Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аускультация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.14 Кб
Скачать

Жүректен тыс шуылдар.

Жүректен тыс шуылдарға жүрек қабының үйкеліс шуылы және плевро-перикардтық шуылдар жатады.

Жүрек қабының үйкеліс шуылы(үлпершектің).Жүрек қабы жапырақтарының қабынуы,оның беттерінің бұл кезде бір беткей болмай,оларға фибриндердің жабысып тұруы орын алады.Бұл жағдай құрғақ және ылғалды перикардитте,уремия,миокард инфарктісінде кездеседі.

Жүректегі үйкеліс шуылының ерекшеліктері:ол жүректің екі фазасында да естіледі(систолада және диастолада)

1.Бұл шуыл сипатына қарай нәзік немесе қатты,қардың аяқ астындағы сықыры,тырнаған қағаздың қозғалысының дыбысы тәрізді құлаққа жақын жатқанынан жүрек ішіндегі шуылға қарағанда жақсырақ естіледі.

2.Жүрек қабының үйкеліс шуылы оның абсолюттік тұйығының аймағында жақсы естіледі,ол басқа жаққа тарамайды.

3.Жүрек қабының үйкеліс шуылы тұрақты емес,ол жоқ болып,қайта пайда болуы әбден мүмкін.

4.Бұл шуыл кеудені алға қарай еңкейе ұстағанда жақсы естіледі.

Өкпе қабы және жүрек қабы(плевро-перикардтық)шуыл.Өкпе қабы жүрекке жақын жатқан жерінің қабынуы әсерінен,жүрек қабында үйкеліс шуылы сияқты шуыл пайда болады.Бұның бірінен-бірінің айырмашылығы сол,ол перикард үйкеліс шуылы абсолютті тұйықтық аймағында естілсе,ал бұл шуыл салыстырмалы тұйықтықтың сол жағынан естіледі.Плевро-перикардтық үйкеліс шуылы тыныс алғанда,дем шығарғанда жақсы естіледі.Ал жүрек қабының үйкеліс шуылы тек тыныс алғанда ғана жақсырақ естіледі.

Артерияны және көк тамырды(венаны)тыңдау.Жүрекке жақын жататын ұйқы және бұғана асты артериясыда екі жүрек дыбысы естіледі.Біреуі-артерияның қабырғасының керілуі қарыншаның систоласында,екіншісі-қолқа қақпақшасының жабылуында.

Жүректен алыс жатқан қан тамырларды тыңдау.Сан артериясында дыбыстар естілмейді,тек кей кезде ғана бірінші жүрек дыбысы естіледі-мұның механизмі ұйқы артериясына сәйкес келеді.Қолқа қақпақша қызметінің жетіспеушілігінде ІІ дыбыс ұйқы артериясында бәсеңдейді,кейде оның қақпақша ақауында тек дыбыс ғана естіледі,мұның пайда болуы қан тамырының қабырғасының қатты тербелісінде,систола және диастола фазасына сәйкес келеді.

Фонендоскоппен ірі қан тамырын жәй ғана басып тыңдағанда,сау адамдарда тарылған жермен қан өткенде,қан тамырының үстінен шуыл естіледі.Бұл систолалық шуыл,оны тамырды баспай –ақ кейбір ауруларда естуге болады.Ол қолқа сағасының таралуында,анемияда,эндоартеритте кездеседі.

Тиреотоксикоз ауруында қан ағымының жылдамдауының әсерінен қалқанша бездің үстінен шуылды тыңдауға болады.

Қорытынды

Қорыта келгенде Айтылған нүктелердің ішінде өзінің нағыз проекциясына жетпей жатқан ол екі жармалы қақпақша. Бұл қакпақшада пайда болатын дыбыс сол жақ қарыншаның қалың бұлшық еті арқылы систола фазасында кеудеге жақындайды, сондықтан дыбыс жақсы естіледі. Қолқа қақпақшасы екінші қабырға аралығында — оң жақта төстің жиегінде — оның нағыз проекциясынан бірталай жерде, мұндай дыбыстың жақсы естілуі қанның ағымына тікелей байланысты болады.

Жүректі төменде көрсетілген тәртіппен тыңдайды: ең бірінші жүрек ұшынан екі жармалы қақпақшада пайда болатын дыбыстар (бірінші нүкте). Екінші қабырға аралығы оң жақтан қолқа қақпақшасы (екінші нүкте), кейін екінші қабырға аралығында өкпе артерия қақпақшасы (үшінші нүкге). Төстің төменгі жағында семсер тәрізді есіндінің негізінде - үш жармалы қақпақша (төртінші нүкте). Ең соңында Боткин нүктесі, ол үшінші мен төртінші қабырғаның арасында төстің сол жағында орналасқан. Бұл нүктеден қолқа қақпақшасынан естілетін дыбысты тыңцайды. Жүрек қақпақшаларында кездесетін ақаулар көбінесе екі жармалы және қолқалық қаклақшаларда кездеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : Оку қуралы / Айтбембет, Бегалы Нурманулы. - Алматы : Кітап, 2005. - 159 бет

  • Пропедевтика внутренних болезней : учебник / Н. А. Мухин, В. С. Моисеев. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 848 с

  • Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері : оқу құралы / Қ. Ж. Ахметов. 2009. - 210 бет

  • http://www.inform.kz/kaz/article/2595792

  • https://www.google.kz/search?q=%D1%88%D1%83%D0%BC+%D1%81%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%86%D0%B0+%D1%84%D0%BE%D1%82%D0%BE&biw=1002&bih=477&tbm=isch&imgil=1xtnp13iNhzaQM%253A%253BnUMzZhQEasjR6M%253Bhttp%25253A%25252F%25252Fwww.