Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ БЮДЖЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
692.74 Кб
Скачать

121. Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мынадай жазбалармен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды көрсетеді:

жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен трансферттер бойынша қаржыландырудың түсуі: 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;

алушыларға нысаналы трансферттер аудару: 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;

ұсынылған есептердің негізінде нысаналы трансферттерді есептен шығару: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

жоғарыда тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне трансферттердің пайдаланылмаған сомасын қайтару: 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.

Субсидиялар бойынша операцияларды мемлекеттiк мекеме мынадай тiзбектермен көрсетедi:

қаражатты алу: 1085 «Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебетi және 6040 «Субсидиялар төлемдерi бойынша қаржыландырудан түсетiн кiрiстер» кредитi;

жеке және заңды тұлғалар субсидиясын есептеу: 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар» шотының дебетi және 3114 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек», 3115 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi;

жеке және заңды тұлғалар субсидиясын төлеу: 3114 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек», 3115 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1085 «Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредитi.

Мемлекеттік мекеме бюджет кірісі болып табылатын сома бойынша:

бюджеттің кірісіне өткізуге жататын активтерді және басқа материалдық құндылықтарды сатудан түскен сома;

кінәлі тұлғаларға жатқызылған және бюджет кірісіне тапсыруға жататын материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының анықталған жетіспеушіліктері;

өткен қаржы жылдары пайда болған дебиторлық берешекті қайтару сомасы;

жаңа қаржы жылында бюджеттік шоттарға мемлекеттік мекемелер қайтаратын өткен қаржы жылындағы пайдаланылмаған бюджет қаражатының сомасы;

өзге түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүргізеді.

Бюджетпен есеп айырысу бойынша туындаған сома 3130 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шоттарының кредитіне жазылады, бюджет кірісіне тиісті соманы аудару шамасына қарай – осы шоттың дебетіне жазылады.

Активтерді сатудан түскен қаражат бойынша бюджет алдында мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3131 «Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; берешекті өтеу 3131 «Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының ақша қаражатының тиісті қосалқы шотының/шотының 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімі мен жұмсалуы жоспарында көзделген сомадан тыс түскен қаражат бойынша бюджет алдындағы міндеттеме мынадай жазбамен көрсетіледі:

Дт 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар»

Кт 3132 «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;

ал бюджетке қаражатты аудару:

Дт 3132 «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Кт 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ».

Анықталған жетіспеушіліктер мен жымқырулар тексеру немесе тексеріс актісінде көрсетілген сомада кінәлі тұлғаларға жатқызылады және жетіспеушіліктер мен жымқырулар анықталған соң 5 күнтізбелік күн ішінде материалдар азаматтық шағым ұсыну үшін тергеу органдарына тапсырылуы тиіс. Сот шешімін алу кезінде кінәлі тұлғаларға жатқызылған сома сот органының атқару парағына сәйкес нақтылануы тиіс.

Келтірілген жетіспеушіліктер мен жымқырулардың зияны мөлшерін анықтау кезінде зиянды анықтаған күндегі материалдық құндылықтардың құнына сүйенген жөн.

Түгендеу барысында анықталған ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың және басқа активтердің жетіспеушілігі кінәлі тұлғалар есебінен өтеледі және есепке алуда корреспонденциялармен көрсетіледі:

кейіннен есептен шығару тәртібі анықталғанға дейін жетiспеушiлiгі анықталғанға дейін: 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер» шотының дебетi, 1300 «Қорлар» шотының қосалқы шоттары, ұзақ мерзiмдi активтердiң және басқа активтердің шоттары, анықталған жетіспеушілікті есептен шығару тәртібі белгілі болғаннан кейін осы жазба жойылады;

кiнәлi тұлға есебiнен жетiспеушiлiктi есептен шығару: 1262 «Қызметкерлердiң өзге есеп айырысу түрлерi бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» қосалқы шотының дебетi, 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер» шотының дебетi және 6360 «Өзге кiрiстер» шотының кредитi және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi, қорлар бойынша жетіспеушілікті анықтау кезінде: дебет бойынша 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шоты көрсетіледі және кредит бойынша 1300 «Қорлар» шоты көрсетіледі, активтердің басқа түрлері бойынша жетіспеушілікті анықтау кезінде активтердің жетіспейтін активтердің түрлерін шығару бойынша шоттар корреспонденциясы жүзеге асырылады.

мемлекеттік мекеме арқылы бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде: 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті;

бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі: 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті.