Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер конспекті СГП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.37 Кб
Скачать

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Кеңінен тараған қазбалар пішініне жатады: тік төрт бұрышты, трапеция тәріздес, аркалы, күмбезді, шеңберлі және т.б. Қазба пішіні қолданылатын бекітпе түріне, қазбаның атқаратын қызметіне, қызмет ету уақытына, күтетін тау қысымына байланысты алынады. Бекітпенің негізгі материалдары: ағаш, металл, бетон және темір-бетон, полимерлі материалдар. Жоғарыда аталған факторларды ескеріп тұрақты бекітпені конструкциясын қабылдайды. Рамалы, тұтас (монолит және жиналмалы), анкерлі және үлестірілген бекітпелер қолданылады.

Тау-кен қазбаларының келесі қималарын ажыратады: қажетті қима, өтілетін қима және бекітпені есептегендегі қима. Қажетті қима – шегінде құралдар мен коммуникациялар орналасқан жобаланған қима. Егер қажетті қима ауданына бекітпенің ауданын қосса бекітпені есептегендегі қиманы аламыз. Осы қиманы 5% өсірсек өтілетін қаба қимасының ауданын аламыз.

Қажетті қима ауданы орналасқан құралдардың өлшемдері бойынша алынады. Жылжымалы құрам үшін келесі саңылаулар алынады: бекітпе мен вагонетканың немесе электровоздың шығып тұрған бөлігі арасында бетон бекітпесі болғанда – 0,2 м, рамалы бекітпе – 0,25 м; қарама-қарсы жүретін құрамдардың арасында – 0,2 м; адамдар өтуіне арналған саңылау – 0,7 м қазба табанынан 1,8 м биіктікте. Конвейерді орналастырғанда саңылаулар келесі мәндерге ие болады: бір жақ бүйірінен 0,7 м, екінші жағынан – 0,4 м; конвейердің үсітнгі шығып тұрған бөлігінен бекітпеге дейін 0,5 м, тарту және жетек бөліктерінде 0,6 м. Құралдардың өлшемдері мен аталған саңылауларды ескеріп төртбұрышты қима салынады, содан кейін осы қиманы қажетті қима пішінінде орналастырады. Тау-кен қазбаларын жобалау жұмыстарын жеңілдету үшін негізгі бекітпелер мен қазба қимасының пішіндеріне арнап тау-кен қазбаларының типті көлденең қималары жасалған.

Жақын үлкен типті қиманы қабылдағаннан кейін осы қиманы мүмкін болатын ең үлкен және ең аз ауаның қозғалу жылдамдығы бойынша тексереді. Капиталды және дайындау қазбаларында ауа жылдамдығы Vд = 8 м/сек, тілмелі қазбаларда - 6 м/сек. Газды шахталарда мүмкін болатын ең төмен ауа жылдамдығы - 0.25 м/сек, газ жоқ қазбаларда - 0.15 м/сек.

Қазба құрылысының арнайы және қарапайым тәсілдерін ажыратады. Қарапайым тәсіл берік тұрақты жыныстарда қолданылады, арнайы тәсіл тұрақсыз, қобсыған, үгітілген немесе сулы жыныстарда кенжарды ашық тастауға болмаған жағдайда немесе алдын ала мұздатусыз өтуге мүмкін болмаған кезде қолданылады.

Технологияның негізгі элементі – жыныстар мен пайдалы қазбаларды кенжардан бөліп алу – тау жыныстарын бұзу. Осы процес тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне, қазбаның қима ауданы мен ұзындығына, бекітпе түріне байланысты болады. Тау жыныстарды механикалық, физикалық және физика-механикалық тәсілдермен бұзады.

Механикалық тәсілдерге шой балғармен өту, бұрғылап алу, жүргізу клмбайндарымен өту, гидроотбойка тәсілдері жатады. Физикалық тәсілдерге: термиялық, электромагниттік, лазер сәулесімен бұзу жатады. Берік жынстарда қазбаны өткен кезде жыныстарды физика-механикалық тәсілмен бұзады, атап айтқанда жарылыс энергиясын қолдану арқылы.

Тау-кен қазбаларының құрылысы кезінде жұмыстарды циклді ұйымдастырады. Жұмыстарды циклді ұйымдастыру дегеніміз негізгі және қосымша операцияларды белігілі кезекте белгілі уақыт ішінде циклділік графиігне сәйкес орындау. Бұрғылап аттыру тәсілімен қазбаларды өткенде негізгі операцияларға: шпурларды бұрғылау, оқтау, аттыру және желдету, жарылған тау жыныстарын тиеу, тұрақты бекітпені тұрғызу. Комбайн технологиясы кезінде негізгі операцияларға: тау жыныстарын бұзып тиеу, тұрақты бектіпені тұрғызу жатады. Қосымша тау-кен жүргізу операцияларына: уақытша бекітпені тұрғызу, темір жолдарды төсеу немесе конвейер секцияларын жалғау, су ағар арықтарын жасап бекіту, желдету, қысылған ауа, су құбырларын жалғау, материалдарды жеткізу.

Егер жүргізу оперциялары тізбектеп орындалса жүргізу циклі максимальді уақытта орындалады, ал қазбаны өту жылдамдығы минимальді болады. Қазбаны өту жылдамдығын арттыру үшін кейбір қоосымша операциялар негізгі операцияларды бір уақытта орындайды.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (тақырып 2) [1,2,3]

1 Тәжірибеде қандай қазба қималары қолданылады және оларды неге негізделіп таңдайды

2 Қазбаның қажетті қима ауданына қойылатын қауәпсіздік ережелерінің талаптары.

3 Бекітпенің негізгі материалдар мен конструкциялары.

4 Қандай жағдайларда қазбаны қарапайым және арнайы тәсілдермен өтеді

5 Қазбаны өткендегі еңбек өнімділігі мен қазбаны өту жылдамдығын арттыру жолдары.

Дәріс 3

Тақырып 3. Дайындау кезеңінің жұмыстары.

Тақырып 4. Жер беті ғимараттары құрылысының технологиясы.

Дәрістің мақсаты:

Дайындау кезеңінің маңызын анықтау, уақыт бойынша реттілігін және жұмыс құрамын білу. Тау-кен өндірісінің бетінде ғимараттарды танып білу, олардың ерекшеліктері, құрылыс технологиясының тиімділігі.

Дәріс жоспары

  1. Алаңнан тыс жұмыстардың құрылысы, олардың сипаттамасы

  2. Алаң ішіндегі жұмыстардың құрылысы

  3. Дайындпу кезеңдерінің ұзақтығы

  4. Ғимараттар бетінің классификациясы

  5. Жұмыстардың негізгі түрі, олардың орындалу механизациясы

  6. Жинамалы темірбетонды ғимараттар конструкциясының монтажы

Дәрістің қысқаша мазмұны

Дайындалған кезеңде кешендік құрылыс-монтаждық және жердік жұмыстары құрылыс алаңында сол сияқты өндіріс алаңында орындалады. Алаңнан тыс жұмыстар құрамына сырт жер асты темір жол, көліктік жолдар құрылысы кіреді, трансформаторлы және бөлінетін подстанциялы электр өткізгіш сымдар, байланыс сымдар,су өткізгіш магистральдар, тазартқыш құралдарымен канализациялы коллекторлар кіреді. Алаң ішіндегі дайындау жұмыстар құрамына кіретіндер: құрылыс алаңын меңгеру және ұйымдастыру жұмыстарын орындау құрылыс оқпандарының планомерлі және рациональды дамуының және барлық тау-кен өндірісін қамтамасыз етеді.

Құрылыс алаңын меңгеру нөлдік циклді жұмыстарды орындаудан бастайды, соған кіретіндер: келесі қолданулар үшін ормандар шабу, өсу қабатын жою, және оның жиналуы;құрылыс алаңының территориясын тазарту және құрылыс процесінде қолданылмайтын материалдарын алып тастауы; жазық және тік планировкамен құрылыс алаңын инжинерлік дайындау, беткейлік судың уақытша жиналған судың қамтамасыз етілуі; инжинерлік коммуникацияны орын ауыстыруы мүмкін, егер оларда сұраным болса,геодезиялық жүйені құру, болашақ құрылыс үшін керекті, аймақтың триангуляциялы жүйесіне байланысты болу, ғимарат остерін бөлу; телефон және радио байланыс, канализация, энерго және сутаратқыш байланыстарын төсеу және траншейлерді қазу; алаң ішіндегі жолдарды тұрақты және уақытша құрылғылары; өртке қарсы су қорын сақтау үшін резервуарлар құрылысы; ғимарат асты фундамент төсеумен транщей және котлаван қазылуы. Нөлдік циклды бір уақытта аяқтау жұмыстары мен жалпы алаңдық ауыл шаруашылық қоймасын құрайды, қондырғылар және конструкцияларды жинау үшін алаңдар құрайды, сутартқыш өртке қарсы алаңының құрылысын қамтамасыз етеді, ғимараттың уақытша және тұрақты құрылысқа жұмыстарды аяқталғаннан кейін нөлдік циклға кіріседі. Дайындау кезеңінде администраторлы комбинат салады, душ, киімілгіш, басқару аппаратурасы үшін бөлмелер қарастырылады.

