
- •1.Экология анықтамасы. Экология пәні, міндеттері және зерттеу нысандары.
- •2. Қысқаша даму тарихы. Экологияның қалыптасуындағы а.Гумбольдт, ж.Ламарк, к.Линеи, фК.Ф.Рулье, ч.Дарвин, э.Геккель, а.Тэнсли, в.В. Докучаев, в.И. Вернадскийдің рөлі.
- •5.Жалпы экологияның негіздері. Экология пәні, жалпы экологияның құрылымы мен міндеттері
- •7.Биосфера жаһанданды экожүйе ретінде. «Биосфера» түсінігі, онын құрамы және шегі.
- •Биосфера жаһандық экожүйе ретінде.Биосфера түсінігі
- •8.Тірі зат және оның қасиеті, орта түзуші функциялары. Жер шары масштаб үрдісіндегі орта түзуші қызметінің белгілері.
- •9.В.И.Вернадскийдің атомның биогенді миграция заңы.
- •10.Биосфераның негізгі қасиеті.
- •12.Өзгертушілікке бейімділігі. Ле-Шателье-Брауна шартты механизмдер ішінде бірі биосфера гомеостазын қамтамасыз етуші.
- •14.Зат айналымдардың рөлі. Үлкен айналым (геологиялық) және кіші (биогеохимиялық). Биогеохимиялық циклдар.
- •Заттар айналымының ролі үлкен геологиялық және кіші биохимиялық,биогеохимиялық айналымдар.
- •15.Тірі заттардың қызметі үшін биогеохимиялық циклдардың белгілері. Биогеохимиялық циклдар көбінесе өмірлік маңызды заттар: азот, оттегі, фосфор, күкірт.
- •Биогеохимиялық негізгі көміртегі азот оттегі фосфор кукірт айналымы
- •16.Биосфераның эволюциясы. В.И.Вернадский пікірі биосфераның пайда
- •В.ИВернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •32.Демографиялық және экология мәселелерінің байланысы.
- •33.Тарих(табиғи) аспектілерінде халық тұрғындар динамикасының өсуі.
- •39.Таусылытын, таусылмйтын, жаңаратын, жаңармайтын ыдырайтын және жойылып кететін ресурстар туралы түсінік.
В.ИВернадскийдің биосфера туралы ілімі.
Биосфера ұғымы алғаш рет ғылымда 19ғ. Француз ғалымы ЛАмарк ал кейін термин ретінде австралиялық ғалым ЗЮСС қолданды.Биосфера,тіршілік аймағы туралы ғылыми ілімді жетілдірген орсы ғалымы Вернадский болды.Ол биосферадеп тіршілікті түзуде маңызды роль атқаратын жер қабатын түсінді.Тіршілік жер бетінің материясын құрайтын атомдардың көп бөлігін қамтуда деп жазды Вернадский Оның әсернен бұұл атомдар үздіксіз қозғалыста болады.Осы атомдардан әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзіледі.Бұл процесс үзіліссіз ондаға млн жылдар бойы ертедегі археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде жер бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін, соңғы нәтижелері б\ша мықты да қуатты мұнай асқан химиялық күштер жоқ .Сондықтан Вернадскийдің тірі организмдерді негізгі өзгертуші күштер деп ерекше атап көрсетті.Сонымен биосфера деп тіршілігі бар кеңістікті яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.Вернадскитйдің биосфера туралы ілімі жердің бигеологиялық даму кезеңдері ұзақ уақыт бойынша жүретін энергия мен заттар айналымының өнімі ретінде биосфераның құрылуына тірі заттың планетарлық геохимиялық рөліне негізделген. Биосфера атмосферадағфы шекарасы 20-25 мкм биіктікте азон қаьатына дейін жетеді. Азон қабаты жер бетіндегі тіршілікті күннің ультракүлгін сәулелірінен қорғайды.Зеңді саңы және кейбір бактериялардың споралары 22 км биіктікте табылған .Кейбір тірі организмдер қысымы 100 атом жоғары су тереңдігінде тіршілік ете береді. 12 мың атотм дейінгі қысымға шыдайтын бактерияларда бар.
