
- •I позиция. Алдыңғы түрі.
- •Түскен кездегі шағымдар:
- •Жалпы қарау:
- •Дене мүшелерін жекелеп қарау: Тыныс алу жүйесі
- •Жүрек – қан тамыр жүйесі
- •Жамбасты өлшеу
- •Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу: Айна көмегімен зерттеу
- •Қынаптық зерттеу
- •Босанудың болжам мерзімі
- •Дәрігерлік тағайындалымдар парағы:
- •Босануды жүргізу жоспары
- •Шүйдесімен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі
- •Босануды жүргізу жоспары:
- •Босану ағымы:
- •І кезең:
- •Іі кезең:
- •Ііі кезең:
- •Жаңа туған нәрестені біріншілік өңдеу:
- •Аудару эпикризі
- •Нәрестенің дамуы:
- •Бақылау күнделігі
М.Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Кафедра: Акушерия және Гинекология
Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к.,доцент Түсіпқалиев А.Б.
Ассистент: Амантаева К.М.
Босану тарихы
Босанушының аты – жөні: Пазылова Жанар Мушкаловна
Жасы: 25 жаста
Клиникалық диагнозы:
Мерзімінде босану. Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың
І кезеңі. Ұрық ұзына бойы орналасқан. Басымен келуі.
I позиция. Алдыңғы түрі.
Куратор: Сыпабекова Молдир 401 А
Ақтөбе – 2013 жыл
Паспорттық бөлім:
Аты-жөні: Пазилова Жанар Мушкаловна
Туған жылы: 27. 07. 1988
Жынысы: әйел
Ұлты: Казак
Түскен күні: 04. 05. 13 жылы, сағат 9.00
Білімі: орташа
Қан тобы: А (ІІ) екінші
Резус-тиістілігі: Rh (+) оң
Қызметі: жұмыссыз
Жолдама берген мекеме: Ози келген
Мекен – жайы: Актобе обл Алга каласы Бестамак
Түскен кездегі диагнозы:
Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың 1 кезеңі
Түскен кездегі шағымдар:
Алғаш босанушы Пазылова Жанар Мушкаловна 25 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен, күні жетілген жүктілікпен 40 аптасында ретті толғақ басталғаннан соң, қағанақ суы кетуімен Облыстық Перинатальды Орталыққа келіп түсті. Anamnes vitае:
Жалпы сырқаттар: Боткин, туберкулез, тері – венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Аллергиялық анамнезі ерекшеліксіз. Гемотрансфузия болмаған. 2012 жылы түсік болган.
Етеккірдің басталуы: 16 жастан бастап, 5-6 күннен, ай сайын калыпты. Соңғы етеккірі 15. 06.12 жылы.
Жыныс қатынасының басталуы: 20 жаста
Гинекологиялық сырқаттары: болмаған
Аборттар, асқынулары, оперативті жәрдем: 2012 жылы тусик болган.
Алдыңғы жүктіліктері: 1-ші жүктілік –түсік болган, бул екінші жүктілігі.
Есепке жүктіліктің 8-9 аптасында тіркелген.
Жалпы қарау:
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ.
Бойы: 160 см
Салмағы: 60 кг
Жүрек соғысы: анық, ырғақты.
Тамыр соғуы: минутына 74 рет
Артериальды қан қысымы: оң қолда 110/70 мм.с.б.
сол қолда 120/80 мм.с.б.
Дене температурасы: 36,2ºС
Терінің күйі: тері түсінің өзгерісі, пигменттенуі, бөртпелер жоқ; тері жамылғысы құрғақ, серпінділігі сақталған; тері астында ісіну жоқ. Тері асты шел май қабаты орташа дамыған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұлшық ет тонусы жақсы дамыған. Сүйек буын жүйесінде патология жоқ. Сүт безі ұлғайған. Емізік айналасы пигменттелген.
