Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKOLOGIYa_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.64 Кб
Скачать

5.Жалпы экологияның негіздері. Экология пәні, жалпы экологияның құрылымы мен міндеттері

Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.

Қазіргі жалпы экология ғылымының зерттеу бағыттары, негізінен, биоэкологияның іргелі заңдылықтарына сүйенеді.

1. Биоэкология ғылымы тірі организмдердің жекеленген ірі жүйелік топтары — микроорганизмдерді, саңырауқұлақтардың өсімдіктерді және жануарларды зерттеуге басты назар аударады.

2. Биоэкология жеке табиғи белдемдер экожүйелеріндегі организмдер мен орта жағдайларының өзара байланыстарын зерттеуге байланысты арктика жәнетундра экологиясы, орман экологиясы, дала экологиясы, шөл экологиясы, тay экологиясы және т.б. да көптеген салаларға бөлінеді.

3. "Адам және табиғат" жүйесі бойынша табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты экологиялық зерттеулер көптеген бағыттар мен салаларға бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы және т.б.

6.Тірі заттар ұйымындағы биологиялық деңгейі. Ағзалардан тыс деңгейдегі жүйелер- популяция, экожүйелер, биосфера, экология нысандарын оқыту ретінде.

Тірі заттар ұйымындағы биологиялық деңгейі:

Молекулалық деңгей – тірі организмдер құрылымының ең төменгі деңгейі, бұл деңгейде биологиялық система биологиялық активті ірі молекулалар – белоктар көмірсулар, нуклеин қышқылдары түрінде сақталады.

Клеткалық деңгей – бұл деңгейде биологиялық активті молекулалар бір системаға бірігеді. Клеткалық құрылымына байланысты барлық организмдер бір клеткалы және көп клеткалы болып екіге бөлінеді.

Тканьдік деңгейде құрылысы мен атқаратын функциялары ұқсас клеткалар бірігіп, ткань түзіде;

Органдық деңгейде бірдей қызмет атқаратын бірнеше тканьдер бірігіп, белгілі бір орган түзеді;

Организмдік деңгейде бірқатар органдар жеке организм системасын құрайды.Организмдер жеке түрге жіктеледі.

Популяциялық – түрлік деңгей шығу тегі, тіршілік ету ортасы мен жағдайлары бірдей организмдер жиынтығымен сипатталады. Бұл деңгейде қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады.

Биоценоздық және биогеоценоздық деңгей әр түрге жататын организмдерді біріктіретін тірі материя құрылымының жоғарғы сатысы.

Биосфера деңгейінде біздің планетамыздың барлық бөліктерінде тіршілік белгілерін білдіретін анағұрлым жоғарғы сатыдағы табиға система қалыптастырады. Бұл сатыда организмдердің тіршілік әрекетімен байланысты жалпы планеталық масштабтағы заттар айналымы жүзеге асады.

Ағзадан тыс денгейлерге популяция,экожүйелер, биосфера кіреді.

Популяциялық-түрлік деңгей - Дарақтар табиғатта бірінен-бірі оқшауланбай, популяцияға бірігіп өмір сүреді. Популяция – ағзадан жоғары биологиялық жүйе. Ол дәл сол ағзалар бір аумақта ұзақ уақыт мекендегенде пайда болады. Тап осы популяцияның дарақтары өзара еркін шағылысады. Ағзаның бір түріне жататын әр түрлі популяциялар дарақтарының да өзара шағылысуы мүмкін, мысалы, әр түрлі аумақта тіршілік ететін қасқырлар популяциясының дарақтары бірімен-бірі шағылысады. Алғашқы заттардың эволюциялық үдерістері популяциялық деңгейде өтеді, яғни кебейеді.

Биосфералық деңгей. Биосфера.

Бүкіл биогеоценоздар жиынтығынан биосфера түзіледі. Биосфера - тірі ағзалар орналасқан Жер қабығы. Бұл ғаламшардағы тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі. Мұнда тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты заттар мен энергия өзгеру айналымы жүреді. Нақты тіршілік деңгейі мен биологиялық ғылым арасында да айқын шектеу болмағанымен, тірі табиғаттағы тіршіліктің жаратылу деңгейін шартты түрде былай межелеп бөлуге болады:

Экожүйелер

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды.

Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]