18.Ноосфера биосфераның жоғары сатысы ретінде Вернадскидін ноосфера туралы іліміНоосфераАдам іс-әрекеті арқасында биосфераның жаңа құрам бөлігі - ноосфера (саналы адам сферасы) пайда болды. Бұл терминді академик В. И. Вернадский енгізді. Ноосфера ұғымы адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераны жаһандық қайта өзгерту дегенді білдіреді. Құлашын кең жайған ғылыми-техникалық төңкеріс жер бетін тез өзгертіп, шөлді аумақты көктемелендірді, көптеген батпақты жерлер құрғатылып, естендер және су қоймалары жасалды. Мәселен, Қытайдың орталық бөлігінде Үш шатқал алып суқоймасы жасалды. Оның құрылысы үшін 50 миллионға жуық адамды көшіру талап етілді! Жер қойнауынан орасан зор мөлшерде қазынды казып алынды. Соның өзінде орасан көп мөлшерде заттар, соның ішінде жаңа, бұрын айналымға енбеген заттар, мысалы, радиоактивті материалдар айналымға тартылды. Адамның ғарыштық ұшу іс-әрекетінің арқасында жер шегінен шығып, ең алыс ғаламшарға қол жеткізуге мүмкіндігі көңіл аударады. Адам аса терең ұңғыма қазды, өте терең шахта жасады, мұхиттың тұңғиық тереңіне қол жеткізді, стратосфе Табиғи ресурстар-адам еңбегінсіз табиғатта түзілген тіршілікке қажетті байлықтар.Оларға:су,топырақ,өсімдіктер,жануарлар,минералдар т.б.жатады.Табиғи ресурстар адамөмір сүру үшін қажетті қорек,киім,отын энергия,өнеркәсіп үшін шикізат болып табылады.Пайдалану мақсатына қарай табиғи ресурстар:өндірістік,денсаулық қорғау,эстетикалық,ғылыми т.б.:табиғаттың белгілі бір компоненттеріне байланысты:жер,су,орман,минералдық,энергетикалық т.б. болып және сарқылатын,сарқылмайтын табиғат ресурстары болып бөлінеді.Сарқылатын ресурстар:қалпына келтірілетін,салыстырмалы қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болып бөлінеді.Қалпына келтірілмейтін ресурстар:жер қойнауының қазба байлықтары.Бұл ресурстарды үздіксіз пайдалану олардың таусылуына әкеліп соғады.Салыстырмалы қалпына келтірілетін ресурстар-топырақ,құрлықтың өсімдік өнімін бере алатын борпылдақ қабаты және орман ресурстары.Топырақ-ең маңызды және бағалы ресурстардың бірі.Ол тірі организмдер мен климат әсерінен біртіндеп қалыптасады.Қалпына келтірілетін ресурстар-өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және кейбір минералды ресурстар,мысалы,теңіздер мен көлдер түбіне шөгетін тұздар.Сарқылмайтын ресурстарға-космостық,климаттық және су ресурстары жатады.Космостық ресурстар күн радиациясы,теңіз ағысы энергиясы.Климаттық ресурстарға-атмосфералық ауа,жел энергиясы,атмосфералық жауын-шашын жатады.
19.Адам экологияның құрамы және зерттеу нысандары, жалпы экологиямен байланысты.
Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады.
20.Адам биоәлеуметтік түр ретінде Әлеуметтік экология қоғамдық құрылымдардың олардың айналасындағы табиғи және әлеуметтәк ортамен байланысын зерттейтін ғылыми салалар бірлестігі. Адам ғылымдардың бірлестігі әлеуметтік экологияның ғылым ретіндегі орталық мәселесі. Экологиялық пайымдау адам мүддесі үшін ортаның қайта жасалуының динамикалық түтастығын түсіну және табиғаттың табиғи жуйелерін сактап калу.Адам биоэлеуметтік түр ретінде адамзат биологиялық заңдылықтарға да, әлеуметтік заңдылықтарға да бағынады, сондықтан Жер бетіндегі адам бірден бір биоэлеуметтік түр б.т. Адам бірегей құбылыс.ол биологиялық үрдістерден әлеуметтілерге кқшуді жузеге асырады.Қоғамның дамуының ерте кезеңдерінде әлеуметтік рөлі өте мағызды болды.саналы адамның түр ретінде пайда болуының негізі.бұл ұжымдық тіршілік ету жағдайында оның иегерлерінің басымдылығын анықтаған бейімділік.Адамды қоршаған орта антропогендік факторларға әсер ететін арнайы ерекшеліктер.Қоршаған ортаны ластайтын ең бір қауіпті заттардың бірі – мұнай. Мұнай қасиеті әртүрлі және кең көлемді қолданыстағы күрделі зат,оның құрамы 3000-дай қоспадан тұрады және олардың көпшілігі оңай тотығады. Сондықтан мұнай және мұнай өнімдері өсімдіктер мен тірі ағзаларға зиянды уландырғыш заттармен кең көлемде әсер етеді. Қоршаған ортаның ластануы– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынанқалыптасады.Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.Мұнай және газ құбырларын салу кезіндегі қорщағаг ортаның ластану мәселесінің жағдайын зерттеу барысында,өнім өндіру кезінде мұнаймен,мұнай өнімдерімен және мұнай газдарымен,олардың жанғаннан кейінгі өнімдерімен,күкіртсутегі,күкірттотығы,ағынды судың минералдануы салдарынан ластанудың жиі болып тұратыны анықталды. Бұрғылау ерітінділері және бұрғылау кезінде түілген қалдықтар,түрлі беттік әрекеттізаттар,фенолдар,альдегиттер және бұрғылауды жылдамдату үшін қолданылатын басқа реагенттер ластануға әсер етеді. Сол себепті қоршаған орта ластанудан қорғауға бағытталған іс шараларды одан әрі жетілдіру керек. Қоршаған ортаның ластануынан экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зияндар болуы мүмкін. Экологиялық зиян қоршаған ортаның, атмосфераның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайының (сапасының) нашарлауы. Әлеуметтік зиян - адамдардың денсаулығына, әлеуметтік тұрмысына, тіршілігіне келетін зиян. Экономикалық зиян - шаруашылық әрекеттерге келетін зияндардың ақшалай өлшемі. Қоршаған ортаның ластануынан адамдардың денсаулығынан бастап тұрмыстың, шаруашылықтың барлық салаларына зиян келеді: еңбек өнімділігі төмендейді, өнімдердің саны кемиді, сапасы нашарлайды, құрал - саймандар, жабдықтар коррозияға ұшырайды, топырақтың, судың, ауаның сапасы нашарлайды. Бір сөзбен айтқанда материалдық, рухани - эстетикалық, мәдени, тарихи, құқықтық және т. б. зияндар келеді.
23.Табиғи орта және осы көрсететін ресурстардың адамға байланысты күрт төмендеуі.
Табиғи орта-бұл адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұшыраған.
адамның әсерінен өзгерген табиғи фактор-егістік, бауларғ жүзімдік, саябақтар.
Адамның қолымен жаалған орта-өнеркәсіп, қала, үй, ғимарат.
Әлеуметтік орта-адамдардың бір-бірімен қарым-қатнасы.
24.Адам популяциясының сандарының табиғи реттеуші механизмдерінің бұзылуы. Адам популяциясы сандарының табиғи реттеуші
михонизмдерінің бұзылуы. Адам популяциясының даму жіне осу салдары. Популяция - түрдің табиғаттағы элементарлы структурасы. Популяция (латынша "рориіиз" - "халық") - бір түрге жататын, бір-бірімен өзара еркін будандасатын, белгілі бір территорияны мекендейтін особьтар жиынтығы. Популядияда үнемі тұқым қуалаушылық өзгерістер, тіршілік үшін күрес,табиғи сұрыпталу жүріп, |нәтижесінде берілген жағдайда пайдалы болатын өзгерістері бар ұрпақтар өсіп жетіледі, дамиды. Осылайша, популяция эволюциялык бірлік болып табылады.Эволюция процесінің барысында әр бір түрде белгілі тіршілік ету орта жағдайларына бейімделушіліктер пайда болады.Түрді анықтау үшін бір ғана критерийді пайдаланужеткшіксіз, сондыктаң да особьтардың түрлі белгілері мен касиеттерін дэлелдейтін критерийлердің жиынтығы ғана түрді сипаттай алады. Ал, популяция, белгілі орта жағдайларына бейімделген турлердің тіршілік ету формасы. Популяцияның құрылымы мен сипаттары. Популяция — белгілі бір аумақты мекендейтін, шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі кұрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы даралар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, кобею, орта жағдайларының озгерісіне бейімділігі, генетикалык шығу тегі, экологиялык жағдайлары жатады. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес жүріп, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар элементар (жергілікті), экологиялык, географиялык популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу белгілі орыс ғалымы Н.П. Наумовтың жүйесіне негізделеді.