Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
босану тарихы ЖАНАТ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.47 Кб
Скачать

Жамбасты өлшеу

1.

Distantia spinarium – мықын сүйектерінің алдыңғы – жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшемдерінің түймелерін осы өсінділердің аралығы сыртқы бетіне тірейді. Ол 25 см тең.

2.

Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы. Ол 28 см тең.

3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31 см тең.

Қалыпты дамыған жамбаста үлкен жамбастың көлденең өлшемінің аралығы 3 см құрайды. Аз айырмашылық болса қалыпты жамбас құрылысының ауытқығанын көрсетеді.

4. Conjugata externa – 20 см

5. Conjugata vera – 20 – 9 = 11

6. Жамбас сүйектерінің қалың жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14 см-ге тең. Бұл Соловьев индексі. Егер Соловьев индексі 14 см-ден артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14 см-ден кем болса жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді. Ол 14 см тең.

7. Жамбас өлшемдерін анықтаған кезде ерекше көңіл бөлетін жер – ол Михаэлис ромбасы. Жоғарғы бұрышы 5-бел омыртқаның қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйектерінің артқы жоғарғы өсінділерімен сәйкес келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Жоғарғы жіне сыртқы жағынан бұлшықеттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшықеттерінің қырымен шектеледі. Ол 11 см тең.

Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу: Айна көмегімен зерттеу

Жатыр мойнының цианозын және қынаптың кілегейлі қабатын, жатыр мойнының ауруларын анықтап зерттеуге көмектеседі. Кусно немесе қасық тәрізді айнаны қолдануға болады. Кусно айнасын жабылған күйінде қынапқа енгіземіз, кейін айнаны алып жатыр мойнын қарауға мүмкіндік аламыз. Қынапты және жатыр мойнын қарауға қасық тәрізді айнаны қолданамыз. Алдымен артқы айнаны кіргіземіз, оны қынаптың артқы қабырғасына орналастырамыз. Одан кейін оған параллель алдыңғы айнаны кіргіземіз, онымен алдыңғы қабырғасын қараймыз.жатыр мойнын және қабырғасын қарап болғаннан кейін, айнаны алып қынаптың өзін зерттейміз.

Қынаптық зерттеу

Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың екінші және үшінші саусақтарыды қынапқа енгізе отырып, төртінші және бесінші саусақтарды бүгеді. Бірінші саусақты жоғары көтереді. Бұл зерттеуде жатыр түбі бұлшық еттерінің жағдайы, қынап қабырғасының қасиеттері (созылу, тегістігі т.б.), қынап күмбезі, жатыр мойны (ұзындығы, пішіні, т.б.) және жатыр мойнының сыртқы тесігінің (пішіні, ашық, жабықтығы) анықталады. Жүкті әйелде қынап қабырғасының және жатыр мойының кілегейлі бөліністері ақшыл.

PV: жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 көлденен саусақ өткізеді, ұзындығы 2 см. Қағанақ қабы жоқ, ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне келіп тұр. Төменгі сегментке өтуі доғал. Мүйіске қол жетпейді, жамбас сүйегі деформациясыз.

Босанудың болжам мерзімі

Қалыпты физиологиялық жағдайда жүктіліктің орташа ұзақтығы: 280 күн (40 апта), яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен, немесе 266 күн овуляциядан бастап, 28 күндік цикл аралығы.

Босанудың болжам мерзімін анықтау үшін соңғы келген етеккірдің алғашқы күнінен үш айды шегеріп он төрт күн қосамыз. Босанудың болжам мерзімі : __.__.2013 жылы.