Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аускультация.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.14 Кб
Скачать

Шуылдардың таралуы

Жүрек қақпақшаларының ақауында естілетін шуылдар тек шуыл тарайтын нүктелерде ғана емес,басқа алыс нүктелерде де естіледі,яғни тарайды немесе беріледі.Қанның ағыс бағытымен,оның басталған жерінен,қолқа сағасының тарылуынан пайда болатын қатты систолалық шуыл болса,ол қанның ағысымен бірталай қашықтыққа,ұйқы,бұғана,қабырға асты артериялары,т.б. тамырларға тарайды.

Қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігінен диастолалық шуыл қанның бағытымен төмен сол жақ қарыншаға V нүктеге,яғни Боткин нүктесіне тарайды.

Екі жармалы қақпақша саңылауының тарылуындағы пресистолалық шуыл шектелген аймақта ғана естіледі,ешқайда тарамайды.Сырқат адам сол жақ бүйіріне жатқанда жақсы естіледі.

Керісінше диастолалық шуыл науқас тік тұрғанда қолқа қақпақшасының және өкпе бұғанасы қызметінің жетіспеушілігінде жаксы естіледі.Сондықтан жүрек қақпақшаларында ақаулары бар науқастарды әр түрлі қалыпта тыңдау қажет.Кейбір белгісіз жағдайларда науқасқа жеңіл физикалық күш түсіру немесе дәрі беру қажет.

Шуылдың күші,сипаты.

Сипатына қарай неше түрлі шуылдар болады:жұмсақ,үрлеген,тырнаған,қатты және аралаған тәрізді.Функционалды шуыл жұмсақ,ал қақпақшалардың органикалық ақауларында болатын шуыл қатты.Кей кезде шулар музыка тәрізді болады:музыкалды шуылдар жүрек іші бұлшық еттері қысқарғанынан,қақпақшалардың ыдырауынан пайда болады.Шуылдың күші саңылаудың тек тарылғанынан емес,қанның ағымынан да,оның күшінен де болады.Екі жармалы саңылаудың тарылуында болатын шуыл диастоланың аяғында пайда болады да,жақсы естілмейді.Ол жүрекшенің жиырылуынан,жүрекше жүректің ең нәзік бөлігі болғандықтан да солай болады.Қолқа сағасынын тарылуындағы систолалық шуыл өте айқын,қатты естіледі,оның себебі қан қалыңдаған сол жақ қарыншамен қолқаға үлкен қысыммен тарылған тесік арқылы өтеді.Шуылдың күші және қақпақшалардың өзгерістерінің деңгейінде тікелей қатысы жоқ,екі жармалы қақпақша тесігінің тарылуында атриовентрикулярлық саңылау кенеттен өте тарылғанда диастолалық шуыл естілмеуі де мүмкін.

Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігінің тек систолалық шуылға қарап,қақпақшаның өзгеру деңгейін анықтауға болмайды.Мұндай жағдайда жүрек дыбысының сипаттамасы маңызды орын алады.

Жүрек ұшында І дыбыстың өте бәсеңдеуі,онымен бірге систолалық шуылдың естілуі бұл қақпақшаның өзгеруінің деңгейі аса үлкен еместігін көрсетеді.

Жүректің еті әлсірегенде шуыл да әлсірейді.Емдеу барысында науқастың жағдайы жақсарған сайын шуылдар күшейе түседі.

Функционалдық шуылдың органикалық шуылдан айырмашылығы.

Функционалдық шуыл қақпақшалардың өзгеруінсіз-ақ пайда болады.Жас балаларда,анемиямен ауыратын науқастарда,Базед ауруында,астениктерде,өте жүдеу адамдарда функционалдық шуыл көбінесе систолалық болады,ол жүректің ұшында және өкпе бағанасында естіледі.Мұның пайда болуы қанның жылдам ағуынан,жүректің тахикардиясынан,қанның сұйықтығынан,ол азайғанда,папилярлы еттің,немесе екі жармалы қақпақшаның кеңеюі,сол сияқты сол жақ қарыншаның үлкеюі қан қысымы жоғарылаған ауруларда,қолқа ақаулары,тағы басқа науқастарда кездеседі.Сирек жағдайларда функционалдық шуыл диастола фазасында кездеседі.

Екі жармалы саңылаудың тарылуында-кіші қан айналымында қан қысымы жоғарлаудың әсерінен,өкпе бағанасының сағасы да кеңейеді,сондықтан осы нүктеде функционалдық диастолалық шуыл,яғни Грэхем-Стилл шуылы естіледі.

Функционалдық шуыл жұмсақ болып,систоланың бас кезінде жақсы естіледі.Ол тұрақты емес,ешқайда тарамайды,жүрек пальпациясы кезінде қолға сезіледі.