Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер конспекті СГП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.37 Кб
Скачать

Дәрісті қысқаша мазмұны.

Оқпан аузы конструкциясын оқпанның атқаратын қызметіне, диаметріне, көлденең және тік жүктемелерге, жатқан жыныстардың жатысы мен физика-механикалық қасиеттеріне, грунттық суларының болуына, бекітпе материалына, арықтар қуыстарының өлшемдеріне және жұмыстарды орындау тәсілдеріне байланысты қабылдайды.

Оқпан аузы оқпанның атқаратын міндетіне байланысты уақытша немесе тұрақты копердің фундаменті бола алады, сонымен қатар Оқпан тағайындауының тәуелділікте сағасы фундаментпен қызмет ете алады үшін - немесе тұрақтыны ( мұнаралықты ) копра , салпыншаққа арналған тірекпен временной бекіт және бөлімдер - жабдықтаудың технологиялық кету өтуі жанында , желдету кездесетіндердің орналастыруына арналған және каналдардың калориферных , су төгетін және - құбырлардың , кабельдердің және қысылған ауа құбырларының , қор шығулардың.

Оқпан аузы басынан, орта бөлігінен және тіреу тәжінен тұрады. Басы жоқ оқпан аузы констуркциясы түбегейлі берік жыныстар жер бетіне шыққан кезде және копердің өз фундаменті болғанда қолданылады. Егер оқпан аузы әлсіз жыныстарды қийып өтсе тіреу тәжін қолданады, ол берік жыныстарда орналастырылады.

Оқпан аузын бекіту үшін тұтас бетон немесе темір-бетон, сирек темір және темір-бетон тюбингтері қолданылады. Тюбинг бекітпесін қолданғанда тік жүктемелерді қабылдау үшін қалындату орындарын монолит бетоннан орындайды.

Оқпан аузының құралысы ашық тәсілмен экскаваторлар көмегімен жүргізіледі. Оқпан аузы бекітпесін тұрғызғаннан кейін маңайын жыныстармен толытрып тығыздайды.

Технологиялық шегініс жүргізу құралдарын орналастыру үшін қолданылады, оның ұзындығы қолданылатын құралдарға және өту схемасына байланысты алынады. Технологиялық шегіністің тереңдігін 30 - 70 м. аралығында қабылдайды.

Тау жыныстарын бұзу тәсілін жыныстардың физика-механикалық қасиеттеріне, белгілі механизімдердің болуына байланысты қабылданады. Жұмсақ жыныстарда шой балғалар мен пневмоломдар қолданылады. Ортша берік және берік жыныстарды бұрғылап-аттыру тәсілімен бұзады.

Оқпан аузы тереңдігі шағын болғанда жыныстарды жербетіне грейфер пневмотиегіші көмегімен шығарады. Тереңдігі 30 м асқанда жыныстарды қауғалармен көтереді. Қауғаларға жыныстарды грейфер тиегіштерімен тиейді. Грейферлер мен қауғаларды тік бағытта кран, кран жебесі бар экскаваторлар, арнайы құралдар кешені көмегімен қозғалтады.

Оқпан аузы құрылысы аяқталғаннан кейін оқпан аузын негізгі жүргізу (нольдік) рамасымен жабады. Оқпан аузы маңында көтеру машинасы, жүргізу құралдарын ілуге арналған лебедкалар орнатылады. Технологиялық шегіністе ілмелі жүргізу сөресі орнатылады. Сөренің төменгі қабатының астында тиеу машинасы және ілмелі бұрығлау құралдары, оператор кабинасы орналасқан.

Оқпанды өту тәсілдерінің бес технологиялық схемасын ажыратады: тзбектелген, параллельді, параллельді-қалқанды, үлестірілген және жабдықтаумен қатар жүргізілетін. Оқпандарды жиі бұрғылап аттыру тәсілімен өтеді.

Бұрғылап аттыру жұмыстарының кешені шпурлқ зарядтар әдісімен тау жыныстарын жобаланған қима шегінде бұзу үшін қолданылады. БАЖ кешенінде келесі операциялар орындалады: шпурларды бұрғылау, шпурлық зарядтарды оқтап аттыру.

Шпурларды бұрғылау үшін қолмен бұрғылау машиналары қолданылады (бұрғылау балғалары немесе перфораторлар) және бұрғылау қондырғылары қолданылады, мысалы, БУКС-1м қондырғысы.

