
- •2. Дәріс Экскурсияның белгілері
- •№3 Дәріс. Экскурсиялық әрекеттің психологиялық және педагогикалық әрекеті
- •Экскурсоводттың іс-әрекетінде маңызды орынды алады
- •Топтастыру
- •Экскурсиялық көрсету мен әңгімелеу
- •Мақсат, мақсат және идея түсінігімен байланысты, берілген материалды айтып берумен қатар, соның нақты идеялық позициясын белгілеу. Идея-экскурсияның түпкі ойы, оның өзегі.
- •Көрсету мен әңгімені байланыстыру
- •Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу
- •Экскурсиялық маршрутты құру
- •7. Маршрутты аралап шығу
- •Бақылау тексті дайындау
- •11.Экскурсия жүргізудің техникасы
- •Экскурсияда көрсетудің негізгі методикалық тәсілдері
- •Қалалық шолу және тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері
- •Табиғаттану экскурсияларын өткізу ерекшеліктері
- •Архитектура – градокұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері
1.Дәріс
Кіріспе. Экскурсия ісінің тарихы. Экскурсиялық теория
Экскурсиялық іс – халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды бөлігі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқаны мен, ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдарына келді.
Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан, экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленгені бекер емес. Экскурсияның бір неше түрлері бар: тарихи, тарихи-әскери, кәсіптік, табиғаттық, архитектура-градоқұрылыстық, әдебиетік т.б.
Алғашы экскурсияларға себепші болған, өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасау мен байланысты болды. Жалпы айтқанда саяхаттар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр келкі функцияларды атқарған, ол сол ғасырдың қызығушылығына, жетістіктеріне байланысты болды.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты. Өткен ғасырлардың белгілі педагогтары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған, сондықтанда экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығып, айналамен танысуда экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар, оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашыда өте аз, серігу үшін жасалған, билеуші клас өкілдерінің ғана қолы жеткен. Крымға, Кавказға, шетел курорттарына (Баден-Баден, Карловы-Вары) саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсатын 18 ғасырдың алдыңғы қатардағы, прогресивті адамдары қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі меценаттар (демеуші) арқылы шешкен.
«Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIX ғ. енгізілген, басында бұл сөз «әскери шапқын», кейіннен «серуенге шығу, жорық» деп белгіленген.
Экскурсияның мәні
Экскурсия – методика арқылы алдын ала ойластырылған назар аударарлық жерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді көрсету, оның негізіне экскурсанттардың көз алдындағы объекттілердің анализі жатқызылған, және сонымен байланысты оқиғалар туралы епті әңгіме. Бірақ экскурсияның негізін тек қана осымен түсіндіру дұрыс емес.
Экскурсияның терминына түрлі басылымдарда соңғы 70 жылда берілген анықтамаларға тоқталайык:
Ен алғашқы түсінігін 1923 жылы М.П. Анциферов берген «Э. – серуен, өз мақсаты ретінде, көруге қолайлы объектті, тақырыпты нақты материал арқылы зерттеу».
Экскурсиялық әрекеттің орнын мектептен тыс жұмысында сипаттай отырып экскурсионист Л. Бархаш былай деген – э. ол белгілі білім алудың көрнекілік тәсілі, алдын-ала өңделген тақырып арқылы нақты объектке бару кезінде тәрбие беру.
Уақыты бойынша соңғы жылдары жарияланған анықтамағада тоқталайық: «Э. – оқудың, оқудан тыс жұмысының ерекше формасы, оның барысында мұғалім – экскурсовод, оқушылар – экскурсанттар бірігіп, болып жатқан процесстерді табиғи жағдайда бақылауы (завод, колхоз, тарихи ескерткіш, естелік жер, табиғат аясы т.б.) немесе арнайы жасалған коллекция қоймалары (мұражай, көрме)».
Түрлі сөздіктерде, энциклопедияларда да «Экскурсия» терминіне анықтамалар беріледі. Ең алғашқы түсінігін 1882 жылы В. Даль береді «Э. – серуен, бір нәрсе іздеп шығұ, шөп жинау т.б.». Кіші совет энциклопедиясында (1913 ж. т. 10) былай түсіндіріледі: «Э. – бір жерге көбінесе ғылыми немесе білім алу мақсатымен топпен шығу, өндіріс орны,
совхоз, мұражай т.б.».
Үлкен совет энциклопедиясында «Э. – назар аударарлық объекттерге бару (мәдениет ескерткіші, мұражай, өндіріс орны, т.б.) білім алудың формасы мен тәсілі. Маман-экскурсоводтың басшылығымен топ үшін өткізіледі».
Жоғары берілген анықтамалардың бәрі өз кезеңіндегі идеологияны, сол уақытқа сай көзқарастарды, экскурсияға жүктеген міндеттерді қөрсетеді.
