Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.1-3 САЛЫҚ ЖҮЕСІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
863.23 Кб
Скачать

Әдебиет:

1. Салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). 2008 жылдың 10 желтоқсан.

2. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. (общая и особенная части) Алматы, 2003 г.

3. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть.- Алматы: Каржы-Каражат, 2001.

4. Худяков А.И. Основы теории финансового права Алматы: Жеты Жаргы, 1995.

5. Диденко П.В. Налоговое право в вопросах и ответах. Алматы, 2001.

6. Балабин В.И. Налоговое право:теория, практика, споры. М.2000 г.

7. Иванова Г.А. Налоговое право. Конспект лекции. М. 2000 г.

6 Дәріс тақырыбы. Салықтық бақылауды құқықтық реттеу. Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар

Кіліт сөздер: Салық, құқық, салық тұрлері.

Дәрістің мақсаты: Салық түсінігі, элементтері, түрлері және атқаратын қызметі және пайда болуының тарихи негіздері, теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау

Дәріс жоспары:

  1. Салықтық құқықтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.

  2. Салықтық-құқықтық нормалардың жіктелуі.

  3. Салықтық құқықтық нормалардың жүзеге асырылуының нысандары. Салықтық құқықтық қатынастың түсінігі мен түрлері.

  4. Салықтық құқықтық қатынастардың объектісі.

  5. Салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі.

  6. Салықтық құқықтық қатынастардың мазмұны.

  7. Салықтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуы.

Көлік құралдарына салынатын салық, тікелей салық және мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық, мәні зор деп айтуға болады.

Көлік құралдарына салынатын салык салу обьектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған ақша қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады.

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне карай көлік құралдарына салынатын салықтар нақты салықтарға жатады. Өйткені бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептеместен салынады. Ал салық салынатын органға қарай көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады.

Бұл салықты төлеушілер болып меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып и табылады.

Салық салу объектілеріне уәкілетті органда мсмлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады.

Жүк көтергішті 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар; мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу обьектілері болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады жане айдық есептік көрсеткіштен мынадай ставкалар бойынша есептеледі.

Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары.

Салық салу обьектісі

Салық ставкасы (айлық

есептік көрсеткіш)

Двигатель көлемі мынадай жеңіл автмобильдер

/текше см/

1100 – ге дейін қоса алғанда

4,0

1100 – ден жоғары 1500 – ді қоса

6,0

1500 – ден жоғары 2000 – ді қоса

7,0

2000 – нан жоғары 2500 – ді қоса

10,0

2500 – ден жоғары 3000 – ді қоса

17,0

3000 – нан жоғары 4000 – ды қоса

22,0

4000 – на жоғары

117,0

Жүк көтергішті мынадай жүк таситын арнаулы

автомобильдер /тіркемелерді есептемегенде/

1 тоннаға дейін қоса алғанда

6,0

1 тоннадан жоғары – 1,5 тоннаны қоса алғанда

9,0

1,5 тоннадан жоғары – 5 тоннаны қоса

12,0

5 тоннадан жоғары

15,0

Шынжыр табанды машиналар мен

механизмдерді қоспағанда, өздігінен жүретін

машиналар мен пневматикалық жүрістегі

механизмдер

3,0

Автобустар:

12 отыратын орынға деін қоса алғанда

9,0

12 – ден жоғары – 25 отыратын орынды қоса

14,0

25 – отыратын орыннан жоғары

20,

Мотоциклдер,мотороллерлер, мотошаналар,

көлемі шағын кемелер /двигатель қуаты 55 –

кВт – тан кем/

1,0

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,

Яхталар /двигательдің қуаты мынадай ат

Күшіне тең/

160 – қа деін қоса алғанда

6,0

160 – тан жоғары 500 – ді қоса

18,0

500 – ден жоғары 1000 – да қоса

32,0

1000 – нан жоғары

55,0

Ұшу аппараттары

әрбір кВт қуаттан

А.Е.К. – тің 4,0 пайызы

Бақылау сұрақтары:

1. Салықтық құқықтық қатынастың қанша түрi бар?

а. 5,

б. 1,

в. 2,

г.10.

2. Салық қандай нысанда төленедi?

а. ақшалай, заңда белгiленген жағдайда мүлекпен.

б. тек ақшалай.

в. заттай, ақшалай.

г. Теңгемен.