Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аускультация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.14 Кб
Скачать

Жоспар

I.Кіріспе

II .Негізгі бөлім

Жүрек шуылының аускультациясы

Жүрек шуылдары

Шуылдардың жіктелуі

Шуылдардың сипаттамасы

Функцоинальді шуылдардың қасиеттері

Шуылдың жүрек фазасына қатысы

Систолалық шуылдың диастолалық шуылдан айырмашылығы

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Жүрек шуылдардың аускультациясы-паталогиялық дыбыстық құбылыстар,олар жүрек қуысында және қолқаның өрлеген бөлімінде,қақпақша үсті аймағында пайда болады.

А)экстракардиальді-жүректен тыс пайда болады.

Жүректегі қабының үйкеліс шуылы.Жүрек қабы жапырақтарының қабынуы,оның беттерінің бұл кезде бір беткей болмай,оларға фибртндердің жабысып тұруы орын алады.Бұл жағдай құрғақ және ылғалды перикардитте,уремия,миокард инфарктісінде кездеседі

Б)Интракардиальды-жүрек ішінде пайда болады.

1)органикалық-жүрек қақпақшасының анатомиялық өзгерістері

2)функциональды-бұл:

-Папиллярлы жүрек бұлшықеттердің жеткіліксіз инервациялауы

-Қан аққыштығының жылдамдығының үлкеюі.

-Қан тұтқырлығының азаюы.

Жүрек шуылдары.Жүректі тыңдаған кезде кей жағдайларда жүрек дыбыстарынан да басқа құбылыстар естіледі,оны жүрек шуылдары деп атаймыз.Жүректің кейбір ауруларында(жүре кездескен аурулар,іштен туған жүрек ақаулары,эндокардиттер,жүрек бұлшық еттерінің ауруы,перикардит,өкпе қабының жүрекке жақын жатқан жерлерінің қабынуы,анемия,қалқанша без ауруы)шуылдар естіледі.

Шуылдардың жіктелуі.Жүрек аймағындағы естілетін шуылдардың себептері жүректің өзінен болады,мұндай шуылдарды жүрек ішіндегі шулар деп айтамыз.Жүрек сыртындағы себептерден болатын шуылды жүректің сыртқы шулары деп атаймыз.Жүрек ішінде пайда болатын шуылдар жүрек қақпақшаларының деформациялық өзгерістерінен,ақаулардан,атриовентрикулярлық және айшық тәрізді қолқа және өкпе артериясының қақпақшаларының әрбір бөлек немесе бірімен-бірі қосылып,тарамыс тәрізді хордаларының қысқаруы және басқа да өзгерістер жүрек ішінен пайда болатын шуылдарды туғызады.Жүректе органикалық өзгерістердің әсерінен пайда болатын шуылдарды органикалық шуылдар деп атаймыз.Жүректе қақпақшалардың өзгеріссіз кезінде де шуылдар пайда болады:бұлар әсіресе жұқпалы ауруларда,анемияда,нерв жүйесінің қозғыштығында,Безед ауруында,тағы басқа жағдайларда кездеседі.Мұндай шуылды функционалды шуыл деп атаймыз.

Мұндай шуылдар кей жағдайларда сау адамдарда да кездеседі.Шуылдар жүректің әр фазасында кездеседі.Систола фазасында І дыбыс пен ІІ дыбыстың арасында пайда болатын шуылды систолалық шуыл деп атаймыз.

Диастола кезінде ІІ дыбыс пен І дыбыстың арасында естілетін дыбысты диастолалық шуыл деп атаймыз.

Диастолалық шуыл диастоланың қай кезеңіндеде пайда болғанына қарай үш түрге бөлінеді.Егерде шуыл диастоланың басында естілсе,онда ол диастола алдындағы шуыл-протодиастолалық;диастоланың ортасындағы болса-мезодиастолалық,диастоланың соңындағы болса-пресистолалық деп аталады.

Шуылдардың сипаттамасы.

Жүрек шуылдары жүректің әр фазасында әр түрлі қақпақшалардың ақауында естіледі,сондықтан тыңдағанда шуылдардың сипаттамасын анықтау қажет:

1.Шуыл жүректің қай фазасында пайда болады(систолада ма,диастолада ма,екі фазада да ма)

2.Жүрек аймағында шуылдың жақсы естілетін жерлері(орындары)

3.Шуыл қайда тарайды(беріледі)

4.Оның сипаты

5.Шуылдың күші қандай

Шуылдардың осындай сипаттамаларын білу керек.

Функцоинальді шуылдардың қасиеттері

Көбінесе систолалық болып келеді;

Тұрақты емес,дененің әртүрлі қалпында пайда болады немесе жоғалады;

Көп жағдайда өкпе сабауы тұсында естіледі;

Қысқарған,жұмсақ,үрлеген шуылдар;

Белгілі бір аймақта тыңдалады және пайда болған жерден алыстамайды;

Функционалдық шуылдың органикалық шуылдан айырмашылығы.

Функционалдық шуыл қақпақшалардың өзгеруінсіз-ақ пайда болады.Жас балаларда,анемиямен ауыратын науқастарда,Базед ауруында,астениктерде,өте жүдеу адамдарда функционалдық шуыл көбінесе систолалық болады,ол жүректің ұшында және өкпе бағанасында естіледі.Мұның пайда болуы қанның жылдам ағуынан,жүректің тахикардиясынан,қанның сұйықтығынан,ол азайғанда,папилярлы еттің,немесе екі жармалы қақпақшаның кеңеюі,сол сияқты сол жақ қарыншаның үлкеюі қан қысымы жоғарылаған ауруларда,қолқа ақаулары,тағы басқа науқастарда кездеседі.Сирек жағдайларда функционалдық шуыл диастола фазасында кездеседі.