Карьер құрылысында дайындау кезеңінде құрылыс карьерін басқару және керекті материалдармен ұйым қамтамасыз етеді. Бірінші кезеңде карьер жерін дайындау жұмыстары өтеді, тау-кен күрделі жұмыстарын және ұңғылау жерінде көлдер мен өзендерді құрғатады,темір жол және көлік жолдарын салады, құрылыс материалдардың, қондырғылардың атылғыш заттар, бұрғылық және механикалық жөндеулер рельсті қоймасы, дамба және плотиналар құрастырады, канализация сутаратқыш жүйесін құрастырады.

Дайындау кезеңінің ұзақтығы жер асты және бірінші ретті станциялы жолдың құрылыс уақытын анықтау , құрылыс ұйымдардың басасын, тұрғы объектілер, жөндеу алаңының және аған баратын жолдарды дайындау. Дайындау кезеңінің ұзақтығы өнеркәсіптің өндіріс қуатына тәуелді және әдетте, 4-10 айды құрайды.

Жер беті кешені, тау – кен өндірісінің өндірістік алаңын құрайды, өзіне әр түрлі ғимараттар қосады. Шақты оқпан маңында орналасқан және жерасты қазбаларында үздіксіз жұмыстарды қамтамасыз етеді, сол тәрізді технологиялық жиын және пайдалы қазбаларыд тиеу және өңдеу сызықтары, қоймалық шаруашылықтың ғимараты, административті-көмекші ғимараттар.

Функционалды ғимараттар келесі топтарға бөлінеді:

өндірушілік

көмекші

энергетикалық

транспортты

санитарлы-техникалық

Жер жұмыстары. Шахтаның жер бетіндегі жұмыстары кешенді механизация арқылы жүзеге асады. Кешенді машиналарды таңдау жұмыс көлеміне және өлшемдеріне байланысты болады.

Катлавандар мен траншейлермен, желдету құрылғыларымен, суытқыш блок станцияларымен және су қорымен жұмыс істеу үшін келесі машиналар қолданылады Э-652А, ЗИЛ-ММЗ-555 және бульдозер Д-159Б.

Темірбетондық жинамалы монтаж конструкциясының фундаменттік блок, бағандар, кранасты балкалар, жапқыш және жабылғыш плиталар, ірге мен конструкцияларды қорғайтын монтажын құрады.

Фундаменттер монтажы маячте блоктарды 15-20м сайын бұрыштарына құрудан басталады. Орнатылған блоктарды планда және биіктігіне байланысты геодезиялық құралмен тексереді.

Стропильді және стропильасты фермалар және балкалар «салмақта» әдісімен кран арқылы жөндейді.

Фермаларды транспорттық әдістермен жөндейді бірақ монтаж алдында оларды монтажды кранның жұмыс зонасына орнатады.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы (Тақырып 3,4) [1,5,14,18]

1. Нөлдік циклге кіретін жұмыстарды атап өту.

2. Алаң ішіндегі жұмыстар, олардың сипаттамалары.

3. Алаң ішіндегі жұмыстарын орындау үшін қажетті негізгі механизмдер.

4. Дайындық кезеңінің ұзақтығы.

5. Өндіруші ғимараттар.

6. Жер жұмыстарын орындау үшін қажетті механизмдер.

7. Ғимараттарды салу үшін қолданылатын мантаждық технологиялар.

Дәріс 4.

Тақырып 5 Тік оқпандар құрылысының технологиясы.

Дәріс мақсаты – оқпан аузы, технологиялық шегініс, негізгі бөлік құрылысының негізгі технологиялық схемаларын көрсету, оқпанды жабдықтау сұрақтарын қарасытру.

Дәріс жоспары.

1 Оқпан аузы мен технологиялық шегіністі өту.

2 Оқпандарды өту технорлогиялық схемалары.

3 Оқпандарды өткендегі жұмыстарды ұйымдастыру мен технологиясы.

4 Оқпандарды жабдықтау.