- •Мазмұны
- •Тақырып 1. Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
- •1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».
- •Шетелдік мекеменің есеп шотына жолда есептелген сома түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі:
- •Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазба жүргізіледі:
- •Жергілікті бюджеттен қаржыландыру түскен кезде мемлекеттік мекеме мынадай жазбаларды жүргізеді:
- •Бюджетке әлеуметтік салық төлеген кезде
- •Мемлекеттік оқу орнында стипендиялар төлеу бойынша операциялар мынадай тізбектермен көрсетіледі:
- •121. Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мынадай жазбалармен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды көрсетеді:
- •Субсидиялар бойынша операцияларды мемлекеттiк мекеме мынадай тiзбектермен көрсетедi:
- •Мемлекеттік мекеме бюджет кірісі болып табылатын сома бойынша:
- •Өткен қаржы жылдарында пайда болған дебиторлық берешек сомасын қайтарған жағдайда жазбалар (бір мезгілде) жүзеге асырылады:
- •Мектеп-интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттарда балаларды ұстауға төлемді есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі:
- •Төленген сыйақылардың сомасы:
- •Күмәнді берешектер бойынша резерв құру мынадай тізбекпен көрсетіледі:
- •Шығыстарды есепке алу тәртібі
- •7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.
7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.
Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есептен шығару төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері негізінде мынадай жазбамен жүзеге асырылады:
Дт 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар»
Кт 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек».
Зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу бойынша іс жүзінде жүргізілген шығыстар:
Дт 7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар»
Кт 1216 «Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек».
Жеке және заңды тұлғаларға төленген субсидиялар бойынша шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен көрсетіледі:
Дт 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебеті және
Кт 3114 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3115 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
Мемлекеттік мекеме мыналар бойынша сыйақы есептеуді көрсетеді:
алынған қарыздар бойынша:
Дт 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар»
Кт 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар»;
қаржылық жалдау бойынша:
Дт 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар»
Кт 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар».
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестицияларды есепке алу бойынша үлестік қатысу әдісі қолданылған кезде инвестиция объектісі шығындарының үлесінде мемлекеттік мекеменің қатысуын көрсету акционерлердің/қатысушылардың (жалғыз акционердің/қатысушының) немесе мемлекеттік басқару органының жалпы жиналысының шешімі бойынша 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар» шотының дебеті және 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.
Шоттар Жоспарының «Өзге шығыстар» бөлімінің шоттарында ұзақ мерзімді активтердің әділ құнының өзгеруінен, ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуынан, бағамдық айырмадан, резервтер құру бойынша және өзге шығыстар ескеріледі.
Ұзақ мерзімді активтердің әділ құнының өзгеруінен шығысты тану мынадай жазбамен көрсетіледі:
Дт 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар»
Кт ұзақ мерзімді активтің тиісті шоты.
Мемлекеттік мекеме бағамдық айырмадан шығыстарды мынадай жазбамен көрсетеді:
бағам төмендегенде:
Дт 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шотының дебеті,
Кт Шоттар жоспары активінің тиісті қосалқы шоты;
бағам артқанда:
Дт 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»
Кт Шоттар жоспары міндеттемелерінің тиісті қосалқы шоты.
Активтердің құнсыздануынан шығыстар;
Дт 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті және
Кт активтердің құнсыздануына резервтерді есепке алу бойынша тиісті шотты.
Мемлекеттік мекеме резервтер құру бойынша шығыстарды мынадай корреспонденциямен көрсетеді:
Дт 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар»
Кт 1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв».
Өзге шығыстар мемлекеттік мекеменің есебінде мынадай тізбектермен көрсетіледі:
Дт 7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті және
Кт «Қорлар», 2610 «Жануарлар» шотының, 2620 «Көпжылдық екпелер».
Жыл аяқталғанда мемлекеттік мекеме есепті жылдың қаржы нәтижесіне шығыстардың шоттарын жабуды жүргізеді:
Дт 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі»
Кт шығыстардың тиісті шоты.
Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы мен инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша есепке алу негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікті, жануарларды (жұмысшы мал), ауылшаруашылық қызметіне байланысты емес өсімдіктерді Нысандар альбомының ОС-6, ОС-8 нысанды түгендеу карточкаларында жүргізіледі, онда теңгемен амортизацияның жылдық сомасы, тозу есептелетін ай және жыл жазылады. Ай сайынғы амортизацияны есептеу Нысандар альбомының 459 нысанды Ұзақ мерзімді активтердің амортизация сомасын есептеудің әзірлеу кестесінде өсу қорытындысымен көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша есепке алу Нысандар альбомының НОС-6 нысанды активтерді есепке алудың түгендеу карточкаларында жүргізіледі, онда теңгемен амортизацияның соңғы рет тозу есептелетін бір жылда және айда жинақталған сомасы жазылады.
Іссапар шығыстарын есепке алу Нысандар альбомының 386-нысанына есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомста жүргізіледі (8 мемориалдық ордер).
Есеп беретін әрбір тұлғаның саны көп емес мемлекеттік мекемелерде есеп айырысулардың талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында есептілікке жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі.
Шығыстарды есепке алу 19-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық шығыстарды есептеудің жиынтық ведомостінде жүргізіледі;
20-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
21-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді басқару жөніндегі шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
22-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458-в нысанды өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі.
Шығыстардың қалған түрлерді есепке алу Нысандар альбомының 283 нысанды көп бағанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкасында жүргізіледі.
Резервтер бойынша шығындарды есепке алу Нысандар альбомының 283 нысанды көп бағанды карточкасымен ресімделеді.
Негізгі сұрақтар:
Кірістің аналитикалық есебі
Шығыстардың есеп жүргізу ұйымдастыруы
Әдебиеттер тізімі: негізгі әдебиеттер: 1 (с.246-245), 2 (с.25-36), қосымша әдебиеттер:2 (с.45-66)