Популяция санының ауытқуы мен динамикасына әсер ететін факторларПопуляция саны оның тығыздығына байланысты үш түрлі болады: оның бірінші типінде популяцияның өсу жылдамдығы тығыздығы артқан сайын төмендейдіАдам популяциясының түрлеріМендельдік популяция Сан мөлшері өте көп, үлкен аумақты мекендейді, еркін некелеседі. Мұны идеялдық популяция деп те атайды. Үлкен популяция жеке ұсақ популияциялардан құралады. Демдер популияциясы. Адам саны 1500 -4000-ға дейін болады. Топ ішілік некелесу жилігі 80- 90 % басқа популяциядан енген особьтар. Изоляттар Адам саны 1500-ден аспайды. Топ ішілік некелесу жилігі 90% дан жоғары. Басқа плпуляциядан енген особьтар 1%дан төмен. Өзбекстанда, Қиыр шығыста, Тәжікстанда кездеседі Популяцияның генетикалық құрылымына некелесу типі эволуциялық факторлар әсер етеді. адамның өмірі мен жануарлардың тіршілігі атмосфералық оттекті жасаушы жасыл өсімдіктерсіз мумкін емес. Адам мен жануарлар өсімдіктердін жасаган органикалык заттарымен коректенеді. Осылайша фотосинтез процесінің нәтижесінде жасыл өсімдіктер алғашқы биологиялық өнім мен оттегі түзіп, Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен дамуына жағдай жасайды.Біздің планетамыздағы жануарлар биомассасы мөлшерінің өте аз, бар болғаны бүкіл биосферадағы тірі заттың 2% ғана кұралады.Жануарлардың көп түрлігінің әсіресе биосферадағы негізгі процесс-заттар мен энергияның биотикалық айналымы үшін маңызы зор.Жануарлар дүниесінің ресурстарына сол сияқты үй жануарлары да, бағалы терілері үшін аң фермерларында өсірілетін жабайы түрлер де жатады.Өсімдіктер мен жануарлардың сақтап қалу үшін қорықтар мен қорықшылар ашып, бағалы және пайдалы түрлері көбейтідің арнаулы іс-шаралары жасалынып, оларды аулауға шек қойылады.153. Биосфера-біздің тіршілік ететін ортамыз, бізді қоршаған табиғат. Адам баласы, ең алдымен, өзінің тыныс алуы, тіршілік еті іс-әрекеті арқылы осы табиғатпен тығыз байланысты.В.И.Вернадский. Академик В.И.Вернадскийдің биосфера жөніндегі негізгі идеялары ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Алғаш рет 1926 жылы оның БИОСФЕРА атты еңбегі жарыққа шықты.В.И.Вернадский биосфера- табиғаттың негізгі тірі және өлі заттарынығ бір-бірімен озара әсері болып табылатын тіршілік аймағы деп қарастырады.Осылайша В.И.Вернадский: биосфераның негізгі ерекшелігі-Күн сәулесі энергияны әсерінен болатын химиялықэлементтер атомдарының миграциясы нәтижесінде жүретін организмдердің көбеуі, өсу және зат алмасу процестері болып табылады деп түсіндірді.
29.Адамды қоршаған ортасы және оның түрлері.
Қоршаған орта - организмдерді қоршайтын және олардың құрлысы мен қызыметіне тікелей немесе жанама әсер ететіндер.КОРШАГАН ОРТА-табиги обектилердин сонын ишинде озара карым-катынасты,ауаны,суды,топыракты,жер койнауын,осимдиктер мен жануарлар дуниесин,климатты коса алгандагы табиги ресурстардын жанды жане жансыз жиынтыгы. Коршаган ортаны коргау нысандары:жер,жер койнауы,жер усти жане жер асты сулары,ауа,орман,осимдиктер мен жануарлар,тири агзалардын емдик коры,табиги экожуйе климаты,жердин озон кабаты,осыган коса ерекше коргауга алатын аймактар мен мемлекеттик табиги корыктар
31.Демография және оның мәнінің негізгі түсінігі.
Демография ж/е оның негізгі түсініктері. Демография халықтың құрылымын құрамын динамикасымен көбейунін, туу, өлу өмірінің ұзақтығы, қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.Соңғы жылдары демограяфияның жаңа бағыттары экологиялық н/е демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.Қазіргі адамзаттың саны 6млрд адамға жақын табиғаттағы жауарлардың түрлерінің саны ортаның сйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсаақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады.Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасы арасында теріс кореляция байқалады.Денесалмағы 10-100 кг дейінгі деңгей үшін бұл деңгейге адамдар кіреді. Түрдің санының макс. шамасы болады.Адамның ең жақын туыстарының, яғни адам тектес маймылдар түрлерінің қазіргі кездегі саны максималға жақын.Эксперттердің болжамы б/ша жерде бір млн жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының саны 100 мың ал бұдан 30-22мың жыл бұрын 5млн. Қазір бұл сан он мың есе артқан. Көптеген мыңжылдықтар барысында халқы саны өте баяу өсіп отырды, оның әртүрлі қолайсыз себептері бар.
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау. Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб (Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр (Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.Демографиялық күрт өсуДемографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.