Дене мүшелерін жекелеп қарау: Тыныс алу жүйесі
Кеуденің екі жағы да симметриялы, тыныс алуға бірдей қатысады. Мұрын арқылы дем алады. Минутына 23 рет. Кеуделік дем алу түрі. Кеуде торының пішіні цилиндрлік. Кеуде торының деформациясы, асимметриясы байқалмайды. Кеудеде ауыратын жерлер байқалмайды, кеуде сарайының серпінділігі сақталған, ол екі жақтан қысқанда иілгіш келеді. Дауыс дірілінің өзгерістері анықталмаған. Салыстырмалы перкуссияда өкпенің 2 жағында бірдей ашық өкпе дыбысы. Екі жақты бірдей везикула тынысы. Сырыл жоқ.
Жүрек – қан тамыр жүйесі
Қарау мен пальпация кезінде артериялар қалыпты; мойынның, кеуде торының және аяқ-қолдардың көктамырлары кеңеймеген. Жүрек аймағында, мойын артериялары мен көктамырларда патологиялық пульсация, ісінулер анықталған жоқ.
Артериялық пульс: жиілігі минутына 74 рет соғады, екі білек артериясының пульсі бірдей, білек артериясы мен жүректің пульсі де қалыпты. Пульстің қатаңдығы, толықтығы, ырғағы, жылдамдығы қалыпты жағдайда.
Жүрек тондары күшті, ритмді. Патологиялық шулар жоқ. АҚҚ: оң қолда 110/70 мм.с.б.; сол қолда 120/80 мм.с.б.
Асқорыту жүйесі
Ауыз қуысын қарағанда тілі ылғалды, таза. Өңеш барлық тағамдарды жақсы өткізеді. Бадамша безі ұлғаймаған. Іші жүктіліктің мерзіміне қарай ұлғайған. Бауыр оң жақ қабырға доғасы астынан пальпацияланады: бауыр шеті жұмсақ, тегіс. Өт қапшығы пальпацияланбайды. Бауыр, талақ ұлғаймаған.
Несеп бөлу жүйесі
Белдеме аймағын қарау: ісік, қызару және ауырсыну жоқ. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Бүйрек пен қуық пальпацияланбайды. Несеп бөлуі бос, ауырсынусыз; диурез қалыпты.
Нейро-эндокринді жүйесі
Сұрақтарға адекватты түрде жауап береді. Сезімталдықтың бұзылыстары жоқ. Сіңір рефлекстері сақталған. Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес біріншілік және екіншілік жыныстық белгілері дамыған. Қалқанша безі ұлғаймаған.
Акушерлік статус
Ішті қарау
Пішіні: сопақша тәрізді
Ішті өлшеу: Іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді. Жүктіліктің соңында іш айналымы 90 – 100 см тең.Ал егіз жүктілікте, ірі ұрықта, көп сулы жүктілікте, ұрықтың көлденең орналасуында, семіздікте іш айналымы 100 см – ден артық болады.Жатырдың түбінің биіктігін өлшеу, яғни қасаға сүйегінің жоғарғы шегінің жатыр түбіне дейінгі аралық, ал жүктілік мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Бірінші акушерлік айдың соңында жатыр өлшемі тауық жұмыртқасындай болады. 2–акушерлік айдың соңында (8 апта) жатыр мөлшері қаз жұмыртқасындай болады. 3 - акушерлік айдың соңында жатыр нәресте басымен бірдей болады. 4 - - акушерлік айдың соңында жатыр түбі қасаға мен кіндік ортасында орналасады. 5 - акушерлік айдың соңында жатыр түбі кіндіктен 2 саусақ төмен орналасады. 6 - акушерлік айдың соңында (24 апта) жатыр деңгейін кіндіктің тұсында орналасады. 7 - акушерлік айдың соңында (28 апта) жатыр деңгейін кіндіктен 2 -3 елі орналасады. 8 - акушерлік айдың соңында (32 апта) жатыр деңгейін кіндіктен семсер өскіннің ортасында орналасады. 9 - акушерлік айдың соңында (36 апта) жатыр деңгейі семсер өскіннің деңгейінде орналасады. 10 - акушерлік айдың соңында (40апта) жатыр деңгейі 7 ай кезіндегі деңгейге түсіп, жатыр деңгейі төмен түседі. Дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын жатырдың биіктігін деңгеиін және жамбас өлшемдерін өлшейді. Ол үшін сантиметрлік лентамен, жамбас өлшеуіш қолданады. Жатырдың деңгейін өлшеу үшін симфиздің жоғарғы шеті мен жатыр түбінің нүктесі аралығына сантиметрлік лентамен қоямыз. Сантиметрлік лентамен өлшегенде келесі көлемдерді аламыз. Жатыр түбінің биіктігін анықтағаннан кейін ұрықтың салмағына болжам жасай аламыз. Іш айналымын жатырдың биіктік деңгейіне көбейтеміз.
