
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Пәннің аты: «Салық жүесі және салық құқығы»
- •Астана 2012
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Тақырыбтардың мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Дәріс, тәжірибе, соөж сабақтарының жоспары
- •Білімді бақылау түрлері
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиялық қосымшалары
- •Дәрістер кешені
- •1 Дәріс тақырыбы. Салықтар, алымдар, баждар және салық қызметінің түсінігі, элементтері, түрлері және атқаратын қызметі және пайда болуының тарихи негіздері, теорияларының қалыптасуы
- •2 Дәріс тақырыбы. Мемлекеттің салықтық жүесі және оның институттары. Салықтардың белгілері. Салықтың құқықтық негіздері. Салық субъектісімен объектісі
- •Әдебиет:
- •Әдебиет:
- •4 Дәріс тақырыбы. Салық салу саласындағы басқару. Салық жүйесіне кіретін басқада алымдар мен төлемдер
- •Әдебиет:
- •5 Дәріс тақырыбы. Салықтық жоспарлау. Салық құқығы құқықтық құрылым ретінде
- •Әдебиет:
- •6 Дәріс тақырыбы. Салықтық бақылауды құқықтық реттеу. Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар
- •Әдебиет:
- •7 Дәріс тақырыбы. Салықтық заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік. Салықтық міндеттемелердің құқықтық негіздері Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар
- •Әдебиет:
- •8 Дәріс тақырыбы. Салықтарды, алымдарды, Республикалық бюджеттің қайнар көздерін – баждарды реттеу. Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару
- •Әдебиет:
- •9 Дәріс тақырыбы. Салықтарды, алымдарды, жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың қайнар көздерін реттеу. Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
- •Әдебиет:
- •10 Дәріс тақырыбы. Салық салудағы басқаруды ұйымдастыру
- •Әдебиет:
- •11 Дәріс тақырыбы. Салықты басқарудағы қр Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің құқықтық мәртебесі
- •Әдебиет:
- •12 Дәріс тақырыбы. Салықтық әкімшілік жүргізу
- •Әдебиет:
- •13 Дәріс тақырыбы. Салық төлеушілердің құқықтарын қорғаудың құқықтық механизмдері
- •Әдебиет:
- •14 Дәріс тақырыбы. Арнайы салықтық режим
- •Әдебиет:
- •15 Дәріс тақырыбы. Шағын бизнес субъектілеріне белгіленетін арнайы салықтық режим
- •Әдебиет:
- •Семинарлық сабақтың жоспары
- •2012-2013 Оқу жылына «Салық жүесі және салық құқығы» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Бірінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тест сұрақтары:
- •A) декларативті, позитивті
- •Дұрыс жауаптар: 1)а; 2)е; 3)с; 4)с; 5)в;
Әдебиет:
1. Салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). 2008 жылдың 10 желтоқсан.
2. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. (общая и особенная части) Алматы, 2003 г.
3. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть.- Алматы: Каржы-Каражат, 2001.
4. Худяков А.И. Основы теории финансового права Алматы: Жеты Жаргы, 1995.
5. Диденко П.В. Налоговое право в вопросах и ответах. Алматы, 2001.
6. Балабин В.И. Налоговое право:теория, практика, споры. М.2000 г.
7. Иванова Г.А. Налоговое право. Конспект лекции. М. 2000 г.
5 Дәріс тақырыбы. Салықтық жоспарлау. Салық құқығы құқықтық құрылым ретінде
Кіліт сөздер: Салық, құқық, салық тұрлері.
Дәрістің мақсаты: Салық түсінігі, элементтері, түрлері және атқаратын қызметі және пайда болуының тарихи негіздері, теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау
Дәріс жоспары:
Салық құқығының ттүсінігі, пәні, реттеу әдістері.
Салық құқығының құқықтық ерекшелігі.
Салық құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы
Салықтарды аудару – салық ауыртпалығын салықтың түпкілікті салынушысына – салықтардың негізгі ауыртпалығын өз мойнына алатын халыққа көшіру процесі. Салықтарды аудару бірқатар салықтар бойынша төлеуші мен салық салынушы ғана емес, сонымен бірге салық салу обьектісі мен көзінің дәл келмеуіне байланысты. Аудару бүркемелі нысвнда өндіріс сферасында да, сонымен бірге айналыс сферасында да болады.
Өндіріс сферасында табыс немесе пайда есебінен төленетін салықтар жалдамалы қызметкерлердің еңбегін интенсивтендіру жолымен, яғни қажетті жұмыс уақытын салыстырмалы қысқарту және қосымша уақытты көбейту жолымен аударылуы мүмкін. Бұл жалдамалы қызметкерлерге салықты аударудың аса бүркемелі нысаны.
Айналыс сферасында салықтар бағалардың механизмі арқылы аударылады. Корпорациялық табыс салығы кәсіпорын өнімін тұтынушыларға неғұрлым жоғары бағалар есебінен немесе ресурстарды жеткізушілерге ресурстарға төмендетілген бағалар есебінен аударылуы мүмкін. Акционерлік қоғамдар нысанында ұйымдастырылған шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысына салық салынған жағдайда акционерлерге ауыстыру субьектілер төленген бүкіл соманы немесе оның үлесін жабатын бөлігінде оларға тым төмен дивидендтер төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Төлем көзінен төленетін жеке табыс салығы салық төлеушінің түпкілікті табысынан алынатындықтан ауыстырылмайды. Алайда егер кәсіпорындардың талаптары бойынша қызметкерлерге еңбекақы көбейтілетін болса, онда салықтардың бір бөлігін жұмыс істеушілерден жұмыс берушілерге аударылуы мүмкін болады. Жұмыс берушілер бағаны арттыру жолымен еңбекақы бөлігіндегі ағымдағы шығындарды арттыруды өнім немесе қызметтер көрсетуді тұтынушыларға аударылады. Мағлұмдама бойынша төленетін жеке табыс салығына қатысты айтатын болсақ, бағаларды көтеру арқылы оны дәрігер, адвокаттар, ерікті мамандықтардың басқа тұлғалары көрсететін қызметтерге аударуға болады.