Жыныстарды тиеу үшін грейфер тиегіштері, шөмішті тиегіштер және өзі жүретін тиеу машиналары қолданылады (КС-3, КС-2у/40). Жыныстарды тиеу өнімділігі көтеру өнімділігіне байланысты болады. Максимальді көрсеткіштерге қол жеткізу үшін көтеру өнімділігі тиеу машиналарының өнімділігінен 10...20 % артық болуы тиіс.

Шеңберлі пішінді оқпандарды қарапайым тәсілмен өткен кезде тұтас бетонмен бекітеді. Сонымен қатар темір-бетон, тюбинг және шашыранды бетон анкерлі бекіпелер қолданылуы мүмкін.

Оқпандарды бұрғылау қондырғыларымен және комбайндармен өту.

Оқпанды жабдықтау жұмыстарының құрамына өткізгіштерді, кермелерді орнату, саты бөлімін жасау, құбырларды ілу, кабельдерді ілу.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (тақырып 5)[1,2].

1 Оқпан аузының атқаратын міндеті, қандай бөліктерден тұрады және таңдағанда қанда факторлар ескеріледі.

2 Оқпанды өтудің техологиялық схемалары.

3 Оқпанды өтуге арналған бұрғылау құралдары.

4 Оқпанды өтуге арналған тиеу және тасымалдау машиналары.

5 Тік оқпандардың конструкциясы және бекітпені тұрғызу технологиясы.

6 Тік оқпандарды жабдықтау.

7 Оқпандарды бұрғылау тәсілімен өту.

Дәріс 5

Тақырып 6 Оқпан маңы дуалының қазба өтуі

Дәріс жоспары

  1. Негізгі оқпаналбарылық кенүңгірлердің маңызы.

  2. Оқпанның оқпаналбарымен түйіскен жерін кесу.

  3. Оқпаналбарылық кенүңгірлерді жүргізу технологиясы.

  4. Оқпаналбарылық кенүңгірлерді салудың күнтізбелік жоспары.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Барлық оқпаналбарылық кенүңгірлерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: бірінші- негізгі қимасы 40...50м2 дейін және ұзындығы 150м дейін (атылғыш заттар қоймасы, тоқарбалық депосы, сораптық кенүңгір,ЦПП); екінші- қосымша қимасы 15 м2 дейін ұзындығы 20-40м дейін (күту кенүңгірі, медпункт, өртке қарсы материалдар кенүңгірі және т.б.)

Оқпаналбарылық кенүңгірлердің құрылысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші- қосалқы оқпанның жазық қазбамен түйіскен жердің құрылысы, оқпандар арасында түйіспелерді (төтелдерді) жүргізу; қазбалардың басты бағыттарын жүргізу (жүкті және жүксіз) қосалқы оқпанға қабысқан (кенжардың саны минимальды) және жүктерді айнала тасымалдауды ұйымдастыру, оқпандар арасындағы уақытша желдетпе, түйіспе сақина түйіскеннен кейін жабылады. Екінші- минимальды кенжар санымен оқпаналбарылық кенүңгірлердегі басқа қазбалардың құрылысы. Оқпаналбарылық кенүңгірлердің құрылысы келесі тәртібі бойынша жүзеге асады:

  1. Қазбаларның әр түріне байланысты ұңғыма жабдығын таңдайды. Кенүңгірді нақтылап қазу технологиясымен оларды жүргізуі және осы қазбалардың жүргізу жылдамдығын орнатады.

  2. Күнтізбелік жоспар мен оқпаналбарылық кенүңгірқұрылысының графигін құрастырады. Бөлек қазбалардың жүргізу реттілігін орнатқанда, кен сілемі мен көмір тақтасына тез қалпында шығу үшін , біріншіден бастапқы бағыттағы (дағдарыс жолында жатқан) қазбалар тізбегі жүргізіледі. Әдетте, бұл тізбекке жүкті және қосалқы оқпанға қабысқан жүксіз тармақтар жатады, ал одан кейін оқпаналбарылық кенүңгірлер шегінде негізгі тасымалық қазба салынады. Содан соң, оқпаналбарылық кенүңгірлердің негізгі кешендерді салуға кіріседі:суақпа мен электроподстанция кенүңгірлері, гараж бен такарбаны, скиптік көтермеге қабысқан қазбалардыы оқтайтын кенүңгілер, атылғыш заттар қоймасы.