Іш шеңбері: 100 см
Жатыр түбінің биіктігі: 39 см
Ұрықтың шамамен салмағы (Жордания бойынша): 3800,0±100,0гр
Сыртқы акушерлік тексерудің 4 әдісі
(Леопольд бойынша):
Бірінші Леопольд әдісі – екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Жатыр түбінде ұрықтың жамбасы орналасады. Ол ұрықтың басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау.
Екінші Леопольд әдісі – екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай ығыстырып жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында ұрықтың арқасы , ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады. Ұрықтың арқасы мен мүшелерінің орналасу бағытына қарай оның позициясы мен түрін анықтайды. Нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы. 1 – позицияда - нәресте жатырдың сол жақ қабырғасына; 2 – позицияда – оң жақ қабырғасына қарап орналасады. Нәресте 1-ші позицияда орналасқан. Нәрестенің алдыңғы және артқы түрлері бар. Ол алдыңғы түрімен орналасқан.
Үшінші Леопольд әдісі – жүкті әйелдің оң жағынан бетпе бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, ұрықтың төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Ұрықтың басы орналасқан. Ол тығыз, дөңес, қозғалмалы болып келеді.
Төртінші Леопольд әдісі – бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақ ұшын жамбас ұшына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан ұрық бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды.
Ұрықтың жүрек соғысы: ұрықтың жүрек тондарының аускультациясын жүктіліктің 2 ағымында немесе босану кезінде жургізеді. Жүрек тондарын тыңдау үшін арнайы акушерлік стетоскоппен анықтаймыз. Ұрықтың жүрек тонын жүктіліктің 18 – 20 аптасында тыңдай аламыз. Тонның айқын шығуы дыбыс өткізілуіне байланысты. Семіз әйелдерде немесе қағанақ суының көп болған жағдайда жүрек тоны анық естілмейді. Жүрек соғысын тыңдау ұрықтың төмен түсуі, түріне, позициясына, орналасуына байланысты.
Ұрықтың 1 позициясында жүрек соғысы сол жақта естіледі, 2 позицияда орналасса оң жақта жүрек соғысы жақсы естіледі. Баспен келе жатқан ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен төмен анық естіледі. Егер ұрықтың жүрек соғысы қайта қалпына келмесе, яғни талақ арасында, онда бұл ұрықтың асфиксия болғанын көрсетеді. Ұрықтың жүрек соғу жиілігін 30 секунд бойы тыңдаймыз, ал егерде аритмия тондары дыбыс өзгерістерін анықтау үшін 1 минут тыңдаймыз. Егер әйел адам терең тыныс алғанда, пульс жайланады, ал ұрықта жиілігі өзгермейді. Жүкті әйелдің немесе босанушының ішіне аускультация жасағанда кейде кіндік тамырларында шу естіледі. Жүктіліктің 2 ағымында немесе босану кезінде жатыр тамырлары кеңейіп, кіндік тамырларында шу, жатырлық шулар анықталады. Оның жиілігі анасының пульс жиілігімен сәйкес келеді. ол көбінесе плацента орналасқан жерде анықталады.
Босанушы әйелде ұрығының жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 136 рет.
Ұрықтың әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анықтау
1 – алдыңғы, 1 позиция баспен;
2 – артқы, 1 позиция баспен;
3 – алдыңғы, 2 позиция баспен;
4 – артқы, 2 позиция баспен;
5 – алдыңғы, 1 позиция жамбаспен;
6 – артқы, 2 позиция жамбаспен;
7 – алдыңғы, 2 позиция жамбаспен;
8 – артқы, 2 позиция жамбаспен.