- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Пәннің аты: «Салық жүесі және салық құқығы»
- •Астана 2012
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Тақырыбтардың мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Дәріс, тәжірибе, соөж сабақтарының жоспары
- •Білімді бақылау түрлері
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиялық қосымшалары
- •Дәрістер кешені
- •1 Дәріс тақырыбы. Салықтар, алымдар, баждар және салық қызметінің түсінігі, элементтері, түрлері және атқаратын қызметі және пайда болуының тарихи негіздері, теорияларының қалыптасуы
- •2 Дәріс тақырыбы. Мемлекеттің салықтық жүесі және оның институттары. Салықтардың белгілері. Салықтың құқықтық негіздері. Салық субъектісімен объектісі
- •Әдебиет:
- •Әдебиет:
- •4 Дәріс тақырыбы. Салық салу саласындағы басқару. Салық жүйесіне кіретін басқада алымдар мен төлемдер
- •Әдебиет:
- •5 Дәріс тақырыбы. Салықтық жоспарлау. Салық құқығы құқықтық құрылым ретінде
- •Әдебиет:
- •6 Дәріс тақырыбы. Салықтық бақылауды құқықтық реттеу. Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар
- •Әдебиет:
- •7 Дәріс тақырыбы. Салықтық заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік. Салықтық міндеттемелердің құқықтық негіздері Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар
- •Әдебиет:
- •8 Дәріс тақырыбы. Салықтарды, алымдарды, Республикалық бюджеттің қайнар көздерін – баждарды реттеу. Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару
- •Әдебиет:
- •9 Дәріс тақырыбы. Салықтарды, алымдарды, жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың қайнар көздерін реттеу. Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
- •Әдебиет:
- •10 Дәріс тақырыбы. Салық салудағы басқаруды ұйымдастыру
- •Әдебиет:
- •11 Дәріс тақырыбы. Салықты басқарудағы қр Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің құқықтық мәртебесі
- •Әдебиет:
- •12 Дәріс тақырыбы. Салықтық әкімшілік жүргізу
- •Әдебиет:
- •13 Дәріс тақырыбы. Салық төлеушілердің құқықтарын қорғаудың құқықтық механизмдері
- •Әдебиет:
- •14 Дәріс тақырыбы. Арнайы салықтық режим
- •Әдебиет:
- •15 Дәріс тақырыбы. Шағын бизнес субъектілеріне белгіленетін арнайы салықтық режим
- •Әдебиет:
- •Семинарлық сабақтың жоспары
- •2012-2013 Оқу жылына «Салық жүесі және салық құқығы» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Бірінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тест сұрақтары:
- •A) декларативті, позитивті
- •Дұрыс жауаптар: 1)а; 2)е; 3)с; 4)с; 5)в;
Әдебиет:
1. Салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). 2008 жылдың 10 желтоқсан.
2. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. (общая и особенная части) Алматы, 2003 г.
3. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть.- Алматы: Каржы-Каражат, 2001.
4. Худяков А.И. Основы теории финансового права Алматы: Жеты Жаргы, 1995.
5. Диденко П.В. Налоговое право в вопросах и ответах. Алматы, 2001.
6. Балабин В.И. Налоговое право:теория, практика, споры. М.2000 г.
7. Иванова Г.А. Налоговое право. Конспект лекции. М. 2000 г.
9 Дәріс тақырыбы. Салықтарды, алымдарды, жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың қайнар көздерін реттеу. Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
Кіліт сөздер: Салық, құқық, салық тұрлері.
Дәрістің мақсаты: Салық түсінігі, элементтері, түрлері және атқаратын қызметі және пайда болуының тарихи негіздері, теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау
Дәріс жоспары:
Салықтық бақылаудың түсінігі және элементтері.
Салықтық бақылаудың түрлері мен нысандары.
Қаржылық бақылаудың әдістері.
Нарық экономикасы мемлекет тарапынан көп аралусыды қажет етпейтін болғандықтан, барлық дамыған елдердегідей экономиканы мемлекет тарапынан қадағалаудын бірден-бір құралы – салық жүйесі. Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан бастап, құқықтық, сол сияқты экономикалық сферада елеулі өзгешеліктер қажет болды. Әрбір мемлекеттің экономикалық жағдайы тұрақты салық жүйесіне тәуелді болатын салық саясатын қалыптастыруға қажетті шарттарды мәжбүр етеді.
Әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуде және әр түрлі деңгейдегі бюджеттің кіріс базасын қалыптастыруға салықтың маңызды ролін ескере отырып, 1995 жылы, салық жүйесінің, арнайы басқару аппаратының ұйымдастырылуын және салықтарды және салықтардың бақылау базасының негізін қалайтын, кейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болған Президент жарлығына қажеттілік туындады.
Бүгінгі күнде салық жүйесін экономикалық объективті шартталған динамикалық дамуына сәйкестігін келтірумен және жаңа шаруашылық-экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты салық заңдылығына мәнді өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Мемлекеттің пайда болуынан бастап, формаларының өзгеруі салық жүйесін қалыптастырумен қатар өмір сүретін қоғамдағы экономикалық қатынастардың қажетті звеносы болып салық табылады. Өте ерте кезеңдердегі салық салудың формасына барлық уақытта еріксіз болғанмен жазылмаған заң ретінде қалған - құрбан шалу есептелген.