Меншікке салынатын салық ішінара ауыстырылады. Мәселен, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңи тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеген кезде жеткілікті сұраным жағдайында таза табысты салық сомасына жоғарылатуға және сөйтіп оны өнім мен қызметтерді тұтынушыларға ауыстыруға болады. Жеке тұлғалар – мүліктің майда иелері – пәтер иелері оны жалға берген жағдайда ғана салықты аудара алады, ал олар негізінен мүлікке салынатын салықтың түпкілікті төлеушілері болып табылады. Ұқсас жағдайда табыс есебінен төленетін тура салықтар – жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық ауыстырылады. Жанама салықтарды аударуға қабілетті болып келеді. Қосылған құнға салынатын салық түгелдей тұтынушыға ауысады, өйткені ол өнім мен қызметтердің едәуір ауқымын қамтиды және тұтынушылар бұл салық салынбайтын тауарды таңдай алмайды. Акциздер мен импорттық кеден баждары салынғанда мұндай таңдау болады, өйткені тұтынушылар акциздер мен баждар салынбайтын орнын басатын тауарлар мен қызметтерге қайта бағдарлана алады. Мұндай жағдайда сатушы оның тауарына сұранымның төмендеуіне байланысты бағаны түсіруге мәжбүр болады және салық ауыртпалығы бөлінуі мүмкін – ішінара тұтынушыға ауысуы мүмкін. Тура сондай-ақ жанама салық салу кезінде жалпы салық салу тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге (сатушыларға) және тұтынушыларға теріс әсер етеді, бұл бағаның өсуінен және өндіріс көлемінің қысқаруынан көрініп, білінеді. Өспелі баға тұтынушы сұранымын қысқартады, бұдан тауарларды сатудың ауқымы азаяды, ал өндірушілер мұндай тауарды шығаруды азайтады. Нарықтық сұраным мен ұсыным, бірақ тепе – теңдік нүктесін жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге ауыстырылуы арқылы келтіріледі. Өндірушілер мен тұтынушылар арасында салық ауыртпалығын бөлу сұраным мен ұсынымның икемділігіне байланысты болады. Ұсынымның тұрақты жағдайында тауарға деген сұраным икемділігі азырақ болса, тұтынушылар соғұрлым салықтың үлкен бөлігін төлейтін болады және, керісінше, сұраным икемділігі көбірек болса өндірушілер тарапынан соғұрлым көп салық төлемдері болады.
Сұранымның тұрақты жағдайында ұсыным икемділігі төмен болса, өндірушілер соғұрлым салықтың үлкен бөлігін төлейтін және керісінше ұсыным икемділігі көп болса, салықтың үлкен бөлігін тауарды тұтынушылар төлейді.
Сұраным мен ұсыным икемділігінен басқа, тауарлар мен қызметтердің бағасы арқылы салықтарды аударудың мүмкіндігі мен дәрежесі көп жағдайда экономикалық айналсоқпа циклге байланысты болады: өрлеу кезінде бағаны көтеруге неғұрлым қолайлы жағдай жасалады және салықты аударуға неғұрлым интенсивті жасалады және, дағдарыс өндірістің құлдырауымен
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық қүрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басқы қаржылық тетігі, мемле-кет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Халықтың әлеуметтік жағдайы салық салу саясатында негізгі фактор ретінде қала береді. Шаруашылық субъектілері мен халық неғұрлым бай болатын болса, соғұрлым салық базасы да кең, яғни салықтық түсімдердің көлемі де жоғары.
Орта және шағын кәсіпкерлікке қолданатын салық саясатын жетілдіруде келесі мәселелерді үстанған жөн:
- халыққа салық салуда халықтың әл-ауқатымен санасу;
- жеке кәсіпкерлерге мемлекет тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсету;
- салық ауыртпалығын мейлінше жеңілдету.
- индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес салықтық жүктемені азайту және елдің экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ белгілі бір санаттағы азаматтардың кірістерін заңдастыруын ынталандыру
Барлық атап көрсетілген міндеттерді шешу Қазақстанның салық жүйесін Шығыс Еуропаның елдерімен бəсекелес етуі тиіс, бұл екі стратегиялық міндетті шешуге мүмкіндік жасайды: бір жағынан – экономиканы түрлендіру үшін инвестицияларды өңдеу өнеркəсібіне тарту, екінші жағынан – екінші құрамдағы кəсіпорындарды қор нарығына шығару. Біздің еліміз үшін кəсіпорындардың тазаруы, халықаралық стандарттар бойынша аудит жүргізуі, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өтуі, листинг рəсімдерін өткізуі, биржаға шығуы, қарыз алуды арзандатуы тиімді болар еді. Нəтижесінде бəріне де тиімді болар еді, алайда бұл қозғалыс жоқ жəне барлығы салық жүйесіне жəне оны басқаруға кеп тіреледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Салықтық қатынасқа қай әдіс тән?
а. императивтi
б. императивтi-диспозитивтi.
в. диспозитивтi.
г. Заңды.
2. Салықтық құқықтың санциясы:
а. салықтық кодексте көрсетiлген.
б. әкiмшiлiк кодексте.
в. «салық және бюджетке төлетiн басқада мiндеттi төлемедер» туралы заңда.
г. «Салықтық төлемдер туралы» Президент Заң күшi бар Жарлығында.