Оқпаналбарылық қазбаларды жүргізуді тездету үшін , барлық негізгі өндірістік үдірістерді соның ішінде теспелерді бұрғылау мен тау жыныстарды тиеу уақыт бойынша максимальды бірлесуін қарастыру керек. Ол үшін теспелерді бұрғылау үшін келесі бұрғылық қондырғыларды қолдану абзал.Мысалы үшін, СБУ-2 және БУЭ-ЗТ. Оларды ұстынды электрбұрғылармен салыстырған кезде, көп еңбек сіңіруді керек қылушылығын 3-4; 4-6 есе төмендетуге мүмкіндік береді. Екі тармақты қазбада бөлек тиеме машина мен бұрғылық қондырғыны қолдануы негізінен бұрғылау үдірісі мен тиеуді бірлесуді мүмкіндік береді. Сол себебтен, қазбаларды жүргізу жылдамдығын арттыруға болады. Кеніштерде заманға сай шарттарда, күрделі қазбаларды жүргізгенде өздігінен жүретін техника кең қолданысын тапты.

Қәзіргі уақытта, Қазақстан кенішінде шетелдік бұрғылық машиналар мен қондырғылар кең қолданылады: Атлас-Комко (Швеция), Тамрок (Финляндия), Эймко-Секома (Франция),Гарднер-Денвер (США) және т.б.

Корпорация «Қазахмыс» кеніштерде гидроперфораторлармен бұрғылық арбалар «Минибур Г1Ф» кең қолданылады (Анненск, Орловск, Южный кеніштерде). Олардың өнімділігі СБУ-2М салыстырғанда 2-3 есе жоғары. «Минибур», «Бумер», «Миниматик» бұрғылық арбалар ОАО «Казцинк» кеніштерде қолданылады (Ташинск, Малевск кеніштер).

Көптеген зерттеулер мен пайдалану практикамен келесілер анықталған: Қазбаның көлбеу бұрышы 10-120 ; минимальды радиустың айналмасы 8-10м ал, тасымалдау ұзындығы 50-300м-ге тең болғанда тиеме- жеткізбелік машиналарды қолдануы абзал. Бұндай шарттар оқпаналбарылық кенүңгірлерге және қазбаларға дәл келеді. Қазақстанның түсті металлургия кеніштерде «ТОРО» моделі, «Томрок» фирмасымен шығарылатын тиеме-жеткізбелік машиналар кең қолданылады. Көмір шахталарда оқпаналбарылық кенүңгірлер бұрғыатпалық тәсілмен салғанда, келесі жабдықтар кең қолдануын тапты (5.1 кесте)

5.1 кесте

Бұрғылық қондырғы

Тиеме машина

Көлік түрі

БУР-2

НБ-1Э

СБУ-2М

БУЭ-3Т

2ПНБ

1ПНБ-2Б

2ПНБ-2

2ПНБ-2

ВГ вагонша

ВГ вагонша

ВГ-15Э өзі жүретін вагонша

УПЛ-2 тиегіш

ВГ вагонша

Қәзіргі уақытта, Қазақстан кеніштерде оқпаналбарылық кенүңгірлермен қазбаларды салу үшін шетелдік фирмалардың өзі жүретін машиналар кең қолданғандықтан, келесі ұңғыма жабдықтар ұсынылады

5.2 кесте

Машина түрі

Қазбаның көлденең қимасының ауданы м2

6-10

12-14

16-20

>20

Бұрғылық қондырғылар

«Минибур»

«Бумер115»

«Микроиатик»

«Бумер117»

«Мономатик»

«Мономатик»

«Бумер Н-127»

«Максиматик»

«Параматик»

«Бумер170»

«Максиматик»

«Параматик»

Тиеме- жеткізбелік машиналар

«ТОРО-200»

«ТОРО-250»

«ST-2A»

«ТОРО-350»

«ТОРО-301»

«СТ-3А»

«СТ-3,5»

«ТОРО-400»

СТ-5

«ТОРО-500»

«ТОРО-501Д»

Көліктік машиналар

5ВС-15

«ТОРО-40Д»

«ТОРО-40Д»

СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (тақырып 6) [1,3,5,14,16]

  1. Оқпаналбарылық кенүңгірлердің ілмектік тәсімі, көмір мен материалдарды тасымалдау тәсімі.

  2. Айналма тәсімі, Негізгі кенүңгірлердің орналасуы, олардың өзара байланысы.

  3. Оқпаналбарылық кенүңгірлердегі қазбаларды жүргізудің көпкенжарлы тәсімі.

Дәріс 6.