Экскурсияның даму жолы оның негізінің өзгеруіне байланысты. Басында экскурсия практикалық міндеттерді іске асыратын серуен болып табылатын, мысалы шипалы шөп іздеу, жинау. Кейінрек оның алдында өлкетану мұражайларға экспонат табу сияқты ғылыми міндеттер пайда болды,
Түрлі сөздіктерде, энциклопедияларда да «Экскурсия» терминіне анықтамалар беріледі. Ең алғашқы түсінігін 1882 жылы В. Даль береді «Э. – серуен, бір нәрсе іздеп шығұ, шөп жинау т.б.». Кіші совет энциклопедиясында (1913 ж. т. 10) былай түсіндіріледі: «Э. – бір жерге көбінесе ғылыми немесе білім алу мақсатымен топпен шығу, өндіріс орны, совхоз, мұражай т.б.».
Өзінің білімін жоғарлатуда, жаңа формаларды іздестіруде экскурсиялар алдында жалпы білімді арттыру мақсаты пайда болды. Төрбие жұмысын арттыру, оны тиімді қылуында, экскурсиялар мөдени-ағарту жұмысының бір туріне айналды.
Барлық берілген экскурсия жайлы анықтамалардың бәрі өз кезеңіндегі идеологияны, сол уақытқа сай көзқарастарды, экскурсияға жүктеген міндеттерді қөрсетеді.
Экскурсияның даму жолы оның негізінің өзгеруіне байланысты. Басында экскурсия практикалық міндеттерді іске асыратын серуен болып табылатын, мысалы шипалы шөп іздеу, жинау. Кейінірек оның алдында өлкетану мұражайларға экспонат табу сияқты ғылыми міндеттер пайда болды,
Өзінің білімін жоғарлатуда, жаңа формаларды іздестіруде экскурсиялар алдында жалпы білімді арттыру мақсаты пайда болды. Төрбие жұмысын арттыру, оны тиімді қылуында, экскурсиялар мөдени-ағарту жұмысының бір туріне айналды.
Кәзіргі кезде экскурсия тұтас, өзіне ғана тән функциялары мен белгілері, жекешелік ерекше, методикасы бар сала. Айтарлықтай ол мазмұны, өткізу формасы және материалды ұсыну бойынша байып, идеялық-тәрбие және мәдени-көпшілік жұмысының бөлігі боп сипатталады. Экскурсияның міндетін, мақсатын, өткізу формасын кесте арқылы көрсетейік.
№ |
Мақсаттары |
Міндеттері |
өткізу формалары |
1 |
Демалу |
Шипалы шөп, жеміс, жидек, саңырауқұлақ іздеу. |
Серуен |
2 |
Оқу |
Балалар мен оқу пәндерін игеру (ботаника, география, тарих) |
Кластан тыс сабақ |
3 |
Ғылыми |
Өлкетану мұражайларға экспонаттарды жинау |
Экспедиция |
4 |
Жалпы білім беру |
Жалпы білім денгейін арттыру |
Туристік жорықтарда әңгімелесу, көлік саяхатында экскурсиялық жол информациясы |
5 |
Мәдени-ағарту |
Архитектура, әдебиет, тарих және т.б. салалар бойынша білім денгейін арттыру |
Көп планды шолу экскурсиясы |
6 |
Мәдени – тәрбие |
Тәрбие беру мен қатар білім алу |
Тақырыптық экскурсия |
Сонымен, экскурсия табиғи жағдайда, немесе кәсіпорын ішінде, лабораторияларда, ғылыми-зерттеу институттарда т.б. жерлерде орналасқан, алдын ала таңдалған объекттер арқылы адаммен қоршаған ортаны танудың көрнекілік процессі. Объектті көрсету арнай маманы бар - экскурсоводтың басшылығымен өткізіледі. Экскурсанттармен объекттерді қабылдау тақырпты ашу міндеттеріне бағындырылган. Экскурсовод аудиторияға объектті көруді, естелік жерге баға беруді, сол объектпен байланысты тарихи оқиғаларды түсінуді жеткізеді.
Қысқаша түрде экскурсияның негізін былай анықтауға болады – экскурсия спецификалық формада адамдар тобына жеткізілген білім сомасы және соны жеткізудегі белгілі жүйе әрекеттері.
2. Дәріс Экскурсияның белгілері
Белгі деп бір заттарды бір бірімен ұқсас қылатын, немесе бір бірінен ажыратуға болатын ерекшеліктерді атаймыз.
Экскурсия, мәдени-ағарту жұмысының басқа формалары сияқты, үйымдастыруында, өткізу методикасында өзінің ерекшеліктері бар. Оның белгілері басқа формалармен ұқсастығын немесе оның мүлдем басқа екенін көрсетеді.
Барлық экскурсияларға ортақ белгілер:
Уақыты бойынша ұзақтылығы бір академия сағатынан (45 мин.) бір тәүлікке дейін;
Халықаралық стандарт бойынша экскурсиялар 24 астрономиялық сағат арасында өткізіледі. Уақыты бойынша ең қысқа экскурсия өндіріс орнында, мұражайда және көрмелерде өткізіледі, олардың ұзақтылығы 1 академиялық сағат (45 минут).
