Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ БЮДЖЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
692.74 Кб
Скачать

Өткен қаржы жылдарында пайда болған дебиторлық берешек сомасын қайтарған жағдайда жазбалар (бір мезгілде) жүзеге асырылады:

дебиторлық берешек сомасы есепте болған кезде: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және дебиторлық берешектің тиісті шотының кредиті; 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті;

бұрын есептен шығарылған дебиторлық берешек қалпына келтіруге жатады: дебиторлық берешектің тиісті шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті; 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және дебиторлық берешектің тиісті шотының кредиті; 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті.

1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» және 2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешегi» шоттарының қосалқы шоттарында тапсырыс берушiлермен олар үшiн орындалған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн, өндiрiстiк оқу процесiнде кәсiптiк техникалық мектептердiң оқушылары орындаған сатылған дайын бұйымдар мен жұмыстар үшiн есеп айырысулар, сондай-ақ балалардың музыка мектептерiнде оқығаны үшiн, мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлердi ұстағаны үшiн, нысанды киiм-кешек үшін, мектептердiң жанындағы интернаттарда балалардың тамағы үшiн есеп айырысулар ескерiледi.

Көрсетілген қосалқы шоттардың дебетіне көрсетілген қызметтер, оқу-өндірістік шеберханалар әзірлеген сатылған дайын бұйымдар құны, мемлекеттік мекемелерде оқу орнының оқушылары орындаған жұмыстар үшін оқу орнының оқушыларына төлеуге жататын сыйақы сомасы және оқу базасын кеңейтуге, оқушылардың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуін жақсартуға демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен сома жазылады және басқа сомалар, бұл ретте 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер», 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» шоты кредиттеледі.

Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтерінен түскен сома 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

Мектеп-интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттарда балаларды ұстауға төлемді есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі:

Дт 1232 «Төлемдердің арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

Кт 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер».

Балаларды күтіп-ұстауға төлемнің түсуі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 1232 «Төлемдердің арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды күтіп-ұстағаны үшін төлемді қайтару және ата-аналар алдындағы берешекті өтеу: 1232 «Төлемдердің арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті; бір мезгілде қайтару сомасына сатудан кірістің азаюы 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер» шотының дебеті және 1232 «Төлемдердің арнайы төлем түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.

3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» және 4110 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» шоттарында қорларды жеткiзу және қайта өңдеу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда сатып алынған қорлар, ұзақ мерзiмдi активтер, қабылданған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер үшiн өнiм берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу ескерiледi.

Мердігер орындаған жұмыстардың, қорлар түсімінің, ұзақ мерзімді активтердің сомасына 2411 «Аяқталмаған құрылыс», 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар», 2300 «Негізгі құралдар», 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік», 2600 «Биологиялық активтер», 2710 «Материалдық емес активтер» қосалқы шотының дебетіне және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4110 «Жеткізушілерге және мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.

Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша консультант қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және қосымша ақы төлеу сыртқы қарыздардың қаражатынан сыйақы (қаламақылар) төлеу жолымен жүргізіледі.

Есептелген сыйақылардың (қаламақылардың) сомасына жазба жүргізіледі:

Дт 7140 «Өзге операциялық шығыстар».

Кт 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер»