басын анықтау үшін), әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезінде (мысалы, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам органға (лауазымды адамға) немесе сотқа келмеген жағдайда), сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында (мысалы, ӘҚБтК-нің 620-бабының 13) тармақшасы негізінде атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындау барысында) қолданылуы мүмкін.

Қамтамасыз ету шараларын қолдану заңды болуға, парасаттылық, қажеттілік және жеткіліктілік өлшемдеріне сай келуге тиіс. ӘҚБтК-нің 618-бабында көрсетілген қамтамасыз ету шараларының әрқайсысы жеке немесе егер қажеттілікке байланысты болса басқа шаралармен бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

Өзіне қатысты қолданылған қамтамасыз ету шараларына адам шаралар қолданылған күннен бастап он күн ішінде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға), мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық сотқа ӘҚБтК-нің 633-бабымен көзделген тәртіппен шағымдана алады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, адам ӘҚБтК-нің 619-бабы 1-бөлігінің 1-6) тармақшаларымен және 2-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған жағдайларда егер хаттаманың жасалуы не қорғау нұсқамасының шығарылуы мiндеттi бола тұра оларды сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның заңды өкiлiн мәжбүрлеп алып келуді білдіреді.

Аталған қамтамасыз ету шарасын қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу фактісі туралы объективті деректердің және өзіне қатысты осы шара қолданылып отырған адамның құқық бұзушылықты жасағаны туралы негізді болжамның болуы негіз болып табылады. Құқық бұзушының мемлекеттік орган өкілдерінің әкімшілік құқық бұзушылықты жасауды тоқтатуы туралы заңды талаптарына немесе өкімдеріне бағынудан бас тартуы қосымша негіздердің бірі болып табылады.

3. Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, белгiлi бiр уақыт iшiнде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды әкiмшiлiк ұстау деп түсінген жөн.

Осы қамтамасыз ету шарасы ӘҚБтК-нің 620-бабында көрсетілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін сезікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің жолын кесу мақсатында ғана қолданылады.

Аталған қамтамасыз ету шарасын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, құжаттарды тексеру, адамның жеке басын анықтау және т.б. мақсатында қолдануға болмайды.

Әкімшілік ұстау мерзімдері және оларды есептеу тәртібі ӘҚБтК-нің 622 және 623-баптарымен белгіленген.

ӘҚБтК-нің 623-бабымен белгіленген мерзімдерді есептеу тәртібі туралы ережелер тек әкімшілік ұстауға ғана қатысты емес, сондай-ақ ӘҚБтК-мен көзделген барлық басқа мерзімдерге де қолданылады.

4. Алып келу - өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке адамды немесе заңды тұлғаның заңды өкілін, әкімшілік жауапқа тартылып отырған кәмелетке толмағанның заңды өкілін, осы адамдар судьяның немесе органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуден жалтарған жағдайда оларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан сотқа немесе органға мәжбүрлеп алып келуді білдіреді. Алып келуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істер, қаржы полициясы органдары немесе сот приставтары (ӘҚБтК-нің 584-бабының 4-бөлігі) жүзеге асырады. Ұйғарымның көшірмесі алып келуге жататын адамға тапсырылады.

5. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу белгілі бір тұрғылықты орны және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, оның іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс белгілері болмаған әрі оның жеке басын өзге тәсілдермен (мысалы, жақын туыстарының, тұрғылықты жеріндегі көршілерінің айғақтарымен, жұмыс берушінің деректерімен, өзге де құжаттармен және т.б.) анықтау мүмкін болмаған кезде жеке профилактика шарасы болып табылады. Аталған шара тек сот санкциясымен қолданылуы мүмкін және адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде 30 тәулікке дейінгі мерзімде уақытша оқшаулауды қамтиды.

Аталған шараны белгілі бір тұрғылықты жері немесе жеке басын куәландыратын құжаттары бар адамға қатысты қолдануға болмайды.

6. Жеке адамды тексеріп қарау, жеке адамның заттарын тексеріп қарау және көлік құралын, шағын көлемдi кеменi тексерiп қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда ғана әкiмшiлiк құқық бұзушылық құралдарын не нысаналарын табу мақсатында жүргiзiледi. Аталған қамтамасыз ету шарасын басқа жағдайларда қолдануға болмайды.

Осы қамтамасыз ету шарасын ӘҚБтК-нің 620-бабымен көрсетілген лауазымды адамдар ӘҚБтК-нің 626 және 627-баптарының талаптарын сақтай отырып қолданады.

7. Тексеру түріндегі қамтамасыз ету шарасы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында қолданылады. Істің мән-жайына қарай сол жер, заттар, құжаттар, тiрi адамдар тексерілуі мүмкін.