Экскурсанттардың болуы (топ, немесе жеке адам);
Саны бойынша 1 адамнан 50 адамға дейін. Топтың саны көп жағдайда транспорттың сиымдылығына байланысты.
Экскурсия өткізетін экскурсоводттың болуы;
Экскурсияның сапасы экскурсоводттың білім деңгейіне байланысты. Дәрежесі бар экскурсовод 20-ға жуық түрлі тақырыпта экскурсия өткізе алады, ал бастауыш - 1-3 тақырыпты игереді. Экскурсоводтың міндеті экскурсия өткізу, оларды өңдеу, жетілдіру, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б.
Көрнекілік, экскурсиялық объекттерді орналасқан жерінде көрсету;
Экскурсиялық нысандарын дұрыс таңдау, тақырыптың толық ашып көрсетуіне, мақсатына жетуіне мүмкіндік береді. Экскурсиялық нысандардың жүйесі, көрсету методикасы, тәсілі, түрлері болады. Арнайы көрсетусіз экскурсия лекцияға айналады, сондықтан ол көрсетуге бағынады.
Экскурсия тобын алдын-ала құрған маршрут бойынша алып жүру;
Маршрут экскурсия жасаған кезде құрастырылады, өзінің жүйесі болады. Қашықтығы бір неше жүз метрден (мұрадай, қөрме) бір неше жүз километрге дейін болады. Маршрут құрастырудың өзінің ережелері бар.
Белгілі тақырыптың болуы, объктті бір мақсатпен көрсету;
Бір тақырып бойынша экскурсия жасаған кезде міндетті түрде мақсаты белгіленеді, мақсатсыз өткізген экскурсия өзінің құндылығын жоғалтады. Экскурсияның тақырыбына, адам контингентіне қарай мақсат, өте-мете тәрбие мақсаты өзгеруі мүмкін.
Тақырып бойынша құжаттардың болуы;
Қатысушылардың белсенділігі (бақылау, зерттеу).
Осы аталған жеті белгілерінің бірі болмаса өткізілген шараларды экскурсия деп атауға болмайды.
Жалпы барлық экскурсияларға тән белгілерімен қоса кез келген экскурсияның өзіндік спецификалық белгілері болады:
Автобус экскурсиясында – міндетті түрде автобустан шығып объект жәніне бару;
мұражай экскурсиясында – стендта орналасқан материалдармен танысу;
өндіріс орнындағы экскурсияда – жұмыс істейтін объекттерді демонстрациялау (станок, агрегат, механизм).
Кез келген мәдени-ағарту жұмысының ажыратуға болатын өзінің белгілері бар. Экскурсияның негізгі белгісі – көрнекіліктің жоғарғы дәрежеде болуы.
Экскурсияның негізгі функциялары
Экскурсияның функциялары оның негізгі қасиетін қарастырады. Э. бес функциясы бар: ғылыми насихат (танымдық), ақпараттық, бос уақытты мәдени үйымдастыру, қызығушылықты қалыптастыру, мәдени ой өрісті кеңейту.
Танымдық ең негізгі функция. Экскурсия саяси, ғылыми, көркемдік және басқа да көзқарастарды игеруге көмектеседі.
Экскурсия ғылым жетістіктерін, ғарышты жаңа зерттеу туралы, археологтардың ашулары, спортсмендердің жеңістері, мәдениет саласының жаңалықтары т.б. ақпараттарды қамтиды. Радио, теледидар, лекция сияқты ақпараттар көздерінен экскурсияны жоғары дәрежедегі көрнекілік және тыңдаушыларға әсер етуі арқылы ерекшелендіреді.
Экскурсия білім мен қатар бос уақытты мәдени өткізуге мүмкіндік береді. Адамның рухани қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Экскурсияның түрлі білім беретін оқұ формалары арасында - білімді жүйелеу, ақпараттарды іріктеу т.б. өзіндік орны бар. Білім нақты бағытта оқұ және өндірістік экскурсиялар кезінде қалыптасады.
Мәдени ой өрісті кеңейту функциясы мұражай экскурсиясында айқын байқалады, ал сауықтыру функциясы қала маңында өткізілетін экскурсияларда байқалады – суға түсу, тауға шығу, шаңғы тебу.
Әр нақты берілген экскурсия бір неше функцияны атқаралады. Ол экскурсия тобына байланысты. Балалар мен жас өсперімдер үшін - мәдени ой өрісті кеңейту; маман таңдаған жастар үшін - қызығушылықты қалыптастыру; шетелдік туристер үшін – ақпараттық функция т.б.
Бақылау сұрақтары
Экскурсияның мақсаты, міндеті
«Функция» түсінігі. Экскурсияның функциялары.
Экскурсиялық фунқциялардың атқаратын ролі
Экскурсияның белгілері
Жеке белгілерге сипаттама беру