Екі жармалы саңылаудың тарылуында-кіші қан айналымында қан қысымы жоғарлаудың әсерінен,өкпе бағанасының сағасы да кеңейеді,сондықтан осы нүктеде функционалдық диастолалық шуыл,яғни Грэхем-Стилл шуылы естіледі.

Функционалдық шуыл жұмсақ болып,систоланың бас кезінде жақсы естіледі.Ол тұрақты емес,ешқайда тарамайды,жүрек пальпациясы кезінде қолға сезіледі.

Шуылдың жүрек фазасына қатысы

Бұл жоғарыда айтылғандай,қақпақшаның ақауын анықтау үшін өте қажетті нәрсе.Әсіресе шуылдың жүрек оралымының қай фазасында естілетінін анықтау керек.Жүректі тыңдағанда,систоланы диастоладан айыра білу,систолалық шуылдың,диастолалық шуылдан айыра білу деген сөз.Бұны білудің қақпақша ақауларының диагностикасында маңызы зор.

Систолалық шуылдың диастолалық шуылдан айрмашылығы

Систолалық шуыл ұзақ үзілістен кейін І дыбыс пен ІІ дыбыстың арасынан естіледі.І дыбыс бәсең,тіпті естілмеуі де мүмкін.Мұндай жағдайда І дыбыс жүрек ұшының түрткісімен,ұйқы артериясының пульсациясымен сәйкес келетін есте сақтау қажет.

Систолалық шуыл органикалық немесе функционалдық болады.Органикалық өзгерістер болғанда естілетін систолалық шуыл жүректе жүре кездесуі немесе туа бітуі,ол жүрек қақпақшаларының ақауында және қолқада патологиялық өзгерістер болғанда ғана естіледі.

Систолалық шуыл жүре пайда болған жүрек ақауларында да естіледі.Оларға жататындар:

1.Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігінде,қан систола фазасында сол жақ қарынша аз мөлшерде болса да сол жақ жүрекшеге кері қайтады.

2.Үш жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігінде,қан систола фазасында өкпе бағанасына өтумен қатар,кері оң жақ жүрек шеге қайтады.

3.Қолқа сағасының тарылуында,қан сол жақ қарыншадан систола фазасында тар тесіктен өткенде.

4.Систолалық шуыл іштен туа біткен мына төменгі жағдада:өкпе бағанасының сағасының тарылуында қарынша аралығының жабылмауында,қолқа қалтасының тарылуы және тағы басқа іште туа біткен ақауларда кездеседі.

Диастолалық шуыл ұзақ үзілістен кейін ІІ және І дыбыстың арасында естіледі,ол жүрек үшының түрткісіне сәйкес келе бермейді.

Диастолалық шуыл төмендегі жүрек ақауларында кездеседі:

1.Сол жақ атривентикулярлық саңылауының тарылуында(екі жармалы қақпақша саңылауының тарылуы),қан диастола фазасында саңылаудан сол жақ жүрекшеден қарыншаға өтеді.

2.Оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуында екі жармалы қақпақшадағыдай өзгеріс.

3.Қолқа қақпақша қызметінің жетіспеушілігінен,диастола фазасында қан кері қарай қолқадан сол жақ қарыншадан қайтады.

4.Өкпе бағанасы қызметі жетіспеушілігінде.

Жүрек аймағында шуылдардың жақсы айқын естілетін түрлері.

Әр түрлі қақпақша ақауларында шуылдардың естілетін жерлерінің диагностикада маңызы зор,егерде жүректі тыңдағанда бесінші нүктедегі систолалық шуыл ең жақсы естілетін жері жүректің ұшы болса,онда екі жармалы қақпақшада өзгеріс болғаны,бұл көбінесе екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігіне тән.Үш жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігінде систолалық шуыл семсер тәрізді төс өсіндісінің негізінде естіледі,бұл осы қақпақшаға тән белгі.Егер систолалық шуыл екінші қабырға аралығында төстің оң жиегінде немесе Боткин нүктесінде естілсе,мұның себебі қолқа сағасының тарылуынан немесе қолқаның өзінің патологиялық өзгерістерінен болғаны.

Есте ұстайтын нәрсе,ол қолқадағы,қолқа сағасының тарылуынан болатын систолалық шуыл,бұл қолқа аневризміндегі болатын шуылдан қаттырақ және күштірек естіледі.

Өкпе артериясы сағасы тарылуында,Баталов өзегі,сол сияқты сол жақ қарынша аралық перде бітпегенде систолалық шуыл төстің ортасынан естіледі.

Диастолалық шуыл да осындай болады.Жүрек ұшындағы диастолалық шуыл екі жармалы саңылау тарылғанда болады,екінші қабырға аралығында оң жақта және бесінші нүктедегі шуыл,ол қолқа қақпақшасы қызметі жетіспеушілігінен,екінші қабырға аралығында сол жақта-өкпе бағанасы қызметі жетіспеушілігі,төс сүйегінің төменгі жағындағы шуыл-атриовентрикулярлық саңылаудың тарылуынан болады,мұндай ақау өте сирек кездеседі.Қақпақшаларда ақаулары бар ауруды тыңдағанда,шуылдарды бірінен-бірін айыра білумен қатар дыбыстарды да ажырата білу керек.