
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Пәннің аты: «Салық жүесі және салық құқығы»
- •Астана 2012
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Тақырыбтардың мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Дәріс, тәжірибе, соөж сабақтарының жоспары
- •Білімді бақылау түрлері
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиялық қосымшалары
- •Дәрістер кешені
- •1 Дәріс тақырыбы. Салықтар, алымдар, баждар және салық қызметінің түсінігі, элементтері, түрлері және атқаратын қызметі және пайда болуының тарихи негіздері, теорияларының қалыптасуы
- •2 Дәріс тақырыбы. Мемлекеттің салықтық жүесі және оның институттары. Салықтардың белгілері. Салықтың құқықтық негіздері. Салық субъектісімен объектісі
- •Әдебиет:
- •Әдебиет:
- •4 Дәріс тақырыбы. Салық салу саласындағы басқару. Салық жүйесіне кіретін басқада алымдар мен төлемдер
- •Әдебиет:
- •5 Дәріс тақырыбы. Салықтық жоспарлау. Салық құқығы құқықтық құрылым ретінде
- •Әдебиет:
- •6 Дәріс тақырыбы. Салықтық бақылауды құқықтық реттеу. Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар
- •Әдебиет:
- •7 Дәріс тақырыбы. Салықтық заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік. Салықтық міндеттемелердің құқықтық негіздері Салықтық-құқықтық нормалар және салықтық-құқықтық қатынастар
- •Әдебиет:
- •8 Дәріс тақырыбы. Салықтарды, алымдарды, Республикалық бюджеттің қайнар көздерін – баждарды реттеу. Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару
- •Әдебиет:
- •9 Дәріс тақырыбы. Салықтарды, алымдарды, жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың қайнар көздерін реттеу. Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
- •Әдебиет:
- •10 Дәріс тақырыбы. Салық салудағы басқаруды ұйымдастыру
- •Әдебиет:
- •11 Дәріс тақырыбы. Салықты басқарудағы қр Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің құқықтық мәртебесі
- •Әдебиет:
- •12 Дәріс тақырыбы. Салықтық әкімшілік жүргізу
- •Әдебиет:
- •13 Дәріс тақырыбы. Салық төлеушілердің құқықтарын қорғаудың құқықтық механизмдері
- •Әдебиет:
- •14 Дәріс тақырыбы. Арнайы салықтық режим
- •Әдебиет:
- •15 Дәріс тақырыбы. Шағын бизнес субъектілеріне белгіленетін арнайы салықтық режим
- •Әдебиет:
- •Семинарлық сабақтың жоспары
- •2012-2013 Оқу жылына «Салық жүесі және салық құқығы» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Бірінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тест сұрақтары:
- •A) декларативті, позитивті
- •Дұрыс жауаптар: 1)а; 2)е; 3)с; 4)с; 5)в;
Әдебиет:
1. Салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). 2008 жылдың 10 желтоқсан.
2. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. (общая и особенная части) Алматы, 2003 г.
3. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть.- Алматы: Каржы-Каражат, 2001.
4. Худяков А.И. Основы теории финансового права Алматы: Жеты Жаргы, 1995.
5. Диденко П.В. Налоговое право в вопросах и ответах. Алматы, 2001.
6. Балабин В.И. Налоговое право:теория, практика, споры. М.2000 г.
7. Иванова Г.А. Налоговое право. Конспект лекции. М. 2000 г.
4 Дәріс тақырыбы. Салық салу саласындағы басқару. Салық жүйесіне кіретін басқада алымдар мен төлемдер
Кіліт сөздер: Салық, құқық, салық тұрлері.
Дәрістің мақсаты: Салық түсінігі, элементтері, түрлері және атқаратын қызметі және пайда болуының тарихи негіздері, теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау
Дәріс жоспары:
1. Салық жүйесіне кіретін басқада алымдар мен төлемдер түсінігі және салықтардан ерекшелігі.
2. Мемлекеттік баждың сипаты, басқа төлемдерден айырмашылығы
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
Салық базасы – салық салу обьектісі мен салық салуға байланысты обьектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады. Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
табысқа салынатын салық – бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады.
Тауарларға салынатын салықтар – олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын біріктіреді.
Капиталға салынатын салық – оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.
Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
тұрақты салық мөлшерлемесі – олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тонасына, газдың 1 текше метріне);
үйлесімді салық мөлшерлемесі – олар салық обьектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;
прогресивті салық мөлшерлемесі – бұл жағдайда прогресивті салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогресивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.
регрессивті салық мөлшерлемесі – олар табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық кезеңі – жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсінеді, ол аяқталған соң слық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептелінеді.
Салықпұл – субьектінің бір обьектіден төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық обьектісінің ең аз бөлігі;
табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер( асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыссалығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік обьектілерді ұстауға, табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық бойынша және т.б.)
салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома(мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
салық салудың жеке субьектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіне есептеп шығару да жатады.
Салықтық бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауы.
Кедендік бақылау комитеті өз құзыры шегіңде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы – шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Салықтық құқықтың қайнар көзi:
а. «Салық туралы» Президенттiң заң күшi бар жарлығы.
б. «Салық және бюджетке төленетiн басқада мiндеттi төлемдер» туралы заң.
в. «Салық кодексi»
г. Үкiметтiң салық туралы ережесi.
2. Салық құқығының ерекше бөлемiне:
а. салықтық бақылау
б. жер салығы.
в. салықты жоспарлау.
г. салық құқығының әдiсi.