Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану дәрістері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
241.66 Кб
Скачать

Экскурсиялық көрсету мен әңгімелеу

Бірдей экскурсия болмайды, оларды бір бірінен әр қашанда тақырыбы арқылы ажыратуға болады. Тақырып деген сөз грек тілінен аударғанда “негізіне қойылған нәрсе” деп аударылыды екен. Тақырып түсінігі, бір нәрсенің мазмұнына қатысты.

Мақсат, мақсат және идея түсінігімен байланысты, берілген материалды айтып берумен қатар, соның нақты идеялық позициясын белгілеу. Идея-экскурсияның түпкі ойы, оның өзегі.

Әр экскурсияның нақты белгіленген тақырыбы болу қажет. Экскурсияда тақырып – көрсету мен әңгімелеудің заты. Объектті қалай көрсету керектігін, ақпараттың кандай бөлігін экскурсанттарға беру қажеттігін экскурсияның тақырыбы анықтайды. Кейбір объекттер бір неше экскурсияларда көрсетіледі. Бірақ әр қайсысында, тақырыпқа байланысты, бір объект жайлы ақпарат түрлі көлемде беріледі.

Әр тақырып бір неше тараулардың жиынтығы. Әр тарауда толықтылық және қисынды аяқталу болу керек.

Экскурсияда көрсету.

Көрсету – көрнекілік принципін іске асыру процессі, экскурсиялық объекттермен көру арқылы танысу (мысалы, архитектура ескерткіші мен). Экскурсияда көрсету – объекттерден көру ақпаратын сыртқа шығаратын көп планды процесс. “Көрсету”арнайы термин ретінде экскурсионист ғалымдармен енгізілген. Экскурсиялық методикалық әдебиетте кең пайдаланады. “Көрсету” және “демонстрациялау” бір мағынаны білдіреді.

Объектті көрсету – ол экскурсовод пен экскурсанттардың бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер жүйесі, квалификациясы бар маман басшылығымен объекттерді бақылау.

Көрсетудің міндеттері

  1. Экскурсанттарға алдында тұрған экскурсиялық нысанды көрсету;

  2. Жойылған нысандарды көрсету (тек қана суретте сақталған);

  3. Осы жерде болған тарихи оқиғаны елестету арқылы көрсету;

  4. Осы жерде болған тарихи қайраткердің (жазушының, суретшінің, қолбасшының) іс әрекетін көрсету;

  5. Суреттеп жатқан нысанды сол кезде қандай болғанын көрсету.

Көрсетудің шарттары

Экскурсиялық нысандарды тиімді қөрсету үшін, келесі жағдайларды ескеру керек:

  1. Көрсетудің дұрыс нүктелерін табу;

  2. Көрсетудің тиімді уақтысын таңдау;

  3. Тақырыпқа қатысы жоқ нысандардан экскурсанттардың көңілін бұру;

  4. Нысандарды көрсеткенде экскурсанттардың қимылын методикалық тәсіл ретінде пайдалану;

  5. Экскурсия жүргізушісінің білімі мен біліктілігі;

  6. Экскурсанттардың нысандарды бақылауға дайындығы.

Архитектуралық нысандарды көрсетудің ерекше шарттары бар. Мысалы, архитектуралық ескерткішті көрсеткен кезде оның алдында түру дұрыс болмайды, себебі тек бір бөлігі ғана көрінеді.

Экскурсанттар объекттің көлемін байқау үшін оны объектің қасындағы басқа бір объекттермен салыстырады (тал, үй, адам. т.б.). Экскурсия жүргізушісі тек қана негізін анықтайды.

Экскурсия жүргізушісінің нұсқаулары

Экскурсанттардың әрекеті

Мына 9 қабаттығимаратқа қараңыздар

Экскурсант объектке көз тастайды

Су жағасында ғимарат сондай ыңғайлы орналасқан

Экскурсант қарап ол ыңғайлылығы неде екенін түсінуге тырысады

Мына ғимаратқа қараңыз, оған көкшіл түс сондай әр беріп тұр

Экскурсан үйге қарап , неліктен көкшіл түс оны ашады деп айлайды

Уйдің екіеші қабатының соңғы екі терезесіне қараңыз, ол жерге ғаламның кабинеті орналасқан

Экскурсант сол терезелерді тауып, кабинетті елестетеді

Ертеңмен өз столында жұмыс істеп отырған ғалымды елестетіңіздер

Экскурсант, ойша”қабырғаны алып тастап”, ғаламды жұмыс үстіндеелестетеді

Экскурсовод өз түсініктерімен экскурсанттарға көз алдындағы затқа дұрыс қарауға көмек береді.

Көрсетудің түрлері

Автобус экскурсиясында көрсетудің 4 түрі бар:

  1. Сағатына 50-60 км жылдамдықпен жүріп баражатқан автобустың терезесінен көрсету;

  2. Жай жүріп баражатқан автобустың терезесінен көрсету;

  3. Тұрған автобустың терезесінен, автобустан щықпай, көрсету.

  4. Аялдамада, автобустан шығып көрсету.