Мемлекет қанша уақыт өмір сүрсе, салықтар да сонша уақыт өмір сүреді. Мемлекеттің салықты бекіту мен жинауы – салық арқылы жиналатын ақша және онсыз өмір сүре алмайтын қажеттілік болып табылады. Салық – бұл мемлекеттің бюджеттік кірісінің басты көзі болып табылады.
Салық дегеніміз – заң бойынша белгілеген тәртіппен халықтан, ұйымдардан, кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.
Салықтар – нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу механизмінің қажетті элементі болып табылады.
Салық жүйесі – мемлекетті алынатын салықтардың, сондай-ақ олардың құралу нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Нарық экономикасы жағдайында салықтар мемлекеттің өз қаржылық қызметін жүзеге асыруға және қоғамдық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Салықтарды белгілеу және алу арқылы мемлекет, біріншіден өзінің функцияларын жүзеге асырудың каржылық базасын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етсе, екіншіден, салықтар мемлекеттің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес бағытта дамуға нысаналанған экономикалық процестерге ықпал ететін қуатты құрал ретінде көрініс табады.
Салықтар есебінен бюджеттің кіріс базасы қалыптасып қана қоймай, сонымен қатар бюджет есебінен мемлекеттік аппаратты ұстауға, мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды қамтамасыз етуге қажетті қаржылар жұмсалады. Демек, салықтар, салық жүйесі мемлекет функцияларын жүзеге асыруды ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін түсім көзі болып табылады.
Мемлекет салықтарды белгілеу, олардың ставкаларының мөлшерін өзгерту, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген топтарына жеңілдіктер беру арқылы өндірістің, өнеркәсіптің белгілі салаларын дамытуды ынталандыруға атсалысады немесе тежей алады. Бұл жағдайда салықтар нарық экономикасының атрибуты болып табылады.
Егер салықты тереңірек қарастыратын болсақ, онда біз, салық төлеушілер үшін: салық арқылы мемлекеттік органдар, аппарат және өзіміздің бұларсыз өмір сүруіміз қиын болатын мемлекеттік механизм жұмыс істейді.
Вашингтон қаласының бір салық ведомствасы ғимаратының маңдайшасында жазылған: «Салық – мәдениетті қоғамның бағасы».
А.Смитпен бекітілген салық салудың принциптерін атап кетуге болмайды. Олардың негізгілері мыналар: тепе-теңдік, анықтылық, ыңғайлылық (қолайлылық) және арзаншылдық.
Салық жүйесін қалыптастыру үшін тек жоғарыда аталған принциптерді ғана емес, сонымен қатар әділдік және негізгі принциптердің бірі ретінде салықты бекітудің заңдық формасы. Салық кодексі салық төлеуден жалтарғанмен күресте құрал ретінде, ал нормативтік құқықтық актілер салық төлеушілерге салықты дұрыс төлеуге көмектесуі керек.
Біз білетіндей салық қоғамдық сипатқа ие. Кез-келген қоғамдық-экономикалық формациядағы қоғамның дамуы келесі қоғамдық қызығушылықтарды қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты:
халықты әлеуметтік қамсыздандыру;
мемлекеттің қорғаныс мүмкіндіктерін қамсыздандыру;
ірі кең көлемді ғылыми зерттеулер жүргізу;
ойда болмаған жағдайларға жалпымемлекеттік қор жасау;
2030-Стратегиясында көрсетілгендей міндеттерді шешуді қамсыздандыру.
Салық жүйесі біздің мемлекетімізде жетілдірілу үстінде. Сондықтан салық заңдарының іске асуы барысында, салық төлеуші мен мемлекет қарым-қатынастарына, салық заңдылығының орындалуындағы заңды және жеке тұлғалардың жауапкершіліктеріне және салық органдарының құқықтары мен міндеттеріне қатысты көптеген мәселелер пайда болады.
Сондықтан салық пен салық жүйесінің мәндерін түсіну тек қана оны қайта құруда жаңа жолдар мен тиімді моделдер табуда үші ғана емес, сонымен қатар әрбір адамның, шаруашылық субъектілерінің салық төлеуші статусын, құқықтарын және міндеттерін білу үшін қажет болып табылады.
Салық салу механизмі, жиынтығы салықтық құқық болып табылатын құқықтық нормалар көмегі арқылы іске асады. Қазіргі уақытта ол, құқықтық реттеу әдістері мен құралдарын иеленетін ірі құқықтық жиынтық.
Қазіргі уақытта да салық жүйесінде айтылып жатқан пікірлер, шығарылып жатқан кітаптар мен статьялар аз емес. Салық жүйесі мемлекеттің даму жағдайына әр уақытта тәуелді түрде дамып, жетілдіріліп отырады. Қазақстан Республикасының Салық кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымда қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгеннен қазіргі таңға дейін 50 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондықтан салық жүйесін жетілдіру мәселесі еліміздің құқықтық-демократиялық мемлекет болуы жолындағы басты мақсаттарының бірі.
Бақылау сұрақтары:
1. Салықтық экономикалық белгiсi:
а. салық -қайтарымды,
в. салық-ақшалай нысанда,
г. салық-мемлекеттiң белгiлеуi.
2. Салық салу:
а. мемлекеттiң салықты белгiлеу және алу бойынша қызметi,
б. салық комитетiнiң салықты белгiлеу және алу бойынша қызметi.
в. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салықты белгiлеу және алу бойынша қызметi,
г. қаржы министрлiгiнiң қызметi.
